Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет2/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

1-тарау.
 
Балалар психологиясы пәнінің теориялық негіздері
1.1 Балалар психологиясы – бала психикасының даму 
заңдылықтары туралы ғылым
Жоспар:
1. Балалар психологиясының пәні мен міндеттері.
2.Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы 
негізгі түсініктер. 
3. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық 
міндеті.
4. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.
5. Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу. 
6. Жас дамуы мен ерекшеліктері.
Балалар психологиясының пәні мен міндеттері.
Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары 
мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер 
мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық 
ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық 
дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер 
мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және 
мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты 
дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және 
жетілуі 
туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады

Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың 
психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін 
де жан-жақты зерттеп, қарастырады.
Сонымен қатар балалар психологиясының даму заңдылықтарын 
анықтап, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының 
маңызды міндеті.
Балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас кезеңіндегі 
баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді 
іздестіру.
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық 
даму заңдылықтарын, дамудың әр сатысын айқындайтын негізгі 
компоненттерді зерттейді, яғни туғаннан бастап баланың бойының 
өсуі, салмағының артуы, дене прапорциясының өзгеруі. 


6
Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну 
мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз 
баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының 
негізгі міндеті – оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының 
дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс 
бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда
 
тәрбие жұмысының қалай болу 
керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.
Балалар психологиясы педагогикамен және жеке пәндерді оқыту 
әдістемелерімен де байланысады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым және оның негізгі міндеті 
балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, болашақ қоғамда 
өзінше өмір сүруге дайындау. Осы міндеттерді атқару үшін балалар 
психологиясы дамудың жалпы заңдылықтарын оған әсер етуші 
факторларды жан-жақты зерттеп білу мәселесімен шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет