Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі. Бұл әдіс балалар
арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы
әр баланың орнын зерттеген кезде қолданылады. Мектеп оқушыларын
зерттегенде, әдетте оларға: «Сенің туристік жорыққа кіммен бірге
барғың келеді?»; «Сенің кіммен бір шатырда тұрғың келеді?»;
«Сен туған күніңе кімді шақырар едің?»; «Сен кіммен бір партада
отырғың келеді?»; және т.б. сұрақтары бар анкета таратады. Мектеп
жасына дейінгі балаларға мұндай сұрақтар беру дұрыс болмайды.
Әдетте олардың өзара қарым-қатынасын «іс-әрекетті іріктеудің»
көмегімен айқындайды. Бала бақша және мектептегі сыныптарда
балалар арасындағы қарым-қатынасты
социометриялық әдіс арқылы
анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі,
ал ең бастысы - ол тесттер стандартталған болуы керек. Балалар ісінің
қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады.
Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне,
ұлдардың жасаған мүліктеріне, т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-
қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл
байқауға болады.
Сыйлық бөлу ерекше таблицаны –
социограмманы жасауға негіз
болады. Бұл кестеден қай бала топ ішінде беделдірек екені (сыйлықтың
көбірек берілуіне қарап) кімнің қадірі төмендігі, ал қайсысының
құрдастары арасында беделі жоғарылығы немесе жоқтығы көрінеді.
Социограмма, сондай-ақ таңдаудың өзара байланыстылығын көрсетеді
және балалар арасындағы достық туралы немесе осындай қатынасқа
деген ұмтылыс жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуы
саласында социограмма, тесттер сияқты, балалар арасындағы қарым-
қатынастың сыртқы көрінісін ғана береді. Пайда болған үйірсектік пен
ұнатпаушылықтың себептері зерттеудің басқа әдістерінің көмегімен
анықталады.