Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет27/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

жетекші іс-әрекеттермен
қамтылған. А. Н. Леонтьев 
жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет 
аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. 
Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке 
дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші 
іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, 
ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта 
бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді. 
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды. Әрбір іс-әрекет 
психикалық дамуға өз үлесін қосады (мысалы, сурет салу қабылдауды 
және бейнелік ойлауды дамытады). Адам өмірінің жағдайында әрбір 
жас кезеңінде ол белгілі бір іс-әрекетті меңгеру арқылы қарқынды 
дамуға мүмкіндік алады: нәрестелік кезеңде – анасымен тікелей-
эмоционалды қатынас, сәбилік кезеңде – заттармен манипуляция 
жасау, мектепке дейінгі жаста- құрдастырмен ойнау, бастауыш мектеп 
жасында – оқу іс-әрекетінде, жеткіншектік кезеңде – құрдастарымен 
интимді-тұлғалық қатынас, жасөспірім кезде – болашақ кәсіпке 
бағдарлану, жастық кезеңде – таңдаған кәсібін меңгеру және отбасын 
құру. Егер қандайда бір іс-әрекет бала үшін тартымды болса, бұл оның 
тұлғасының қалыптасуында көрініс береді.
3. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас 
кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол 
қасиеттерге сүйене отырып жас кезеңдеріне топтастырады. 
Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты 
ортада өсімдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту. 0-ден 
2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз 
ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде 
емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен 
дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);


62
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі 
олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің 
алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл 
тамақтандыруға деген рефлекс.
Танымдық дүниенің дамуы.
Дүниеге келген кезде көру және есту 
анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму 
үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы.
Үштен жеті аптаға дейінгі жаста 
балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын 
адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген 
әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл 
баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы бір қалыпты 
болмайды. Бұдан біз жас кезеңдерінің біршама баяу, бірте-бірте 
өзгеретінін және балада ұзақ уақыт бойына ылғи бір психикалық 
кейіптің ерекшеліктерінің сақталатынын, сол кезеңде секірмелі 
өзгерістің болатынын, сонымен қатар бұрынғы психикалық 
ерекшеліктер жойылып, жаңа бір психикалық ерекшеліктердің 
қалыптасуына байланысты кейде баланың қоршаушы орта үшін 
танымастай өзгеретінін байқауға болады. 
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты 
даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей 
ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған 
қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.
Осы уақытқа дейін баланы жас кезеңіне бөлу әр түрлі жүзеге 
асырылған. Мысалы, педалогия ғылымының өкілдері баланың жас 
кезеңін биологиялық факторлар бойынша ажыратқан мысалы, тісінің 
ауысу сипаты, тіс жаруы, тіс шығуы, т.с. әрине бұл негізінде дұрыс емес. 
Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің 
тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда 
баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 
дағдарысты кезеңге бөлуге болады.
1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас 
ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1. Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы 
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2. Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;


63
3. Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4. Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5. Жас өспірім 12-15 жас;
6. Жастық кезең 15-18 жас. 
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ 
балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды. Жас шамасымен 
жас кезеңінің арасында мынадай байланыс бар. Қандай болмасын 
тіршілік иесі: өзіміз бақылап көретін өсімдіктер насекомдар, құстар, 
сүтқоректілердің өсіп дамуына бақылау жүргізсек, белгілі бір 
уақыт аралығында бір жүйелілікпен көптеген сапалы өзгерістердің 
болатындығын атап өту қиын емес. Мысалы, жерге еккен дән белгілі 
бір уақыт аралығында өседі, сабағы пайда болады, кешікпей гүл түйсігі 
пайда болады. Бұнда жаңа кезең осыдан белгілі бір уақыт аралығында 
гүлдің қауызы ашылып, одан гүл шығады, бұнда өсімдіктің жаңа кезеңі 
басталады. Сол гүл белгілі бір уақытқа жеткен соң солып қалады да, 
жапырақтары солып жеміс пайда болады. Өйткені барлық тірі организм 
осылайша бірдей даму жолынан өткен соң әрі қарай өзінше дами 
береді. Ғалымдар баланың да даму үдерісін тура осындай белгілі бір 
кезеңдерден жүйелі түрде өтетіндіктерін анықтап ғылыми тұрғыда 
дәлелдеді. Мысалы, белгілі бір кезеңдердегі сөйлеуі мен қабылдауының 
дамуын психолог В. Штерн, ойлаудың дамуын Ж. Пиаже, ақыл-ойының 
дамуын П. Я. Гальперин т.б.анықтаған. Осы кезеңдердегі дамуының бәрі 
оқу әрекетінің негізінде қалыптасады. Бала жасын кезеңдерге бөлудің 
жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған, екіншіден, психология 
ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді 
жабайы өмір тұрғысынан дәлелдеген Г. Гете мен Л. Н. Толстой болды. 
Л. Н. Толстой бөбек пен жеткіншек балалардың балалық және ересек 
туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған 
болатын.
Әдетте, жасты кезеңдерге бөлу мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас 
кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер 
бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, 
сол жас кезеңдеріне тән ақыл-ой жағынан белгілі бір дәрежеге жетуі. 
Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия 
мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші жас 
кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. 
Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын-ала 
күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін көсету үшін әдейі даярланады. 
Той өтіп, баланы жігіт деп атағаннан кейін, оған сенім білдіріп, 
үлкендермен бірге игілікті істерді өндіруге не жауға қарсы шығуға 
бірге аттанатын болыпты.


64
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. 
Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде 
болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті 
төменгі дәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы 
тайпаларда балаларды материалдық игіліктерді өндіруге ерте жасынан 
жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың 
өзіне тән хронологиялық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы 
дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. 
Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы 
кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір 
айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің 
туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі 
болып келеді.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай 
жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне 
орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. 
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 
0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет