4. Жас кезеңдерге бөлу теориялары
Жоспар:
1. Л. С. Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері
теориялары
2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы
3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір
қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу,
бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның
орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап,
кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп
кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді
дагдарысты даму дейміз.
Бұл жас дағдарыстары шамамен бірдей
жағдайда тұрған жас шағынан шамалас балалардың барлығында пайда
болады да, балалық шақтың бірнеше жас шағына қарай кезеңдерге
бөлуге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін баланы әртүрлі кезеңдерге
бөлу әртүрлі жүзеге асырылған. Мысалы: педагогия ғылымдарының
өкілдері биология ғылымдарының факторлары бойынша ажыратқан.
Мысалы: тісінің ауысу сапасына қарап, тіс жару кезеңі, тісінің шығу
кезеңі т.с.с. Бірақ бұл дұрыс емес. Қазіргі психологтар мен педагогтар
баланы туғаннан бастап, нәрестенің тіршілік етуіне байланысты
өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда баланы туғаннан
мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты
кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші
жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды.
Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс
емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден
ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа,
бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді.
59
Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және
қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л. С. Выготскийдің
жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)
- 17 жас дағдарысы.
Жасына, немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не?
Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі
жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген
көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсалютті
болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым
психикалық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен
байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың
жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П. П. Блонский мен Л.
С. Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи
даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың
мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы
дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі
болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке
басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген
өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі
бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп
қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және
дамудың жалпы заңдарының одан әркез өзіндік көрініс табуымен
анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде
болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі
қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен
анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын
талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынасының мәнісі,
әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру
тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың
жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері
де енеді.
60
Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға
тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай бірі
бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне
байланысты әр балаға обьективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы
және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін
анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас, өзгеріс, келесі
жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас
келеді.
Сонымен жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын
талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның
айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың
жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен,
білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық
ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың
даму деңгейі білімдері, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі
арасындағы байланысы анықтайды. Д. Б.Эльконин көрсеткендей, даму
процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі
жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін құрайды. Осының
бәрі баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек,
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне
негіз болады.
Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту
формаларының өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын
анықтайтын маңызды фактор болып табылады.
Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы
мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы мен мазмұнын
айтарлықтай өзгертеді. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекеттерінің
алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс-әрекеттерінің неғұрлым
жоғары дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде кезеңдерге
бөлу жиірек қолданылады. Мектепке дейінгі шақ ерте сәбилік, сәбилік,
естиярлық және ересектік жас кезеңдері болып бөлінеді.
Жалпы жас сипаттамасының орташаланып алынғанын есте ұстаған
дұрыс. Педагогикалық жұмыста балалардың жас ерекшеліктерімен
қоса, бір жас тобындағы балалардың өзінде елеулі айырмашылықтар
болатынын және олардың дара ерекшеліктерін де ескеріп отыру қажет.
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін
жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек.
Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты.
Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде
61
өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан
өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан
өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі
дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады.
Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде
болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы
өзгерістер
Достарыңызбен бөлісу: |