65
дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді
зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.
1. Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;
2. Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1
жасқа дейін;
3. Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;
4. Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;
5. Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас
(қыз балалар);
6. Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12
жастан 15 жас (қыз балалар);
7. Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-
20 жақа дейін (қыз балалар);
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін
нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының
жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып
отырады.
Баланың дамуы психологиялық
заңдылықтарды қамтитынын
төменгі бағыттар бойынша түсіндірді:
- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа
уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір
ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында
сапалық
өзгерістер болады;
- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып
толықтырылып отырады;
- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті
қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың
құрылымы жүйелі және мағыналы болады;
- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы
сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.
Сонымен қатар бала дамуының
параметрлерін өлшеу келесі
бағыттарды қамтиды: Оларға, даму жолы; талаптары; қайнар көздері;
даму формасы; даму спецификациясы; дамуға итермелейтін күші.
Осы мәліметтерді негізге ала отырып Л. С. Выготский жас ерекшелік
кезеңдерін жоғарыда көрсеткен топтарға бөлді.
Л. С. Выготский психикалық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесіне
ерекше мән берген.
Берілген мәселені талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді
анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының
кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа
бөледі:
66
1. Бірінші топ биогенетикалық
заңға негізделген, осыған сәйкес
онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері
ретінде қандай да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий
ұсынылады және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған
белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады,
себебі даму барысында
бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің
мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар
дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай
жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана
өсіп, ұлғаяды).
Л. С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі
ретінде анықтайды және де ол,
ең алдымен, алдыңғы сатыларда
болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін
сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың
мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке
алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы – тұлға мен оны қоршаған
әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: