Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет36/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бағдарлау рефлексінің
дамуы көру мен есту қабілетінің 
жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар 
тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы 
және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған 
кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, 
белсенді сипат алады.
Организмнің сыртқы орта ықпалына жасайтын реакциясы шартсыз 
немесе шартты рефлекстер түрінде болады.
Жаңа туған балада тек шартсыз рефлекстер, мәселен, ему рефлексі 
болады. Бала туған соң егер оның еріндеріне қол тигізсек, бірден еме 
бастайды; өткір жарыққа көзін жыпылықтатып, сығырайтады; егер 
оның табанын қытықтасаң тартып алады (қорғаныш рефлексі).
Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы 
туғаннан болмайды, ол белгілі бір қайталанып отыратын жағдайларда 
қалыптасады. Алғашқы шартты рефлекстер ерте пайда болады. Емшек 
еметін 2 апталық бала еметін уақытында қолға алынса, ему қимылдарын 
жасай бастайды.
Егер баланың ему кезіндегі қалпын өзгертсе, мәселен оны алдыға 
отырғызып, емізсе, онда біршама уақыт өткеннен кейін кеудеде 
жатқанда ему қимылдары болмайды.
4-6 апталық шақта барлық рецепторлардың шартты рефлекстері 
қалыптасуы мүмкін. Шартты рефлекстер уақытша сипатқа ие, олар 
организмге қажет болған кезге дейін ғана өмір сүреді. Шартты 
рефлекстер бас миының қабығында пайда болады, демек ол қашан 
жеткілікті дамыған кезде қалыптасуы мүмкін.
Сезім мүшелері
Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы 
қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі. 
Шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының 
толысуынан басқа, есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, мен түйсіну балада 
жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.
Көру.
Жоғарғы жүйке қызметінің дамуына көру зор рөл атқарады. 
Баланың жаңа туған кезеңінің өзінде өткір жарыққа қорғаныш рефлексі 
болады (көз қарашығын сығырайту) және көзге қол тигізгенде көзін 
жыпылықтатады немесе жұмады) Көз қимылдататын бұлшық еттерінің 
әлсіздігі әсерінен көздің қылилығы байқалады, ол 3-4 аптада жойылып 
кетеді. Затты жақын қашықтықта екі көзбен қарау қабілеті балада 
өмірінің алғашқы жарты жылының аяғына қарай пайда болады.
Көз гигиенасы
. Көздің қылилануын болдырмау үшін баланың 
назарын тартатын ойыншықты дәл кеудесінің үстіне іліп қоюы керек. 


85
Баланың кереуеті жарық алдыңғы жақтан түсетіндей болып қойылуы 
тиіс, бұл да көздің қыли болуынан сақтайды.
Баланың көзін аурулардан, жарақат пен шаңнан сақтау қажет: оның 
өз сүлгісі мен жастығы болуы тиіс, Көзді қолмен немесе пайдаланған 
бет орамалмен ешуақытта сүртуге болмайды. Егер тәрбиеші-күтуші 
баланың көзін сүрткенін байқаса, қабағы қызарса немесе көзі іріңдесе, 
көзді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен, бор қышқылымен 
немесе қайнаған сумен жуып, баланы дәрігерге көрсету керек.
Есту.
Жаңа туған баланың есту қабілеті әлсіз, бірақ өте қатты 
дыбысты естиді және егер күшті шу шықса емуін тоқтата қояды. Есту 
дабыл қуысындағы шырышты сүйықтың таралу дәрежесі мен оның 
ауамен толуына қарай біртіндеп жақсарады. Есту мен көздің арасындағы 
үйлестік біршама ерте пайда болады. Тіпті 2 айлық бала басы мен көзін 
дыбыс шыққан жаққа бұра бастайды.
Құлақ гигиенасы.
Баланың сыртқы дыбыс саңылауы шеміршекті 
және тері бөліктен тұрады, ол нәзіктігімен ерекшеленеді, онда тітіркену 
мен жарақат тез пайда болады. Мұндағы бездердің бірі құлақты шаңнан 
қорғайтын құлық бөліп шығарады, оны әлсін-әлсін кептіріп отыру 
керек.
Жұтқыншақ мұрынмен жалғасатын евстахи түтігі қысқа әрі кең 
болады, соның салдарынан балаларда көбіне ауыз қуысы арқылы 
иңфекцияның енуінен ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады. 
Осыған орай тамақтан кейін баланы ауыз шаюға үйрету, ал өте 
кішкентайларға жиі-жиі қайнаған су ішкізу қажет.
Үнемі болатын шу балалар құлағының естуіне зиянды әсерін 
тигізеді, өйткені күшті дыбыс дабыл жарғағына недәуір қысым 
жасайтындықтан, ол өзінің икемділігін жоғалтады. Бұл дыбысты 
қабылдаудың әлсіреуіне әкеп соғады.
Режимді ұйымдастырғанда шулы ойындарды ақырын, тыныш 
ойындармен кезектестіріп отыру қажет.
Дәм.
Дәм сезімі ауыз қуысынын, шырышты қабығындағы ең 
алдымен тілдегі бүршіктер арқылы қабылдайды. Дәм сезу тіпті жаңа 
туған баланың өзінде недәуір жетілген, олар тәттіні ынталана сорады, 
ал керісінше қышқыл мен ащыға бет-аузын тыжырайтады, соруын 
қояды, жылайды.
Иіс сезімі.
Иіс мұрын қуысының жоғарғы бөлігіндегі шырышты 
қабықта орналасқан иіс сезімі клеткалары арқылы қабылданады.
Жаңа туғандардың иіс сезімі дәмге қарағанда недәуір нашар 
жетілген, алайда өмірінің бірінші аптасында балалар иіске белгілі 
әсер етеді, мұны баланың қимылынаң, демалысы мен қозғалысынан 
байқауға болады.


86
Терінің сезімталдығы.
Бұл теріге тиюден (сезіну) жылу немесе 
суықтан, аурудан тітіркенгеннен болатын күрделі қабылдау. Бұл 
тітіркенудің бәрі теріде орналасқан сезімтал нервтердің арнаулы 
ұштары арқылы қабылданады.
Сезім тіпті ең кішкене балаларда да болады. Олардын алақаны, 
табаны мен беті өте сезімтал келеді. Терінің температураны сезінуі 
ауруды сезіну сияқты, жақсы дамыған.
Сезім мүшелері сыртқы ортадан орталық нерв жүйесіне сигнал 
беретін бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бұл жүйе жануарларда да 
бар. Адамда, бұдан басқа, екінші сигналдық жүйе бар. Сөйлеуді осылай 
атайды. Екі жүйе де өзара әрекет үстінде болады. Адамдағы шартты 
рефлекстер көру, есту немесе басқа қабылдағыш мүшелердің тікелей 
тітіркенуінен ғана емес, сондай-ақ оларды белгілейтін сөздерден 
де пайда болады. Сөйлеудің қалыптасуы – бала өмірінің алғашқы 
айларында-ақ басталатын күрделі үдеріс.
Баланың жетілуіне қарай сезім мүшелерінің қызметі жетіледі; 
ми қабығының қыртысы дамиды, жоғарғы нерв қызметі мен баланың 
сөйлеуі барған сайын күрделене түседі.Бұл процестер бір мезетте 
жүреді, алайда недәуір дәрежеде баланың жетілуі, оны қоршаған 
сыртқы ортаға, оны тәрбиелеуді үйымдастыруға байланысты.
Толық жетіліп туған балада тері астындағы май қабаты өмірінің 
алғашқы 6 айында күшті ұлғаяды. Алайда тері астындағы майдың 
шамадан тыс шөгуі бала денсаулығының көрсеткіші болмайтын артық 
зат.
«Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы
.
Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды 
қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада 
діріл түйсігі арқылы есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы.
Үштен жеті аптаға дейінгі жаста 
балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын 
адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені»
балада алғашқы қарым-қатынасқа деген 
әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл 
баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері 
көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың 
қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде 
қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты 
(жадырау комплексі) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет