87
қимыл реакциясы қалыптасады.
Жандану кешені
қол мен аяқтың екпінді
қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген
адамның бетіне тесіле
қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің
жандану кешені
пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы нәрестелік кезеңнің басы деп
есептеледі. Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан
физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда тікелей
байланысты. Ол өзінің қажеттілігін дербес қанағаттандыра алмайды.
Нәресте оған қамқор болатын
анасының дауысына еліктейді, оның
бетін көріп, көзін анасының жүзіне тақатып қарайды,
қолын созады,
аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады және күле бастайды.
Бұл
эмоционалды реакция
жандану кешені
деп аталады. Жандану
кешені адамдық ерекшеліктерге ие, яғни күлу, қарым-қатынасқа түсу
қажеттілігін көрсету. Балада туған бойда
ересек адамға тән мінез-
құлық түрі болмайды. Дегенмен, мінез-құлықтың
кейбір қарапайым
формалары - шартсыз рефлекстер балаға туа бітеді де,
олар баланың
аман өсіп жетілуі, онан әрі психикалық дамуы үшін де өте-мөте қажет.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін
баса білуден көрінеді.
Нәрестенің 2-айдан 1 жасқа дейінгі
нәрестелердің анатомиялық
физиологиялық дамуының негізгі жетістіктері физикалық дамуы. Олар
төмендегідей:
1. Қамту және манипуляциялау.
Қамту – бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау – бұл өз
ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамту мен манипуляцияның
рөлі жаңа жетекші іс-әрекет – заттық-қарулық іс-әрекетке дайындалу.
2. Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі;
оның рөлі – жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.
Дамудың әлеуметтік жағдайы
– үлкендерге толықтай тәуелділік,
ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Нәрестенің жаңа құрылымы
– қарым-қатынасқа деген қажеттілік.
Жетекші іс-әрекет -
эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды,
тікелей қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: