Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


-тарау. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың



Pdf көрінісі
бет32/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

2-тарау. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың 
танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері
1. Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама
Жоспар:
1. Нәрестелік және бөбектік кезеңдегі баланың анатомиялық және 
физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама
2. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз 
рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс
3. «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы
4. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы 
сөздері, нәрестенің ересектермен сөзін түсініп, тілдік қарым-қатынас 
жасауының мәні. 
Нәрестелік және бөбектік кезеңдегі баланың анатомиялық және 
физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама
Жаңа туған нәресте және оның күтімі
Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты 
іңгәлаумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе 
өз күш-қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен 
кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.
Толық жетіліп туған баланың орташа салмағы шамамен алғанда
3000-нан 3500 грамға дейін, бойы 50-52 см.аралығында (қазіргі кезде
салмағы мен бойы неғұрлым жоғары балалар жиі туып жүр) өзгерістер 


76
болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см-ге, ал кеуденің шеңбері 
30-32 см-ге тең болады.
Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен, 
оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% 
артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ әлі де 
жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Өйткені оның сүйегінде әлі де 
бор мен тұз қышқылы жеткіліксіз, бұл организмнің үздіксіз дамуына 
байланысты болатын үдеріс. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене 
мүшесі мен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің 
жетіліп дамуы бірте-бірте артады. Мысалы, 1 айлығында ер баланың 
салмағы 3 кг 900 г, бойы 54 см болса, қыз баланың салмағы 3 кг 500 г, 
бойы 52,4 см. Ал 6 айлығында ер бала 6 кг- 900г бойы 65,8 см, қыздар 
6 кг 700 г бойы 64,8 см. Миының салмағы жаңа туған балада 380-390 г 
болатын болса шамамен алғанда үлкен адамның миының салмағынан 
3-4 есе кем. Бір жастың соңында 2 есе артып, 780-800 г болады. Әсіресе 
осы кезде миының салмағы күніне 1 гр қосылғанда 1 айда 30 гр салмақ 
қосады. Баланың дүниеге келуі организмге үлкен әсер етеді. Яғни ана 
организміндегі даму мен өсу тіршілігінен басқаша екінші бір әртүрлі 
жиі ауыспалы тітіркендіргіш әсер ететін ауалық ортаға келеді. Жаңа 
жағдайда бала организмін іштен туа біткен механизмдері қамтамасыз 
етеді. Оның нерв системасы сыртқа артып белгілі бір мөлшерде 
бейімделіп туады. Сөйтіп бала туа салысымен қан айналу системасы, 
тыныс алу органы сияқты негізгі организм жүйелерін қамтамасыз 
ететін рефлекстер іске қосылады, өз жұмысын атқара бастайды.
Бала туған сәтінен өкпемен демала бастайды және қай айналымының 
қайта құрылуы жүреді. Көп кешікпей ему қимылы мен ас қорыту пайда 
болады, бөліп шығару органдары жұмыс істей бастайды. Бала өмірінің 
 
алғашқы 3-4 аптасында (нәресте кезең) кіндік қалдықтары жойылады 
және кіндік жарасы жазылады.
Алайда жаңа туған нәрестенің сыртқы орта жағдайына бейімделуі 
шамалы болады, өйткені оның орталық нерв жүйесі әлі де дамымаған. 
Нәресте бұл кезеңде күтім мен тамақтандыру уакытының бұзылуына 
сезімтал келеді және ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Емшектегі кезең салмақ пен бойдың тез қарқынды өсуімен 
сипатталады

сондықтан нәресте құрамында белоктың, майдың, көмір
сутегі мен басқа заттардың мөлшері жеткілікті тамақты керек етеді. 
Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі 
шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, 
сондықтан оны
дұрыс тамақтандыру қажет.


77
Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір 
дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларда қимыл 
қалыптасады, сөйлеу элементтері пайда болады, сондықтан оны дұрыс 
тамақтандыру қажет.
Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуында да өзіндік 
ерекшеліктері болады. Шамамен алғанда, күні жетіп туған баланың 
салмағы 3000-нан 3500 грамға дейін және одан да көп ауытқиды. Кейбір 
жағдайларда ана үшін бала көтеру қолайсыз болса, (ананың ауруы, 
жүктіліктің ұзаққа созылған токсикозы, жұғымсыз тамақ) күні жетіп 
туғанмен баланың салмағы мен бойы өте төмен болып туады.
Туғаннан кейінгі алғашқы 3-5 күнде баланың салмағы шамамен 150-
300 г төмендейді. Оны салмақты фи зиологиялық жоғалту деп атайды. 
Бұл өмірінің алғашқы күндерінде баланың жеткілікті тамақтанбауына, 
денесінен және сондай-ақ өкпесі арқылы сұйықтың жоғалуына 
байланысты. 4-5 күннен бастап дені сау жаңа туған баланың салмағы 
өсе түседі. 4-5 айлығында ол екі есе, ал 11-12 айға қарай үш есе артады. 
Салмағы орта есеппен алғанда алғашқы жарты жылдықта айына 6-

г, екінші жарты жылдықта 500-600 грамм қосылады. Осыған қарап, 
өмірінің алғашқы жылында бала салмағының шамамен қандай болуға 
тиісті екенін оп-оңай анықтауға болады. Мәселен, туғандағы салмағы 
3500 г болған бала 4 айлығында 3500+(7.00X4)=6300 г болуы керек. 
Салмақтың ұлғаюы әрқашан көрсетілген схемамен жүре бермейтіні 
түсінікті, ол баланың тәрбиелеу жағдайымен және оның организмінің 
жеке ерекшелігіне байланыеты.
Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, 
бұл айына 200-250 грамм шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ 
қосу бұдан да баяу бо лады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 
жасқа қарай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе өседі, яғни 
бала 20 кг-ға жуық салмақ тартады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас 
шеңберінің деректері 1, 2-таблицаларда келтірілген.
Баланың өсіп-жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған 
салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың 
салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ 
туралы мәліметтерді медбике өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, 
салмақтың қисық өсуін өте көрнекі етіп, сызып көрсетуі керек. 
Баланың диетасындағы кез келген кемшілік, күтіміндегі жетіспеушілік 
пен аурулар салмақтың баяу өсуіне немесе оның төмен түсуіне себепші 
болып, салмақтың қисық сызығынан тез көрінеді.
Яслилерде алғашқы жарты жылдықтағы балаларды аптасына 2 
рет өлшейді, 6 айдан 1 жасқа дейінгі бала ларды аптасына бір рет, бір 


78
жылдан кейін айына 1-2 рет өлшейді. Салмағы өсу жағынан артта 
қалған баланы, басқа көрсеткіштерін көрсете отырып, қажет кезінде 
өлшеп отырады.
Дененің бойлай өсуі де салмақтың өсуі сияқты недәуір көп ауытқып 
отырады, ол баланы тәрбиелеу жағдайына, режимі мен тамақтануына 
және басқаларына байланысты болады.
Күні жетіп жаңа туған бала денесінің ұзындығы 50-52 см 
шамасында. Алғашқы жылы бойы туғандағы бойының жартысына, 
яғни 22-25 см-ге (шамамен бірінші жарты жылда 15 см, екінші жарты 
жылдықта 10 см) өседі. 4-5 жаста баланың алғашқы бойы әдетте екі 
есе (100 см) өседі. Жыныстық жетілу кезеңінің аяқталуына байланысты 
(18-22 жас) бойдың өсуі тоқталады (Бойды бой өлшегіштің көмегімен 
өлшейді). Емшектегі балаға арналған бой өлшегіш бойды жатқан 
күйінде өлшеуге ыңғайланған. Бой өлшегіш столдың үстіне қоятын 
жалпақ тақтай тәріздес. Оған перпендикуляр екі жұқа тақтай қойылған, 
олардың біреуі қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісін тақтайды 
бойлай жылжытуға болады. Тақтай қапталынан сантиметрге бөлінген. 
Бала өлшеген кезде басы қозғалмайтын, жұқа тақтайға дәл тиіп 
жатқызылады.
Созылған аяқтың табанына жылжымалы тақтайшаны тақайды 
және белгіленген бөліктерге сәйкес баланың ұзандығын анықтайды.
½ жастан асқан баланың бойын өлшеу тік бой өлшегішпен 
жүргізіледі. Баланы бой өлшегіштің алаңшасына ол тік қалыпта үш 
нүктесімен – арқасымен, бөксесімен және өкшесімен тиіп тұратын 
қалыпта тұрғызады, бұл жағдайда басының еңкейіп қалмауына көңіл 
бөледі. Бой өлшегіштің жылжымалы тақтайы басқа тірелгенше төмен 
түсіреді, бойын шкаламен өлшейді.
Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 
жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде 
өлшеу керек.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет