13
қатынаста
тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К. Д. Ушинский, – ол ең
алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс». Педагогиканың
негізгі міндеті – балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету,
қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Бірақ бұл міндетті орындау үшін дамудың
жалпы
заңдылықтарын, оған әсер ететін түрлі жағдайларды, педагог
қолданатын тәрбие құралдары мен әдістерін білу қажет.
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық
дамуын, психологиялық дамудың
әрбір сатысын сипаттайтын
негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін,
салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв
жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін,
оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене
отырып
зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: