29
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тесттік тапсырмалар әдеттегі
іс-әрекеттер, ойын, құрастыру, құрау түрінде жасалады. Ақыл-ойдың
дамуын тексеруге тестті қолдану, осы дамуға әр түрлі жағдайдың
тигізетін әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Тесттер ғылыми зерттеулерден басқа практикалық мақсатта
да кеңінен қолданылады. Ақыл-ой дамуын анықтауда тесттерді
практикалық мақсатта қолданады. Тесттер ақыл-ой дамуының маңызды
көрсеткіштерін айқындауға құрылса және тесттік зерттеулердің нәтижесі
баланың келешек тағдырын шешу үшін емес, тек осы дамуымен алғаш
таныстыру үшін қызмет етсе ғана өзін ақтаған болып есептеледі.
Сондай-ақ интеллектуалдық даму деңгейін анықтау мақсатында да,
ақыл-ой сынақтарын жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: