Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
эксперименттер  арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай 
болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.
Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған 
бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар 
қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның 
жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.
Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң 
бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). 
Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында 
зерттеуге 
мүмкiндiк 
бередi. 
Психологиялық-педагогикалық 
эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» 
зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және 
кейiнгiсiн суреттейдi.
Психологиялық 
зерттеудің 
әдісі 
болып 
табылатын 
қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 
жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін 
қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. 
Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа 
үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі 
ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: 
психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың 
қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын 
болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы 
нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.
Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде 
әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-
сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін 
жүзеге асыру
Балалар қабылдауына арналған бақылау мен эксперименттерден 
олардың мектепке дейінгі шақта заттардың түрін жекелеп бөлек-бөлек 
қабылдай алмайтыны, яғни оның нендей бөлшектерден тұратынын
олардың қалай орналасқанын айыра алмайтыны бұрыннан белгілі. 
Мектеп жасына дейінгі бала не заттың жалпы құрылымына, не оның 
жеке бір бөлшегіне көңіл бөледі де, оны қалған бөлшектерімен 
байланыстыра қарамайды. Заттың түрін жекелеп бөлек-бөлек қабылдау 
үшін оны ойша әр бөлшектен қайта құрып шыға алатындай, оның ішкі 
моделін жасайтындай болуы керек. Ал бала бұған қажетті іс-әрекет 
жасай алмайды. Егер бұдан кейін де ол әр бөлшекті бөлек ұғынатын 


27
болса, онда ол қабылдаудың жаңа типін – моделдеуші іс-әрекеттерді 
игергені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет