Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен
байланысы
Балдырған психикасының дамуын зерттеген кезде бала 
психологиясы кейбір басқа да ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады 
және өз кезегінде, олар үшін маңызды мәні бар материал беріп тұрады.
Сонымен бірге баланың дамуын, әсіресе баланың өзін қоршаған 
дүниені қалай танитынын мұқият зерттеу адамзат танымының жалпы 
табиғатын терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму 
психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын 
зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, 
жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың 
бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана 
мүмкін болады. 
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен 
физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен 
жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып 
отырады. Жүйке жүйесінің дұрыс жетіліп жұмыс істеуі – психикалық 
дамудың маңызды шарты. Психика органы болып табылатын мидың 
жұмысын жетілдірмейінше психикалық даму жалпы мүмкін болмас еді. 
Психолог мұндай жетілдірудің қалай жүзеге асатынын білуі тиіс.
Жоғарғы жүйке жүйесінің қызмет құрылымы бойынша жүйке 
жүйесінің жетілуі, ішкі секреция бездерінің қызметі, ондағы 
өзгешеліктерді анотомия мен физиология ғылымының негізіне сүйене 
отырып зерттейді. Балалар психологиясы жалпы психологияның 
құрамды бір бөлігі. Баланың психикасының даму заңдылықтарын 
зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми 
мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар 
дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын 
дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді. 
Дамудың жалпы заңын білу бала психологиясын зерттеуде дұрыс жол 
табуға, дүниеге келген тіршілік иесінің қоғам мүшесі болып қалай 
дамитындығын айқындауға көмектеседі. Ал, жалпы психологиямен 
байланысты дейтін себебіміз, ересек адамдардың психикасының қалай 
қалыптасып, дамитындығын білмейінше, балалар психологиясы ілгері 
баса алмайды.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми 
негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-


13
қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К. Д. Ушинский, – ол ең 
алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс». Педагогиканың 
негізгі міндеті – балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, 
қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Бірақ бұл міндетті орындау үшін дамудың 
жалпы заңдылықтарын, оған әсер ететін түрлі жағдайларды, педагог 
қолданатын тәрбие құралдары мен әдістерін білу қажет. 
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық 
дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын 
негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, 
салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв 
жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, 
оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып 
зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет