17
2-тапсырма.
Мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?
Зерттелушінің сезімін анықтау мақсатымен оған қорқынышты
суреттер көрсетіледі де, сол кезде терінің астында болып жатқан
өзгерістер электрондық аппараттармен зерттеледі.
3-тапсырма
Не себептен балалар салған суреттер зерттеуші үшін бала психикасы
жайында бағалы материалдар болып табылады?
Балалардың салған суреттерін қалайша зерттеуге болады?
Өзіңіз зерттеген мәселенің жоспарын жасаңыз.
4-тапсырма
Баланың ақыл-ойының даму деңгейін анықтау үшін қандай тестерді
пайдалануға болады?
Достарыңызбен бөлісу: