Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Балалар психологиясының пайда болу тарихы, теориялары



Pdf көрінісі
бет3/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Балалар психологиясының пайда болу тарихы, теориялары 
туралы негізгі түсініктер
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі 
бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық 
шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі 
психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың 
аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін 
қалаған – неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде 
тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді 
жүзеге асырды. В. Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала 
психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек 
болды. Бала психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық 
дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың 
жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы 
үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, 
психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында 
баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 
үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды 
(биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы 
баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын 
қамтиды.


7
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының 
даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне 
енген үлкен бір жаңалық болды. XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған 
эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес 
органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Өйткені 
ол психикалық өмір эволюцияның нәтижесі деп танылды. Мұның 
өзі ғылымға баланың әр жас кезеңіндегі психологиялық даму 
өзгешеліктерін бақылауға мүмкіндік туғызады. Бұл жөнінде Чарлз 
Дарвин Ламарк жұмыстарының маңызы ерекше болды және ол 
бақылаулар бала психикасының дамуы мен ойлау әрекеті туралы 
ғылымның бастапқы жаңалықтары болды.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-
1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін 
құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі 
тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика» 
«Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық 
ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо 
баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу 
негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын 
дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай
ұйымдастыру. Өйткені үлкендер мен ересек балалар барлық уақытта 
мектеп жасына дейінгі балаларды түсіне бермейді. Бала ақылының, 
ықылас тілегінің сезімінің өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан 
баланы барлық уақытта бала деп қарауға болмайды. Үлкендердің көңіл 
бөлмей, қалай болса солай араласуы баланың табиғи дамуына керісінше 
зиянын тигізуі мүмкін. 
1746-1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде 
үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол 
кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының 
рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін 
басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап 
етті. Г. Пестолоций танымның басталар сәті танымдық қабылдау деп 
есептеді де, баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды 
талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы 
көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар 
да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В. И. Татишев өзіндік ақылдың даму 
көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп 


8
атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. 
Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып 
есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас 
кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В. И. Татищев болды.
Тәрбиелеудің бұл идеясын ары қарай жалғастырып, адамгершілік 
сапасын жүйелі түрде қалыптастыруды қолдаған Н. Новиков болды. 
Ол 1744-1818 жылдары ақыл-ой адамгершілік мәселелеріне және 
эмоциялық сезімдік мәселелерге жол ашып көрсетті. Н. Новиков 
баланың ақыл-ой, эстетикалық сезімнің, адамгершілігінің дамуы 
қоршаған ортадағы заттарды қабылдап, айналасындағы үлкендерге 
еліктеуге байланысты деп сенім білдірді. В. Г. Белинскийдің 1841-
1848, А. И. Герценнің 1812-1870, Н. А. Добролюбовтың 1836-1861, 
Чернышевскийдің 1828-1889 жылдардағы еңбектерінде баланың 
жеке басының қалыптасып дамуы тікелей дене тәрбиесі мен ақыл-ой 
тәрбиесіне байланысты екендігі туралы айтылған.
Бұдан кейін балалар психологиясының дамуына XIX ғасырдың 
ұлы педагог-психолог ойшылдарының еңбектерінің де мәні ерекше 
болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары 
В. Штерн, Э. Мейман, А. Бине, К. Коффка, К. Бюллер, т.б өз 
еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, 
негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі 
қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де 
бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар 
психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, 
А. Ф. Лазурский, А. П. Нечаев, И. Кросногорский, В. М. Бехтерев, Н. 
М. Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі. 
Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық 
функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың 
жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы 
ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері 
жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі 
себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі 
жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының 
дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше 
екенін атап көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына 
И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. 
Мысалы, И. М. Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері»-


9
деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің 
алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын
қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, 
зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін 
көрсетіп берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы 
өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық 
жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш 
рет бағалы материалистік түсінік берді.
Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі 
туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған 
И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский «Адам тәрбиенің тиегі» – деген 
еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының 
басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне 
бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К. Д. 
Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным 
әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.
К. Д. Ушинский баланың сезімдік танымына ерекше көңіл аудара 
отырып, баланың тілінің шығуы, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру 
арқылы адам болып қалыптасады, - деп атап көрсетті. Бала тіл арқылы 
өз ойын нақты бейнелеп бере алады. Қандай еңбекті болса да өз ана 
тілінде барлық ынта-ықыласымсн терең танып бере алады. Сондықтан 
ана тіліндегі еңбектерді оқып беру арқылы тек адамгершілігі мен ақыл-
ой жағынан дамытып қоймай, азаматтығы жағынан дамытуды ескеру 
керек. К. Д. Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы
деп қарастыруға болады.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған 
психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. 
Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. (Қазақ энциклопедиясы, 2-том).
Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. 
Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының 
артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы 
мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару 
өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет