168
6. Жетекші іс-әрекеттердің баланың психикасын дамытуға ықпалы
7. Балада
оқу ынтасының пайда болуы
8. Баланың оқу іс-әрекетін меңгеруі.
1-тапсырма
Алмастың маскүнем әкесі оның көзінше анасын жәбірлейді. Ол
бейнелеу өнері сабағында сүйкімсіз адам бейнесін салды. Тәрбиешінің
«Бұл кім?» деген сұрағына, ол өз әкесін салғанын жасырып, жалтарып
жауап берді: «Бұл маскүнем, арақ ішу - жаман әдет» деді.
Алмастың мінез-құлқындағы негізгі ниетті анықтаңыз.
2-тапсырма
Екі баланың анасы өзара сөйлесіп отыр:
- Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал
менің
Ғалымжанымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза,
ұқыпты
салуды көрсетсем де бәрібір нашар салады.
- Ал, сіз балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?
- Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ оның
сурет салуға қабілеті мүлде жоқ па деймін.
Сұрақ: Ғалымжанның анасының пікірі дұрыс па?
Балалардың
бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға
қалай көмектесуге болады?
3-тапсырма
Балалардың салған
суреттеріне талдау жасап, оған өздерінің
қатысын, ерекшеліктерін анықтаңыз. Баланың
салған суретіне қарай
отырып, оның анасына, әжесіне, әпкелеріне, құрбы-құрдастарына деген
қарым-қатынасын түсінуге бола ма? Суретте бұл қалай көрініс береді?
4-тапсырма
Құрастыру әрекетінің бала психикасының дамуына ықпалы қандай?
Құрылыс материалдары мен құрастырудың бірнеше түрі мен типі
болса да, балалардың құрастыру ісімен кем шұғылданатынын қалай
түсіндіруге болады?
Достарыңызбен бөлісу: