Түрлендiру және информатика түрлендiрушiлері
Алгоритм және ақпаратты түрлендiру 12 сағат
Ақпаратты логикалық түрлендiрушiлер 24 сағат
Шектеулі автоматтар 14 сағат
Цифрлық есептеу машиналары (ЦЕМ) 18 сағат
ЦЕМ үшін программалау 14 сағат
Сигнал және ақпарат
Ықтималдықтар теориясының элементтері 8 сағат
Энтропия және ақпарат 8 сағат
Кодтау және хабарлардың берілуі 8 сағат
Басқару жүйесін құру принциптері 12 сағат
Қорытынды 2 сағат
Осы зерттеуде айқын келтіріліп қарастырылған басқару, автоматтандыру, сонымен қатар ақпаратты сақтау, тарату, түрлендiру мен пайдалану сияқты кибернетикалық категориялар мен ұғымдар кейіннен алгоритмдеу мен программалау негіздерiмен қатар мектеп информатикасы курсының негiзгi компоненттерінің қатарына енгендіктен, атап айтқанда, осы теориялық тұрғыда негізделген, тәжірибелік жұмыс үдерісінде әдістемелік тұрғыдан сынақтан өткен кибернетиканың жалпы білім беру курсының негіздері (қазіргі атымен атағанда – информатиканың) қазіргі мектеп информатика курсының іргелі компоненттерін қалыптастырудың алғы шарттарын жасады деп есептеуге болады.
Математикалық логиканы оқитын оқушылардың оқу бағдарламасына кибернетика элементтерін енгізу бойынша тәжірибе жұмыстары біршама басқа тұрғыда – 1960 жылдардың басында, «факультативке» дейінгі кезеңде Ялта қаласының мектебінде және оқушылардың «Ізденуші» Кіші Ғылым Академиясының базасында В.Н. Касаткиннің басшылығымен жүзеге асырылды [31]. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған жаңа оқу әдебиетінің шығуына және кең таралуына мүмкіндік туғызған бұл бастамалар [33, 34] сәйкес факультативтік курстардың енуіне ғана емес, сонымен бірге, жалпы орта білім берудің мазмұнына кибернетика элементтерін енгізу идеясын белсенді түрде қолдауға да негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |