Бидайбеков Е


Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері



бет82/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108
Байланысты:
treatise13514

7.4 Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері
Оқыту үдерісінің мiндеттi компоненттерiнiң бiрi оқыту нәтижелерiн тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi оқу пәнi бойынша бiлiм беру стандартына сәйкес оқушылардың бiлiмiн меңгеру деңгейiн анықтау болып табылады. Информатика пәнi бойынша бiлiм беру стандартын енгiзуде оқыту сапасын көтеруге бағытталған оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн бағалау және тексеру әдiстемесiне бiрқатар өзгерiстер енгiзiлгенін айта кету керек. Осыларды ескере келе, бiлiм беру стандартына сәйкес “бiлiмдiлiктiң қажеттi ең аз деңгейiн мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, бiлiм алуды жалғастырудың мүмкiн еместiгi”, мұнда оқушылар бiлуi тиiс оқытудың нәтижесiне бiртiндеп жақындайтын төрт деңгей iске асырылады [10]:

  • бiлiм беру аумағы немесе оқу пәнiнiң жалпы сипаттамасы;

  • оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейiнде курстың мазмұнын сипаттау;

  • оқушылардың оқу даярлығына қажеттi ең төменгi деңгейiне қойылатын талаптарын сипаттау;

  • оқушылардың мiндеттi дайындықтары “өлшеуiш” деңгейiн, яғни олардың орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажеттi талаптар деңгейiнiң жетiстiктерiн байқап көру.

Информатикадан қарастырылған стандарт жобасының принциптi жаңалығы оқушылардың мiндеттi дайындықтарының деңгейiн бағалау болып табылса, онда дихотомиялық шкалаға негiзделген («сыналды» – «сыналмады») баға процедурасының негiзiнде критериалдық-бағытталған жүйе қаланады. Осы мезетте стандарттың ең төменгi талаптарынан асып кететiн оқушылардың жетiстiктерiн бағалау, дәстүрлi жүйе аналогын орынды қолдану керек. Осыған сәйкес оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн тексеру мен бағалау дайындықтың екi: мiндеттi және жоғарғы сатысында жүргiзiлуi тиiс. Ол үшiн бақылаудың: күнделiктi тексеруде тапсырмалардың екi деңгейiн қамту, оқыту үдерісінде және емтиханда бақылаудың осындай түрiн бөлiп алу сияқты әр түрлi технологиялары болуы мүмкiн.

Информатика курсы бойынша бақылаудың дәстүрлі ауызша, жазбаша, программалық және тесттік бақылау түрлері қолданылатыны белгілі.

Ауызша бақылау түрі әрбір сабақта оқушының сабақ тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, карточкалар, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады. Педагогикалық ғылымда бақылаудың программалық түрі негізгі орын алады. Информатика курсында программалық бақылауға есептер шығару, бақылау және зертханалық жұмыстар, әр түрлі жоба сызбалар жатады. Программалық бақылау мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Әрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи береді, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болады. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік алады. Бірақ көптеген мектептерде материалдық-техникалық базаның жоқтығына байланысты программалық бақылау көп таратылмаған. Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқушылардың білімін бақылауда кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі – тестік бақылау болып табылады. Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды процедура болып табылады.

Тест – оқушының бiлiмiн, біліктілігі мен дағдысын тексерудiң немесе оқушы бiлiмiнiң белгiлi бiр сапалық қасиетi бар-жоғын тексерудiң ерекше түрi болып табылады. «Тест» (ағылшынша Test-байқау, зерттеу, сынау) - психология мен педагогикада сыналушының бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдысын, сонымен қатар психофизиологикалық және өзiндiк сипаттамаларын стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.

Тест – қысқа жауап беру немесе берiлгендерден дұрыс жауапты таңдауды талап ететiн көп тапсырмалар беруге негiзделген бiлiмдi әдiл және бiрыңғай тексерудi қамтамасыз ететiн оқушы бiлiмi мен iскерлiгiн бақылаудың бiр түрi.

В.П. Беспалько тест тапсырмаларын бiлiмге қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлерге бөлiп, төмендегідей тесттің 4-деңгейін:

I-деңгейдегi тесттер оқушылардың танысу деңгейi, оқушы объектiнi басқа ұқсас объектiлерден ажырата алуы, түсiнiктеме көмегiмен бiлiктiлiгiн тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелiгiне байланысты ажыратуға берiлетiн танымдық тапсырмалар. I-деңгейдегi меңгерудiң сапасын тексеру үшiн төмендегiдей тесттер қолданылуы керек: альтернативтi (тануға бағытталған), таңдап алу (айырмашылыққа), салыстырмалы (классификацияға бағытталған);

II-деңгейдегi тестер оқушының оқу объектiсiнiң қасиеттерi және ерекшелiктерi туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсiну дәрежесiнде қабылдау әрекетiмен сипатталады. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы араласып кеткен құрамды бөлiктерiн орнына қоюға арналған, конструктивтi тестер, есеп жауабын өз бетiнше ойлап шығарылатын есептер жатады;

III-деңгейдегi тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға арналған, яғни оқушылар алған бiлiмiн iс жүзiнде қолданып жаңа ақпарат алуына бағытталған тапсырмалар;

IV-деңгейдегi тестер оқушылардың шығармашылық бiлiктiлiгiн, олардың жаңа ақпаратты қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкiндiгiн анықтауға арналған тапсырмалар деп атап көрсетеді.

Тест тапсырмаларының мынадай негiзгi классификациясы белгiленген:


  • тапсырмалардың жабық түрi, оқушы тест тапсырмаларының iшiнен дұрыс жауапты таңдайды;

  • ашық түрдегi тапсырмалар, орындау кезiнде жауапты өз бетiнше тұжырымдау;

  • сәйкестiкке тапсырма, екi жиын элементтерi арасында сәйкестiк орнату арқылы орындау;

  • дұрыс тiзбек құруға тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе үрдістердiң орындалу тәртiбiн көрсету талап етiледi.

Тапсырманың түрiн таңдап алу бақылайтын материалдың мазмұнына және тестiлеу мақсатына тәуелдi болады. Бұл бақылаудың төрт түрi негiзгi түрлерi болып табылады. Тест тапсырмаларының әртүрлiлiгiне қарамастан оларға қойылатын жалпы талаптарды бөлiп көрсетуге болады:

  • оқушы қолданатын ақпарат көзiне дәлме-дәл сәйкес келуi. Тапсырманың тұжырымдамасы жеткiлiктi түрде сыналушы алдындағы мәселенi түсiндiруi, яғни тiл және терминдер, белгiлеу, графикалық бейне және тапсырманың безендiрiлуi және оған жауап сөзсiз бiрмәндi, оқушыға түсiнiктi болуы керек.

  • таңдалған тестiлеу стратегиясында белгiленген тапсырманың қиындығының әдiл бағасына сәйкес әрбiр тапсырманың өзiнiң реттiк нөмiрi болады;

  • логикалық түрде айтылған тапсырма тұжырымдар, оқушы жауабына тәуелдi ақиқат немесе жалған болады;

  • тапсырманың негiзгi мәтiнi жетi-сегiз сөзден аспауы және бiрден кем емес бағыңқы сөйлемнен тұруы қажет;

  • өңделген тапсырмаға дұрыс жауап эталоны көрсетiледi;

  • бiр тест тапсырмасын орындауға бiр-екi минут қана уақыт кетуi керек.

Тарихи тұрғыдан тапсырманың жабық түрi бiрiншi болып есептеледi, дайын жауаптың iшiнде бiр дұрыс жауабы болады, ал қалғандары дұрыс емес. Олар 20-жылдың басында қолданыла бастады және тапсырманың жабық формасы деген атқа ие болды. Жабық тапсырманың дұрыс емес жауабы дистрактор деп аталады. Дистрактордың саны тапсырманың түрiмен анықталады, ол бестен аспауы керек. Егер бiлетiн оқушылар оны дұрыс орындаса, ал бiлмейтiндер қате жауапты таңдаса, тестiк тапсырма «жақсы жұмыс iстейтiн» деп есептеледi. Бiрақ, тапсырма орынды тұжырымдалған болу үшiн бұл шарт әлi жеткiлiктi емес. Тапсырманың жабық түрiнiң жетiстiктерiмен қатар кемшiлiктерi де бар. Оның жетiстiгiне тестiлеудiң көп уақыт алмайтындығы, балл санаудың қарапайымдылығы жатады. Дайындықтары нашар сыналушылардың қиынырақ тест тапсырмаларына жауапты кездейсоқ ойлап табуы оның кемшiлiгiн көрсетедi.

Осындай тапсырманың нұсқауы «дұрыс жауапты дөңгелектеп белгiлеу». Тапсырма нұсқасының жауап саны төрт немесе бестен аспауы керек, осындай шектеу қою жауапты кездейсоқ табу ықтималдығының сиректiгi үшiн жеткiлiктi болады.

Тапсырманың бес жауабы бар жабық түрiне мысал келтiрейiк:

Мысалы.

1. Z мәнiн 3-ке азайту үшiн жазу керек:

A) Z-3:=Z;

B) Z+3:=Z;

C) Z:=Z-3;

D) Z-3;

E) Z:=Z+3.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет