Бидайбеков Е



бет91/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108
Байланысты:
treatise13514

Дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерінің құрылуы. Сыныптан тыс жұмыс кезінде құлықты түсініктерді меңгеру арқылы моральдік нормалар қалыптасады. Эмоционалдық орта шығармашылық әрекетті эстетикалық ұсыну арқылы құрылады.

  • Танымдық қызығушылықтың дамуы. Сыныптан тыс жұмыстың бұл міндеті оқу және оқудан тыс әрекеттерді біріктіреді, себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтың оқу тәрбиелік жұмысымен байланысты, сонымен қатар, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде оқушылардың қызығушылығын тәрбиелеу маңызды міндет – оқушылардың мамандық таңдауы мен еңбекке дайындығын шешумен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрі оқушылардың кәсіби қызығушылығының тууына алып келеді, оларға арнайы білім, біліктілік пен дағдыны меңгеруіне көмектеседі.

    1. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Қазіргі кезде оқушылар бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде байланыс орнатылған. Кейбір балалар мектеп не сынып өмірімен, қоғамдық талаптармен санаспайды, ешқандай үйірмелерге қатыспайды. Бос уақыттың көп болуы және оны қолдану мәдениетінің мәселесі қоғамда үлкен мәнге ие. Үлгермейтін балаларды оқу сабақтарынан алаңдатпау керек деген пікір бар. Бұл дұрыс емес, себебі дәл сондай балаларға бос уақытты қалай қолдану керектігіне көмектесу керек. Информатикадан оқу үлгерімдері төмен оқушыларға үлкен мүкіндіктер ұсынады.

    Тізбектелген міндеттер сыныптан тыс жұмыстың негізгі мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тәрбие жұмысында сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар және т.б. нақтыланады.
    Сыныптан тыс жұмыстың қызметтері

    Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері оның – білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметін анықтайды.

    Сыныптан тыс жұмыстың білімділік қызметі оқу әрекетіндегі қасиетке ие емес. Сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық және тәрбиелік қызметтердің тиімді әсер етуіне ықпал етеді, бұл қызмет ғылыми, оқу білім, біліктілік пен дағды жүйесін қалыптастыру емес, белгілі бір құлық дағдысын, ұжымдық өмірді, қатынас дағдысын үйренумен аяқталады.

    Алайда сыныптан тыс және оқу жұмысының дұрыс үйлесуі оқу тәрбие әрекеті жүйесін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бірегей және міндетті оқу жоспарын сақтауда тәрбие мен оқудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

    Сыныптан тыс жұмыстың негізгі мәнін дамытушылық қызмет атқарады, себебі мұнда жеке қабілеттер анықталып, дамытылады. Мысалы, әртістік қабілеті бар оқушы мектептік мерекелерге, КТК-ға (көңілді тапқырлар клубына) қатыстыруға болады.
    Сыныптан тыс жұмыстың принциптері

    Сыныптан тыс жұмыс оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтау жалпы принциптер негізінде құрылады.



    Мақсатты баптау принципі оқу тәрбие міндеттерін нақты жоспарлауды талап етеді.

    Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде мақсаттың болмауы мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты бұзады, нәтижесінде сыныптан тыс жұмыс тиімділігі нөлге теңелуі немесе кері нәтиже беруі мүмкін.

    Алдымен күтілетін нәтижені анықтап алу керек. Бұл міндеттерді құндылықтар жүйесінің позитивті құрылуы мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы шешуге көмектеседі.

    Сыныптан тыс жұмыстардың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен байланыстылық принципінің маңыздылығы қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағыт алуы тиіс.

    Оқу тәрбие принципінің бірлік пен бүтіндік принципі ең алдымен оқу мен сыныптан тыс жұмыстың барлық ұйымдастырушылық байланысын білдіреді. Оқушылардың жеке дара қабілеттерін есепке алғанда педагогикалық үдерістің бұл қырларының үзідіксіздігі оның тиімділігін арттырудағы маңызды шарт болып табылады.

    Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі білім беру мен тәрбиелеу мақсатынан шығып отыр, себебі ұжымда ғана тұлға жан жақты қалыптаса алады. Сыныптан тыс жұмыс түрлі ұжымдық әрекеттерге тұрақты қатысуға кең мүмкіндіктер ашады.

    Сыныптан тыс жұмыс табиғаты бойынша оқушылардың белсенділігін талап етіп, өз әрекеттерінің ашық көрінуіне ықпал жасайды. Олар мұнда өздерінің қалауы бойынша тапсырмалрды таңдап ала алады, оны жоспарлау кезінде қатынаса алады, міндетті шешу жолдары мен құралдарын анықтай алады. Сондықтан бұл әрекет белсенділікті дамыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзіндік қызмет қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



    Сыныптан тыс жұмыста жас ерекшелік пен жеке қабілеттерін ескеру принципі күш пен мүмкіндікті ескере отырып, әрбір оқушының әрі қарай дамуына ықпал етуі керек.

    Бастауыш сыныптағы информатикадан сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың дүниетанымына сай болуы керек. Бұл жастағы оқушылар зейінінің тұрақсыздығы олармен жұмыстың жарқын, эмоционалдық түрлерін іздестіруді талап етеді. Ойын әрекеттері бар жұмыстар тиімді болып саналады. Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтары әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың кейбірі ғана сыныптан тыс жұмысқа кіріктіріледі. Бұл оқушыларда әлі ұжымдық байланыс төмен, өз бетінше жұмыс істеуі, өз күшіне сенімділік те басым емес. Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс кезеңі мұғалімнің бақылауында болады.

    Орта жастағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс мектепте меңгерілген білімді есепке алуды талап етеді. Бұл жастағы оқушылар еңбекте өздерінің есейген іс әрекеттерін көрсете алады, қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге тырысады. Бұл топтағы оқушылар үйірмелерге қатысып, өздері таңдау жасай алатын кезге жетеді. Мұнда тәрбиешінің міндеті – қызығушылығын қанағаттандырып, мүмкіндігін ашатын сыныптан тыс жұмыстарға тарту.

    Жоғарғы сынып оқушылары жоғары немесе орта кәсіптік оқу орындарының болашақ студенттері немесе өндірістің түрлі бағыты мен қызмет көрсету орталықтарының жұмысшылары. Тәрбие жұмысында оқушылардың жеке дара қабілеттерін темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, әдеті пен талғамын ескерген жөн.



    Талапшылдық пен тұлғаны сыйлау бірлігінің принципі сыныптан тыс жұмыс үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын анықтайды.

    Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде қызығушылығы жағынан топтағанда, мұғалімнің ұстанымы басқаша: мұғалім тәжірибелі, білімді жолдас ретінде көрініп, оқушылардың ойымен және қызығушылықтарымен санасады.

    Сыныптан тыс жұмыс оқу тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі, оқушыларда тұрақтылық, ерік және жігерді тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімге де көп пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің байланысы маңызды, мұғалім өзіне қажетті сапаларды анықтайды.

    Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім тұрақты шығармашылық ізденісте болуы керек. Мұғалімнің шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігін арттыруда қажетті шарт болып табылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет