Бидайбеков Е



бет94/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   108
Үйірмелік (топтық) сыныптан тыс жұмыс формасы оқушылардың ғылым, техника, өнер, спорт, тереңдетілген білім, бағдарламалық материал облысында қызығушылықтары мен қабілеттеттерінің дамуына ықпал етеді.

Үйірме – информатикадан оқудан тыс әрекеттің негізгі формаларының бірі. Оның жұмысының мазмұны басқа программалар болса да, оқушылардың қызығушылықтары мен дайындары негізінен анықталады. Информатикадан үйірме жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін: мысалы, компьютерлік графика, программалау, компьютерлік модельдеу. Үйірмеде сабақтардың әр түрі өткізіледі. Олар баяндама, жобамен жұмыс, саяхаттар, көрнекіліктер даярлау, кабинет жабдықтарын жасау, зертханалық сабақтар, қызықты адамдармен танысу, виртуальды саяхаттар және т.б. болуы мүмкін. Үйірме жұмысының есепке алу күнделікте жазылады. Есеп тапсыру кеш, конференция, көрме түрінде өткілуі мүмкін. Кейбір мектептерде қорытындылар мектептік кештерде, мысалы, жалпы мектептік информатика апталығының өткілуі жайындағы кеште айтылуы мүмкін.



Жұмыстың біріккен формасына клуб, мектеп мұражайы, қоғам, уақытша ұжымдар жатқызылады.

Бұрындары, саяси, пионерлік, комсомолдық, халықаралық достық, қызықты кештер сияқты үйірмелер кеңінен танымал болатын.

Клуб жұмысы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жаңара алады. Қазіргі уақытта мектептерде шетелдік мектептермен байланыстар қолдау тапқан. Осының негізінде халықаралық достық клубы жаңара алады, оның құрамында мектеп орналасқан жер тарихын, географиясын, ел мәдениетін, аудармашылар секциясы жұмыс жасайды. Клуб жұмысында ақпарат іздеуде, жалпы жобаларды орындауда, электрондық хаттармен алмасуда Интернеттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Бірқатар мектеп оқушылары виртуалдық (Интернет желісінде ұсынылған электрондық) мұражай, көрме, галерея құра алады. Бұл жұмыс түрі әрекеттің өз бетіндік формасына да жатқызылуы мүмкін.



Жаппай жұмыс формалары мектепте кеңінен танымал. Олар әр түрлі болып келеді және сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі - бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алуы. Оларға конкурс, олимпиада, жарыстар, яғни оқушы белсенділігін қажет ететін жұмыстар жатқызылады. Әңгімелер, кештер өткізу кезінде оқушылар тек қана ұйымдастырушы және орындаушы ретінде қатысады. Мұндай мерекелерге есептеуіш орталықтарын аралау, кинофильмдер қарау, қызықты адамдармен танысу, дәрістер жатады, қатысушылар тыңдаушылар мен қараушылар болып табылады.

Соңғы уақытта информатикаға жоғары қызығушылық танытатын оқушылар санының артуына байланысты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне жататын информатиканың жастар мектебі, сырттай физика-математика мектебі, информатикадан тереңдетілген мектеп пен сыныптар, жаздық компьютерлік лагерьлер сияқты формалары туындай бастады.

Мұғалім – сынып жетекші жүзеге асыратын оқушылармен жаппай жұмыс формасы – сынып сағаты болып табылады. Бұл сабақ кестесіне қойылған уақыт бойынша өткізіліп, сыныптық ұжымда жүйелі тәрбиелеу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Отандық мектептер сыныптан тыс жұмыс түрлерінің барлық формасын қолдануда үлкен тәжірибе жинақтаған. Алайда, форма істің сәтті не сәтсіз болатынын өз бетінше шеше алмайды. Маңыздысы оның мазмұнының құндылығында. Шешуші мәндер мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

Сыныптан тыс жұмыстар құралы оқу құралдарын, тәрбие мен дамыту құралдарын анықтайды, таңдау сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен формасымен анықталады.

Сыныптан тыс жұмыс құралы ретінде: сыныпты әсемдеу, музыкалық әрлеу, ойын атрибуттары, бейнематериалдар, кітаптар, программалық құралдар жатқызылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын оның мүмкіндігін, мақсатын, міндетін, формасы мен құралдарын қарастыра отырып анықтауға болады:


  • сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі әрекеттер жиынынан құралған;

  • уақыт шектеусіздігі. Негізінде шектеулі, бірақ көбіне мұғалім оны ескере бермейді;

  • қатал талаптардың жоқтығы. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, формасы мен құралдарын өзі таңдайды. Бір жағынан бұл өз көзқарастары мен сенімдері бойынша жұмыс істеуге мүкіндік береді. Екінші жағынан мұғалімнің жасалынған таңдауға деген жеке жауапкершілі артады;

  • сыныптан тыс жұмыстың нәтижесін бақыламау. Егер сабақтың міндетті элементі – оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс жұмыста бақылау жоқ. Нәтижелер мұнда жылдам шығарыла салмайды. Тәрбие жұмысының нәтижелері оқушыларды түрлі жағдайда бақылау нәтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нәтижесін психолог арнайы құралдар көмегімен нақты анықтай алады. Ереже бойынша, мұнда қорытынды нәтиже мен жеке сапаларының даму деңгейі бағаланады. Нақты форманың тиімділігін анықтау өте қиын.

Сыныптан тыс жұмыс қоңырауда, сабақтан кейін, мерекелік, демалыс күндері, яғни оқудан тыс уақытта болады. Сыныптан тыс жұмыстың ата-аналардың әлеуметтік тәжірибесін қызықтыруына көп мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстың сәті болуының шарты әрекеттің психикалық жағдайы болып табылады.

Д.Н.Унадзе және басқалар жасаған экспериментальді зерттеу әрекетті баптаудың оның тиімділігін арттыратындығын дәлелдеді.


Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
Сыныптан тыс жұмысты мектепте барлық педагогикалық ұжым жүргізеді: директор, оның орынбасарлары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, тіпті ата-аналар комитеті. Оқушылар сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде қатыстырылады.

Сынып жетекшісі сыныптан тыс жұмысты өз сыныбында жоспарлап, бағыттайды. Сыныптың сыныптан тыс жұмысы мектептің жалпы оқу тәрбие әрекетіне байланысты болады. Әрбір мұғалім жоспар құрып, мектеп әкімшілігі бекітеді.

Жоспар былтырғы тәрбие жұмысының талдау нәтижесіне байланысты құрылады.

Сыныптан тыс жұмыстың жоспарын құру үдерісі оқушыларды тәрбиелеуде пайдалы біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда үлкен мүмкіндіктерге ие. Сондықтан да оқушылардың талаптары мен тілектерін есепке алып, олармен жоспарды талқылау қажет, уақыт аралығы мен орындаушыларды бірігіп анықтауға болады. Ол үшін оқушылармен әңгімелер ұйымдастырып, сауалнама жүргізуге, жазбаша жұмыс материалдарын пайдалануға болады. Бұл жұмысқа оқушылардың ата-аналарын да тарту қажет.

Жоспардың орындалуын директор мен оның орынбасарлары қадағалап отырады. Олар сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, мұғалімдермен отырып, оларды талдайды, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстың сапасы жағынан сұрақтармен алмасып, педагогикалық кеңестері айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет