Бидайбеков Е


Орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері



бет104/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Байланысты:
treatise13514

9.2 Орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру қызмет көрсету және басқару сипатындағы орта буынның білікті мамандарын даярлауға арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын қамтиды.

Қоғамды ақпараттандыру үдерісі өндіріс көзі болып табылатын барлық шарушылық қызметіндегі кәсіби мамандарына білім беруді ақпараттандыруға әсер етті. Орта кәсіптік білім беру орындары қазіргі заманғы ақпараттық технологиямен жұмыс істей алатын мамандарды дайындай отырып өздерінің қоғамды ақпараттандыру үдерісіне өз үлестерін қосып отыр.

Орта кәсіптік білім беру орындарында оқытылатын информатика курсы Ершов А.П., Монахов В.М., Кушниренко А.Г. және т.б. авторлардың жазған оқулықтары бойынша оқытылды [28-30].

Орта кәсіптік білім беру орындарында информатиканы оқытудың басты мақсаты – жастарды кәсіптік еңбек қызметіне дайындау және оны ең прогрессивті техникалық және ақпараттық құралдардың көмегімен өткізу болып табылады.

Информатика курсын оқыту барысында орта кәсіптік білім беру орындарының тыңдаушылары:


  • өздерінің болашақ мамандықтарының мәні мен әлеуметтік мағынасын түсінуі керек;

  • информатиканы негізгі ұғымдарын білуі және оны пайдалана алуы;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияның негізгі қолдану аясын және оларды өнеркәсіпте пайдаланудың жолдарын білуі;

  • дербес компьютердің негізгі құрылғылары және олардың атқаратын қызметін білуі;

  • компьютердің функционалдық схемасын білуі;

  • қазіргі заманғы ақпараттық-есептеуіш техникасының негізгі типтерінің сипаттамалары жайлы түсініктері болуы;

  • программаның орындалу принциптерін білуі;

  • есептеуіш жүйенің не екенін білуі;

  • ақпараттық білім беру технологиясын пайдалану арқылы жаңа білім алуды;

  • әртүрлі құбылыстарды сипаттау және болжау үшін модельдер құрып оларды қолдана алуды, оларға сандық және сапалық талдау жасай алулары;

  • компьютердің және оның жеке құрылғыларының, жүйенің және кешендердің және желілердің жұмыс істеу принциптерін білуі керек.

Информатиканы оқыту мазмұнын таңдап алу тыңдаушылардың таңдап алған кәсібіне байланысты бір жағынан информатиканың жалпы жағдайлары, екінші жағынан таңдап алған мамандық шеңберінде нақты практикалық есептерді шешуге қажетті арнайы аспектілері бірқатар бағдарламалар жасауды талап етеді.

Төменде біз орта кәсіптік оқу орындары үшін информатика курсы бойынша бағдарламаны ұсынамыз. Бұл оқу бағдарламасы инвариантты болып табылады, ол информатиканы оқытудың негізгі компонентін қамтиды. Оқу бағдарламасы тыңдаушының таңдап алған мамандығына тәуелсіз әрбір тыңдаушыға қажетті минимум білім мен біліктілікті қамтамасыз етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет