Бидайбеков Е


-ТАРАУ. ОҚУ ПӘНДЕРI ЖҮЙЕСIНДЕГI ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТIҢ БАЗИСТIК ОҚУ ЖОСПАРЫ



бет53/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108
Байланысты:
treatise13514

5-ТАРАУ. ОҚУ ПӘНДЕРI ЖҮЙЕСIНДЕГI ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТIҢ БАЗИСТIК ОҚУ ЖОСПАРЫ
5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орны жайлы мәселелер
Мектепте оқытуда оқу пәнiнiң алатын орны (оқу жылдары бойынша басқа пәндермен салыстырғандағы сағат көлемi және оқыту мерзімі) мектептiң оқу жоспарымен анықталады. Бұрынғы кезде ұзақ уақыт бойы бiздiң мектептер барлық мектептерге арналған бiрдей мазмұнда оқу жоспары бойынша жұмыс жасады. Оқу пәндерiнiң тiзiмi мен ережелер жиынтығы орталық бiлiм беру басқармасында қатаң түрде белгiленiп, аймақтық және мектептiк деңгейде оның ешбiр бөлiгi өзгертiлмейтiн болды. Мұндай жағдай (факультативтiк пәндер тобын оқу жоспарының бөлiгiне енгiзiлуiне байланысты 1960 жылдардың ортасына қарай бiр ғана ерекше құбылыс болған вариативтiлiктiң аздаған факторларын есептемегенде) өткен ғасырдың 1980-1990 жылдарына дейiн сақталып келдi.

Сонымен, 1985 жылы жүзеге асырылған «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» жаңа оқу пәнiн мектепке енгiзу кезiнде бұл пәннiң «қатаң» оқу жоспарында (яғни, ешбiр бүкпесiз бiлгiрлiкпен оқу пәнiнiң аты, оған тиiстi оқыту мерзiмi мен сағат көлемi нақты белгiленген) алатын орны және белгiлi болғандай мектепте соңғы екi жылда (ол уақытта 9 және 10 сыныптарда) оқыту анықталды.

Жоғарыда айтылып өткендей, бастапқыда информатика курсының тек қана жоғары сыныптарда белгiленген ережелер жиынтығы уақытша жағдай ретiнде танылды. Сондықтан, жаңа пәндi оқытудың бiрiншi бесжылдықтың соңына қарай мектептегi информатика курсының алатын орны мәселесiн шешу екi факторға: бiрiншiден, курсты «төменге», яғни орта және бастауыш сыныптарға ауыстыру қажеттiлiгiне, екiншiден, нақты сол уақытта өзгере бастаған және ұзақ уақыт бойы сақталған жалпы негiздердi күрт өзгерткен оқу жоспарының тұжырымдамасына тәуелдi болды.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандарға, басынан бастап (1990 жылдың басынан) оқу жоспарының тұжырымдамасын қарастырумен қатар, бұл үдеріске информатика саласына байланысты мектеп бiлiм берудiң құрылымы мен мазмұны туралы жүзеге асырылуы мүмкiн емес әр түрлi жобалар қарастырылды және бұл жағдай ұзақ уақыт бойы мектеп информатикасы тағдырының созылмалы компонентi ретiнде сақталуын қосу керек.

Осы үдерістің басынан басталатын қиыншылықтар [14] (сондай-ақ, бiршама қызу түрде, ИЕТН курсының орнын анықтауға байланысты сол уақыттағы жағдайына тән ауыртпалықты бiлдiруi) толық көрсетiлген. 1990 жылдар басында мектептегi информатика курсының жағдайына қысқаша талдау жасайық.

1980-1990 жылдары қатаң оқу жоспарын пайдаланудың ұзақ мерзiмiнен кейiн қоғамда болып жатқан демократиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде мектеп «жоғарыдан берiлетiн» оқу жоспарын түзей алатын немесе өзi таңдай алатын жағдайға жеттi. Мысалы, 1989-1990 жылдары оқу жоспарының 15 нұсқасы ұсынылды [17, 16, 18]. Ал сол уақытта базистiк оқу жоспарының жаңа тұжырымдамасын жасау жұмыстары жүрiп жатты.

Еркiн таңдау дәуiрiнiң келгенiн бiлдiретiн, информатика курсының қанағаттандырарлықсыз жағдайын түзетуге болатын (жарияланған еркiндiк аумағында) оқу жоспарының 15 нұсқасында не берiлдi? Бұл жоспарларда информатика курсы жеке пән ретiнде аталмағаны, ал оның орнына «Математика, информатика және есептеуіш техника» пәнi берiлгенi тез анықталды. Ұсыныстардың нақты болмауына байланысты мектептер бұрынғы әдiс бойынша ИЕТН курсы 102 сағат бөлiнетiн және компьютерлендiру заманында 10 және 11 сыныптарға сәйкес аптасына 1 және 2 сағаттан бөлiнетiн ескi тәртiптi ұстанды.

Ашық түрде бұл «қағидалар» бүкiлодақтық мемлекеттiк (базистiк) оқу жоспары жобасының негiзiнде жасалған. Бұл жоспарлардың құрылымды-мазмұнды «жетiстiктерi» информатика пәнiн оқитындарға қатысты келесiдей болады:

1. Бастауыш мектеп оқу жоспарының алты нұсқасының екеуiне «Математика, құрастыру және ЭЕТ» бiрiктiрiлген пәнi енгiзiлдi.

2. Информатика курсы математикадан бөлiндi, бiрақ орта мектеп үшiн ұсынылған 8 нұсқаның ешқайсысында одақтық-республикалық құрамына енгiзiлмедi. «республикалық құрам» тобында пән ретiнде ИЕТН курсы «дәстүрлi» орында 10 және 11 сыныптарда орналасқан, оның iшiнде (еңбек, физика-математикалық және жаратылыстану бағыттары үшiн) 10-сыныпта аптасына 1 сағат, 11-сыныпта 2 сағат; басқа жағдайларда (гуманитарлық және эстетикалық бағытта) 1 сағат. 1990 жылдардың басындағы оқу жоспарында берiлген мүмкiндiктердiң шектеулi және консервативтi сипатта болғанын көруге болады. Әсiресе, бұны ИЕТН курсының жағдайынан көруге болады: егер 1989 жылдың экспериментальді емес, жай оқу жоспарларында ИЕТН курсын төменгi сатыларға «жылжытудың» («математика, информатика және ИЕТН» бiрiктiрiлген курсы шегiнде) теориялық мүмкiндiгi сақталса, оның «экспериментальдық» жоспарларда 10 және 11 сыныптардағы қатаң базистелуi басқа пәндердi оқытуда информатика саласының бiлiмiн кең пайдалану идеясына қарама-қарсы болды.

Сол кездегi «экспериментальдық» жобаларда мектеп компоненті және мектеп кеңесi бөлуіне рұқсат берілген уақыт кеңістiгi (сыныпқа байланысты аптасына 2 сағаттан 6 сағатқа дейiн) болғанын да айта кету керек. Түсiндiрме хатта «бұл әрбiр мұғалiм мен мектептiң, бүкiл ұжымының шығармашылық белсендiлiгiне кең мүмкiндiк бередi» деп атап көрсетiлдi. Әрине, хатта әдемi жазылған, бiрақ «кең мүмкiншiлiктiң» аптасына 2-3 сағатпен шектелгенiн, ал шығармашылық белсендiлiк тек информатика саласының мүддесiмен ғана емес, басқа да әр түрлi мүдделермен байланысты екенiн ескерсе, онда 5-7 сыныптарға қатысты информатика мұғалiмiне бүтiндей белсендiлiктi таныту өте қиын. Сондай-ақ бұл жерге факультатив курстар мен жалпылама пәнаралық сабақтар енгiзу ұсынылды.

Сонымен, нәтижесiнде ұйымдастырушылар мен шенеунiктердiң әрекетсiздiк жағдайында мектептiк информатикалық бiлiм беру орнын тағайындау iсi мектептегi нақты информатика мұғалiмiнiң мамандығы, белсендiлiгi мен жiгерiне байланысты болды.

Мектепте информатиканы оқыту бағдарламасы “заңгерлерiнiң” – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы халыққа бiлiм беру мемлекеттiк комитетiнің шешiм қабылдай алмауына сол уақытта анықталған мектептi компьютермен техникалық қамтамасыз етудiң мемлекеттiк бағдарламасында қателiктердiң пайда болуы негiз болды. Жаңа мiндеттердi қолданудағы отандық мектептiң жинақтаған тәжiрибесiн, өзiндiк дәстүрiн, терең мамандандырылуын және жiгерiн есепке алмай батыстық жобаларға жақындату, ақпараттандыруды мамандармен қамтамасыз етудiң стратегиялық келешегiн жеткiлiктi айқын бағаламау, сондай-ақ мектептiң шынайы жағдайын түсiнбеуден күшейген өзiндiк сенiмсiздiк бiлiм беру саласында ақпараттандыруды басқарудың ең жоғарғы шенеулiк деңгейiнде 1990-жылдардың басында мектептегi информатика курсынан бас тарту идеясы қалыптасып, дами бастады. Мұндай идеялардың жариялануы, әсiресе, Мемлекеттiк Бiлiм беру Комитетi деңгейiнде ұсыныс ретiнде (шешiм қабылдаудағы шешушi рөлдi бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша бүкiлодақтық НМС мектеп деңгейiндегi информатика секциясының орны атқарды) жариялау қателiк басынан белгілі болды. Мектептi компьютерлендiру барысында туындаған көптеген мәселелерге байланысты аудандық бiлiм беру департаментiнiң басшыларына, мектеп директорларына сәл босаңдық берiлсе, информатика курсы не қысқартылады, не оқу кестесiнен алынып тасталады. Бiраз уақыттан кейiн, «информатика курсының жеке мектептiк пән ретiнде шығуы бойынша мектеп әкiмшiлiгi мен мұғалiмдерiнiң көптеген сұраныстарына» жауап ретiнде жалпы орта бiлiм берудiң басты оқу-әдiстемелiк басқармасы түсiнiктеме жариялады. Онда «информатика курсы – жалпы орта бiлiм берудiң маңызды бөлiгi, сондықтан оған берiлген сағат көлемiн қысқартуға немесе курсты мектептiң оқу жоспарынан шығаруға болмайтыны» айтылды.

Бiрақ, осы тұрақсыз кезеңде салдары әлi де сезiлетiн негiзсiз шешiмдер қабылданды: ИЕТН курсы оқу жоспарының бiрiккен құрамына енгiзiлмедi, мектепке арналған ресми оқу жоспарларының кейбiр нұсқаларында «Математика және информатика» атты пән пайда болды, информатика курсының төмен сыныптарға «түсуi» тежелдi, ал кейбiр жерлерде «Информатика» мамандығын педагогикалық жоғарғы оқу орындарынан шығару қаупi төндi. Осындай жағдайда «бiлiм беру» туралы қабылданған заңға сәйкес мектеп стандарттарын әзiрлеу және оны базистiк оқу жоспарын енгiзу үдерісі басталды.

Жалпы бiлiм беру орындарының 1989-1990 оқу жылына арналған оқу жоспарларының 15 нұсқасы гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, шығармашылық-эстетикалық бiлiм беруге бағытталуды бiлдiретiн және қала мен ауылдық жерлерде бiлiм беру ерекшелiктерiн ескеретiн бiлiм берудiң мазмұнын саралаудағы алғашқы қадам болды. Оқу орыны кез келген оқу жоспарын таңдау құқығын алды. Бiрақ оқу орындарының нақты оқу жоспарын құрудағы еркiндiгi оқу жоспарларында бiлiм беру үдерісiнiң нормативтi пәндiк ұйымдастырылуымен (яғни пәндердiң тiзiмi жоспардың федералды нұсқасында бекiтiлдi) және бұл жоспарларда бiлiм берудiң құрылымында аз ғана сағаттық өзгертулер енгiзуге рұқсат берiлумен шектелдi.

Нақты бiлiм беру орнындағы бiлiм берудiң құрамы осы бiлiм беру орны өзi дайындаған, қабылдаған және жүзеге асырған бiлiм беру бағдарламасымен анықталды.

Бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк ұйымдар ұқсас бiлiм беру бағдарламаларын (мемлекеттiк бiлiм беру стандарты негiзiнде) әзiрлеудi қамтамасыз етедi.

«Бiлiм беру» туралы заңның талаптарын орындай отырып, мемлекет, аудан, мектеп мүддесiн ең жоғары көлемде ескеретiн бiлiм беру орындарының Базистiк оқу жоспарының (БОЖ) алғашқы нұсқасы бекiтiліп, енгiзілдi. Базистік оқу жоспары – білім мазмұнының жиынтық моделіне қатысты ахуалды түйіндеп көрсететін нормативті құжат болып табылады. БОЖ сәйкестендіріп типтік оқу жоспарлары жасалады.

Информатиканы оқыту үшiн мектептерге берiлген базистiк оқу жоспарының мүмкiндiктерiн талдамас бұрын, осы құжаттың құрылымы мен ерекшелiктерi туралы жалпы сұрақтарға жауап берейiк. БОЖ өз алдына мектеп үшiн қолданылатын нақты оқу жоспары емес, оның негiзiнде әрбiр мектеп өзiнiң жеке оқу жоспарын әзiрлейтiн аудандық базистiк оқу жоспарының негiзi (БОЖ-мен сәйкес келуi мүмкiн) болып табылады. Осы мақсатпен БОЖ құрылымына жалпы азаматтық рухани байлықтары мен мәдени дәстүрлерiне сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуын қамтамасыз ететiн және мемлекет территориясындағы бiлiм беру облысындағы бөлiк құратын бiлiм беру облысы белгiленген инвариантты бөлiк және оқушылардың мүдделерi мен қабiлеттілiктерiне сәйкес олардың жеке мiнез-құлығын қамтамасыз ететiн ұлттық, аймақтық және жергiлiктi әлеуметтiк-мәдени ерекшелiктер мен дәстүрлердi қамтитын вариативтi бөлiк кiредi.

БОЖ-ң инвариантты бөлiгi мектеп бағдарламасының жеке пәндерiн емес, сәйкес оқу пәндерi мен бiрiктiрiлген курстардың жиынтығы болып табылатын нақты мектептердiң оқу жоспарындағы бiлiм беру салалары тiзiмiн қамтиды. Бiлiм беру аумақтарының жиынтығы инвариантты болып табылады, ал оны нақты пәндермен толықтыру әр ауданда, әр мектепте ерекшеленуi мүмкiн.

Вариативтi бөлiк «мiндеттi сабақтар, таңдамалы сабақтар» мен «факультативтiк, жеке және топтық сабақтардан» құралады. Оқушыны мiндеттi қосымша оқыту БОЖ инвариантты бөлiгiнiң пәндерiне (сондай-ақ, тереңдетiп оқу үшiн) қосымша курстарды, дарынды балалар үшiн арнаулы жеке оқу жоспарларды енгiзуге арналған инвариантты бөлiктiң және мiндеттi вариативтi бөлiктiң сағаттарынан құралады. Вариативтi факультативтi бөлiк жеке және топтық сабақ беруге қолданылады (аз жабдықталған ауыл мектептерiнде аз топтарда пәндердi оқытуда бұл сағаттар саралап оқытуды ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi).

Білім беру стандарты – білім алу құқын жүзеге асыру үшін аса мәнді жағдай жасайтын және өзінің мазмұны жөнінен баланың да, білім берушінің де құқына сай келетін құжат болып табылады.

1998 жылы Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын барлық оқу пәндері бойынша білім стандарты мен базистік оқу жоспары жасалды. Мемлекеттік стандарттың 7-11 сыныптарда Қазақстан Республикасында 1997-1998 оқу жылында бүкіл мектептерде стандарттың тұжырымдамалық талаптарына сәйкес келетін жаңа буын оқулықтары оқытыла бастады [19].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет