Бидайбеков Е



бет76/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   108
Байланысты:
treatise13514

Практикум (немесе оқу-зерттеу практикасы). Оқушылар мұғалiмнен өздiк жұмысы (бiр-екi немесе одан да көп сабақ көлемiне тапсырмалардың жартысын сабақтан тыс уақытта, үйде орындауға) үшiн жеке тапсырмалар алады. Ереже бойынша, практикумдар практикалық және оқу дағдылары мен біліктіліктерін түпкілікті бекіту үшін, сонымен қатар курстың толық тарауының (тақырыбының) теориялық материалдарын меңгеру дәрежесін тексеру үшiн қолданылады [28]. Осы мақсатта әр түрлі модельдеуші программалар, соның ішінде нысанның қасиеттерін зерттеудің креативті жағдайын құрушы интерактивті конструкторлар, генерациялаушы және есептеуіш программалар, оқу мақсатындағы сараптама жүйелері қолданылады.

Соңғы жылдары жоғарғы сыныптарда дәрістік-семинарлық жүйе элементтерін енгізу басталды. Өткізу түрлеріне қарай ақпараттық дәрістер – материалды мультимедиалық презентациялардың, анимацияланған графикалық нысандардың, суреттердің, кестелердің, сызбалардың және т.б. көмегімен баяндау; визуальді дәрістер – материалды көбінесе техникалық құралдардың: бейне- және дыбыстық бейнебаяндар, қысқа түсініктеме беру арқылы сараптаманы мультимедиялық демонстрациялау; дәріс-кеңес беру – тақырыпты оқытуда айқын сөйлеу практикалық бағыттылығының тиімділігі. Техникалық қолдау ретінде мультимедиалық презентациялардан басқа электрондық оқулықтардың, мультимедиалық энциклопедиялардың үзінділерін, білім беру мақсатындағы интернет-ресурстарын қолдануға болады.



Семинар-сабақ сыныптың барлық ұжымын оқу материалының мазмұнын өңдеудің белсенді дербес іс-әрекетіне қосуға мүмкіндік береді, оқу материалымен алғашқы танысу дәрісте өткізіледі [28]. Жұмыс мұғалімнің жетекшілік етуімен іске асырылады, оқушыларға жауаптары оқулықта жоқ, олардан білім, біліктілік пен дағдыны меңгерудің репродуктивтіктен шығармашылыққа дейінгі белгілі бір деңгейін талап ететін, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) топтамасы ұсынылады. Оқушылар топтарға бөлінеді, әр топқа кеңесші-үйлестіруші бөлінеді және жеребе тарту нәтижесі бойынша тапсырмалар жиынтығын алады, оны орындауға белгілі бір уақыт (15-25 мин) бөлінеді. Материалды беру түрі алдын ала анықталуы тиіс. Семинардың сұрақтарына жауап беру үшін оқушылар дәрістердің конспектісін, әртүрлі ақпараттық-іздеу жүйелерін, электрондық энциклопедиялар мен анықтамаларды қолдануларына, мұғалімнен кеңес алуларына болады. Сосын әр топ өздерінің хабарламаларын айтып шығады, артынан семинардың барлық қатысушылары талқылауға қатысады.

Өзіндік мақсаты материалды жалпылау және курстың қандай да бір тарауының (бірнеше туыстас тақырыптардың) ең маңызды проблемасы бойынша білімді тереңдетіп оқытуды ұйымдастырудың ұтымды түрі оқу конференциясы болып табылады [44,51]. Бұл семинар сабақтың бір түрі. Ол ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктерімен байланысты, қойылған сұраққа жауап іздеу, өзіндік көзқарас туғызу, ойын ықшамды және ашық баяндау үшін өзінің баяндамасын мультимедиалық сүйемелдеуде мәтінді, графиканы, дыбысты өңдеу технологияларын меңгеруі сияқты үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді. Оқу конференцияларының тақырыбы оқу бағдарламасының шеңберінен шығып кетуі мүмкін. Конференцияның білім беру мәні оларға дайындық кезінде оқушылар электрондық білім ресурстарымен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, нақты есепті шешу үшін алған теориялық және технологиялық білімдерін қолдана алады.

Курстың үлкен тақырыбымен (тарауымен) жұмыс жасауды аяқтауда, немесе бұл тараудың материалы бұрын оқытылған жағдайда сынақ сабақ өткізіледі. Ол екі бөлімнен тұруы мүмкін: оқытушы бөлімінде (15 минутқа дейін), оқушылардан өтілген материалдың негізгі сұрақтары бойынша, олардың типтік есептерді шешудегі өзіндік жұмыстарын үйлестіре отырып әрқайсысымен жеке сұрау-әңгімелесу өткізіледі және бақылаушы бөлімінде (30 минутқа дейін) жазба жұмыстарын орындау тапсырылады. Бұл сабақта оқушылардан алған білімдерін жалпылау және жүйелеу талап етіледі [28].

Жеке тұлғаны оқыту, тәрбилеу және дамытуды ұйымдастырудың бір түрі сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттарда қолдануға болатын дидактикалық ойындар [1] болып табылады. Ойынның негізгі түрі – компьютерлік оқыту ойындары. Ол оқушылардың оқу іс-әрекетінің мотивтеріне ынталандыру, оқыту үдерісін белсендендіру мен күшейту және оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін үшін жаңа тақырыпты өтудің алдында; жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін, алынған білімді бекіту үшін; тарауды оқып біткеннен кейін алған білімді жалпылау, жүйелеу және бақылау мақсатында өткізілуі мүмкін. Компьютерлік оқыту ойындары оперативтік, тактикалық және стратегиялық деңгейді көрсететін белгілі бір логикалық құрылымнан тұрады. Жоғарғы мектептке оқытудың практикалық бағытын күшейту, алынған білімді шығармашылықпен қолдану мен бекіту мақсатында іскерлік ойындар қолданылады [1].

Оқушылардың сыныптық-сабақтық іс-әрекеттерін толықтырушы және дамытушы оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне өзіндік үй жұмыстары жатады [32]. Үй тапсырмаларының мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады: жаңа тақырыпты оқыту кезінде жаңа материалды қабылдауға бағытталған тапсырмалар; білім, біліктілік пен дағдыны бекітуге бағытталған тапсырмалар; алған білімді практикада қолдана білуге бағытталған тапсырмалар; шығармашылық сипаттағы тапсырмалар [28].

Жақсы педагогикалық программалық құралдармен жабдықталған компьютер мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге, өзінің мойнына ескішілдікке негізделген қызметтерді ала отырып және мұғалімдерге оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың ақиқат адами неғұрлым шығармашылық есептерін қалдыра отырып көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет