Бидайбеков Е


Информатиканы продуктивті оқыту әдістері



бет77/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108
Байланысты:
treatise13514

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Оқыту әдістері – білім беру мақсатына жетуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерінің тәсілдері. Педагогика ғылымында оқытудың әртүрлі жіктемелері жасалған [2,6,20,44,52]. Оқыту әдістерін таңдап алу: оқу пәнінің мақсатына, пәннің ерекшелігіне, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқыту құралдарына және т.б. байланысты анықталады. Тұлғаға-бағыттап оқыту жағдайында информатиканы оқыту әдістерін таңдаудың негізгі факторы оқушылардың продуктивтік іс-әрекеттерін ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Оқушылардың өз бетінше (самостоятельность) және ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту әдісінің екі: репродуктивтік және продуктивтік топтарын бөліп көрсетуге болады.

Оқыту әдістері жеке элементтерден – әр түрлі әдістерде қолданылтын әдістемелік тәсілдерден жинақталады. «Мен сияқты жаса!» қағидасы (оның негізіне репродуктивтік әдіс жатады) алгоритмдеу негіздері мен программалауды оқытуда, программалық құралдарды функционалдық толықтыруда табысты іске асырылады. Жергілікті желінің мүмкіндіктері, интерактивтік тақтаның болуы іс-әрекет тәсілдерін көшіру идеясын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдайда білім беру үдерісінің соңғы түпкі ойы «Мен сияқты жаса!» қағидасынан «Өзің жаса!» нұсқауына өту екендігін ұмытпау қажет.

Репродуктивтік әдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді; Оған әңгіме, түсіндіру, дәріс, демонстрация, оқулықпен, компьютермен жұмыс және т.б. жатады. Бұл әдіс информатика сабағында программалық-жаттықтырушы (пернетақталық жаттықтырушы), оқыту, бақылау программаларымен жұмыс жасағанда, кіріспе жаттығулар программалық құралмен алғаш танысқан кезде, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жаттығу орындаған кезде қолданылады.

Мысалы, графикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіріп, демонстарция жасағаннан кейін оқушылар сызық, қисық сызық, шеңбер және т.б. сәйкес шартбелгілердің көмегімен салып көреді.

Мысалы, оқушылар мәтіндік редакторды жүктегеннен кейін және өз файлдарын шақырғаннан кейін меңзерді экранның нүктесіне қойып, пернелерге немесе пернелер комбинациясына баса отырып, экранның қалпын бақылайды да, өздерінше қорытынды жасап, оны дәптерлеріне жазады.

Продуктивтік оқыту әдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену (эвристикалық), зерттеушілік, қателер әдісі, жобалар әдісі т.б. жатады. Продуктивтік әдістердің ерекшеліктері іздеу есебі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады, оны шешу үшін жаңа білім өнімін (креативтік нәтиже) алуда оқушыларға жаңа білім қажет.

Танымдық есеп түрінде мұғалім қойған проблеманы шешу үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істейді. Немесе мұғалім оқушының алдына проблема қояды және оны шешу жолдарын көрсетеді, оқушылар проблеманы шешу үшін әрекет жасайды.

Мысалы. Оқушыларға электрондық кестемен жұмыс жасағанда мынадай проблема қояйық. Мектеп жәрмеңкесінде өздерінің жасаған заттарын сату керек болсын. Сатқанда Х теңге алынуы керек болсын. Оқушылар осы ақшаны жасаған затын сату барысында қалай өндіріп ала алады?

Ол үшін мыналарды анықтап алу керек:



  1. әр тауарға қандай баға қою керек;

  2. тауардың қанша түрін қандай бағамен сату керек?

Алдымен оқушылар электрондық кестені толтырып алады: тақырыбын көркемдеп жазады, қажетті бағаналарды мәліметтермен толтырады (тауардың саны мен олардың бағасын енгізеді). Сосын проблеманы шешуге кіріседі. Талап етілген нәтижені алу үшін енгізілген мәліметтерді бірнеше рет өзгертеді, аралық қосынды мен соңғы нәтижені талдайды.

Информатика сабақтарында проблемалық мазмұндауды қолдану көбінесе қоршаған болмысты тануға бағдарланған оқушылардың ақпарат, ақпараттық үдерістер, жүйелер, технологиялар мен модельдер жайлы ғылыми түсініктерінің негізін құраушы білім жүйелерін меңгеруге бағытталған. Бұл әдіс бастауыш мектепте информатиканы оқыту кезеңінде бірін-бірі толықтырушы екі әдістемелік тәсілді: көңiл ортақтығы (эмпатия) (ойлау қабілетін және құбылысты әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсінуді дамытады) және «мағыналық көріну» (нысанның мәнін түсінуге мүмкіндік береді) қолданғанда іске асырылуы мүмкін. Мысалы, компьютер үшін мәтін – символдар тізбегі екені жайлы нақты түсінік қалыптастыру талап етілгенде [19, б. 173].

Жартылай-іздену әдісі оқушылар қиын проблеманы өз беттерімен басынан аяғына дейін емес, тек жартылай ғана шешуді ұсынады. Мұғалім оқушыларды іздеудің жеке кезеңдерін орындауға қатыстырады [27]. Оқушыларды болжам жасауға, танымдық есепті шешу үшін бақылау, эксперимент жасауға, жоспар құруға немесе алгоритм құруға қызықтыру болып табылады.

Эвристикалық сұрақтарды қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мынандай жеті кілттік сұрақ қойылады: кім? не? неге? қайда? немен? қалай? қашан? Сұрақтарды жұптап үйлестіре қолдануға да болады. Мысалы, компьютерді кім ойлап тапты? компьютердің көмегімен не істеуге болады? монитор (принтер, тышқан және т.б.) неге керек? компьютердің «миы» қайда орналасқан сияқты сұрақтар топтарын талқылау нәтижесінде оқушылар компьютердің аппараттық қамтамасыз ету құрылғыларымен танысады.

Формальдау және модельдеу қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту үшін, нысан мен оның символдарының арасындағы байланысты құру, құрылған символдарды түсіндіруден тұратын символдық көру әдісін қолдану ұсынылады [3]. Оқушылардың программалық құралдардың интерфейсін саналы түрде меңгерулерін ұйымдастыру үшін бейнелік көру әдісін қолдануға болады, ол нысан мен оның графикалық (немесе ауызша түрде) белгіленуін оқытуды ұсынады, мысалы, монитор экранындағы «шартбелгілер» [19].

Бастауыш мектептің информатика сабақтарында оқушылардың қиялын және оймен көз алдына елестетуін дамыту орынды, осы мақсатта, белгілі бір ойлау әрекеттерінің нәтижесінде оқушыларға бұрын таныс емес өнімді жасау – ойлап табу әдісін қолдануға болады [52]. Мысалы, шығармашылық тапсырма: қане, балалар, әдеттегіден өзгеше ақпаратты тасушыларды қиялмен жасап, ойланып көрейік [19].



Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту қателерге дәті шыдамайтын жағымсыз қатынасты болдырмау– қателер әдісі арқылы мүмкін, ол алгоритмдеу мен программалау негіздеріне оқытуда тиімді қолданылады.

Зерттеушілік әдіс оқушылардың білімді шығармашылықпен меңгеруін қарастырады: мұғалім оқушылармен бірге проблеманы тұжырымдайды және оларға қиындық туған кезде көмектеседі, ал оқушылар проблеманы өз беттерінше шешеді [27]. Мұғалім бұл жағдайда оқушылардың өзіндік іздеу іс-әрекетін ұйымдастырушысы болып табылады. Оқушыларға адамның қызметінің әр түрлі салаларында қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы АКТ құралдарын қолдану мүмкіндігі берілген кезде, бұл әдіс ерекше мәнге ие болады.

Жобалар әдісі – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері, ол информатиканы оқытудың барлық кезеңдерінде табысты қолданылуы мүмкін [5, 37, 55]. Телекоммуникациялық жобалардың негізінде әр елдің, әр қаланың, әр мектептің оқушыларының ынтымақтастықта бірлескен жобаларын ұйымдастырудың неғұрлым тиімді екендігін практика көрсетіп отыр, олар әрқашанда пәнаралық және мұнда жалпы проблеманы жергілікті шешумен алмасу үшін, бірлескен бақылаулар жүргізу үшін, бірлескен жарияланымдар дайындау үшін, үдерістер мен құбылыстарды модельдеу үшін және т.б. қолданылады [7,10,14,37,43].

Оқу жобасын жасағанда оқушы ақпаратты өз бетімен іздеп-тауып және түсініп қана қоймай, өзі жаңа идеялар туғыза алуы қажет. Бұл оқытудың (дәлірек айтсақ компьютерлік технологияға) іс-әрекеттік әдісінің мысалы болып табылады. Бұл оқытудың жаңа түрі. Жоба белгілі бір тақырыпты оқытатын компьютерлік курс, логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құралдың макеті, электрондық поштамен тақырыптық қатынас және т.б. болуы мүмкін. Жобалар әдiсiн қолданғанда нақты тәжiрибе негiзiнде алынған бiрқатар шарттарды ескеру керектiгiн көрсетемiз:

1. Оқушыларға нақты таңдау мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн жеткiлiктi үлкен жобалар жиынын көрсетуi керек. Жоспарлау өзiндiк немесе ұжымдық болуы мүмкiн екендiгiн айта кету керек. Соңғысы, басқаларға қарағанда оқушыларды ұжымдық жұмыс әдiсiн меңгертуге машықтандырады.

2. Оқушы жұмысты жоспарлау әдiсiн бiлмегендiктен, ол жобамен жұмыс iстеу ережесiмен қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай жағдайда әрбiр оқушының өзiндiк қабiлетiн ескеру маңызды (бiреулерi - мәтiндi оқи отырып, екiншiлерi – түсiндiргендi тыңдай отырып, ал үшiншiлерi – практикалық жұмыс барысында қателескенiн шешiмiн таба отырып материалды жақсы меңгередi).

3. Бала үшiн алған нәтижесiнiң практикалық мәндiлiгi мен айналасындағылардың берген бағасы маңызды. Сондықтан ОЖ орындаушыға iстелген жұмыстарының ойын немесе имитациялық түрде жинақтылығы мен аяқталғандығын болжауы керек. Бiткен жобаның көрсетiлуi және үлкендер мен құрдастарының назарында болуы өте маңызды.

4. Практика көрсеткендей, оқушылардың бiр-бiрiнiң жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiн өзара талдау үшiн оларға жағдай жасау керек. Бұл жағдайда өзара оқыту үдерісі жүредi, ол оқушыға да, мұғалімге да пайдалы.

5. Жобалау әдiсi компьютермен (АКТ) жұмыс жасауды меңгеруге бағытталады.

Продуктивтік оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың негізгі қызметтерімен қатар, әлеуметтік белсенділікті таныту түрі ретінде информатика аумағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға байланысты неғұрлым күрделі мәселені шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет