Бидайбеков Е


Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау



бет79/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108
Байланысты:
treatise13514

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау
Информатика пәнiн мектепке енгiзумен қатар бiр мезгiлде техникалық құралдар тiзiмi бойынша бiрiншi әдiстемелiк нұсқаулар, көрнекi оқу құралдары мен есептеуiш техника кабинеттерi жиһаздары пайда бола бастады [9, 30]. Содан кейін мектептегi ЕТК-ны жабдықтауға нұсқау беретiн нормативтiк-әдiстемелiк актiлер, сонымен қатар оларды қауiпсiз және тиiмдi пайдалану шарттары пайда болды [22,29, 34-36]. ЕТК туралы ресми түрде бекiтiлген бiрiншi ережеге сәйкес [34], қазiргi кезде есептеуiш техника кабинеттерi өзiнiң ұйымдастыру бөлiктерiндегi мәнiн сақтап отыр. Есептеуiш техника кабинеттерi – бұл есептеуiш техниканың оқу кешенiмен (ЕТОК), көрнекi оқу құралдарымен, оқыту құрылғыларымен, жиһазбен, оргтехникамен және информатика курсы бойынша теориялық, практикалық, сыныптық, сыныптан тыс және факультатив сабақ өткiзуге лайықтап жабдықталған орта мектептiң оқыту-тәрбиелеу бөлiмшесi. ЕТК сонымен қатар, әртүрлi оқу пәндерiн оқытуға, оқу-тәрбиелеу үрдiсiн тиiмдi басқаруда еңбекке оқытуға, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өндiрiстiк еңбектерiн ұйымдастыруға арналған. ЕТК сондай-ақ оқушылардың компьютерлiк клубтарын ұйымдастыруда және мектептегi сыныптан тыс жұмыстардың басқа түрлерiнде де қолданылуы мүмкiн. ЕТК оқытудың табыстылығына жоғарғы дәрежеде ықпал етуi үшiн, оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту мен тәрбиелеу үшiн, олардың информатика және басқа ғылым бойынша мықты бiлiм, бiлiктiлiк және дағдысын қалыптастыру үшiн, мұғалiм мен оқушы еңбегiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауды толығымен қамтамасыз ету үшiн психологиялық, гигиеналық және эргономикалық қолайлы орта болып ұйымдастырылуы қажет.

Уақыт өте келе, бiлiм беру саласында (мектепте) есептеу техникасы құралдарының функционалдық қызметiн және программамен қамтамасыз етудi кең ауқымда қолдануды қарастырады [29, 40]:



  • жалпы бiлiм беретiн және арнайы пәндердi оқуда және кәсiби дайындықта оқыту құралы ретiнде;

  • оқушыларда ақпараттық мәдениет негiздерiнiң қалыптасуы үшiн, ЭЕМ-да практикалық және қазiргi заманғы колданбалы программалармен жұмыс жасау бiлiктiлiгi мен дағдысына төселдiру;

  • ақпараттық желiлер (жергiлiктi және таратылған) және телекоммуникациялар қызметiн қамтамасыз ету үшiн;

  • бiлiм берудi басқару жүйесiнде және оқу орнының iшiнде құжаттарды жүргiзудi және iс-қағаздарын жүргiзудi автоматтандыру үшiн;

  • мультимедиа құралдары, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негiзiнде оқу-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және ұйымдастыру үшiн;

  • бақылау үдерісiн автоматтандыруды қамтамасыз ету, оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн коррекциялау, тестiлеу және психологиялық барлау үшiн;

  • оқу, демонстрациялық құрылғыларды басқару, оқу экспериментiнiң нәтижесiн өңдеу үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету үшiн;

  • педагогикалық программалық қамтамасыз етудi жасау және онымен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн мектептегi есептеу техникасы кабинетiн қалай жабдықтау (не сатып алу керек) мәселесi бойынша арнайы жасалған нұсқаулар бар [23, 16]. Әдетте, бұл бiлiм беру саласында қолданылатын есептеуiш техникасына қойылатын психология-педагогикалық, эргономикалық және басқа талаптармен анықталатын техникалық сипаттамалардың және аппараттық, программамалық құралдар параметрiнiң мол жиынынан тұратын өте, толық құжаттар. Осындай құжаттар, жекеше алғанда, бiлiм беру қажеттiлiгiне орай есептеуiш техниканы таңдауды iске асыратын сараптық кеңес үшiн бiлiм берудi басқару ұйымдарына көмек көрсету нұсқауы ретiнде қажет.

Өкiнiшке орай, ЕТҚ техникалық және қызметтiк сипаттамаларының тез жетiлдiруiне байланысты бұл нұсқаулар өте аз уақытқа жарайды, сондықтан да оларды 5 жылда бiр рет жаңартудың өзi аздық етедi.

Компьютерлiк құрылғылардан басқа информатика кабинетiн жабдықтау ұсынылады [22]:



  • оқушылардың қауiпсiздiк техникасына арналған кiрiспе және мерзiмдi нұсқаулар журналымен;

  • әрбiр жұмыс орнында ЕТОК-ты пайдалану журналымен;

  • ДЭЕМ-ның iстен шығу және оны жөндеу жайлы мәлiмдеу журналымен;

  • демонстрациялық кесте және оқушылардың жұмыстарын орналастыру үшiн стендтермен;

  • алғашқы көмек көрсету қобдишасымен;

  • өрт сөндiру құралдарымен;

  • мектеп директоры бекiткен информатика кабинетiнiң жабдықтаудан бұрынғы жоспарымен, кабинеттегi барлық оқу құрылғыларын тiркейтiн инвентарлық кiтапшалармен.

Компьютерлiк кабинеттердi жабдықтауда және қолданғанда бейнедисплейлiк терминал (БДТ) және ДЭЕМ–мен жұмыс iстеу кезiнде адамға қауiптi факторлардың қолайсыз әсер етуiнен сақтап қалу үшiн санитарлық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау өте маңызды болып табылады [35]. Қазіргі кезде информатика кабинеттері негізінен электромагниттік және электростатистикалық өрістерінің көздері болып табылатын электрондық-сәулелі түтікшенің негізінде жасалған мониторлары бар дербес компьютермен жабдықталған. Бұл өрістердің қарқындылығы көптеген факторларға, жекеше алғанда монитордың экранына шығарылатын бейненің типінен, бейненің ашықтығынан, шығарылатын символдардың санынан, экранның ауысу жиілігінен, шаң, температурадан, ауаның ылғалдылығы мен циркуляциясына тәуелді болады. ДК қызмет етуі кислород концентрациясының төмендеуіне, озон құрамының көтерілуіне, ауаның иондық құрамының бұзылуына әкеледі.

Бейне-дисплейлік терминалда (БДТ) оқушылардың үздiксiз жұмыс iстеуi олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат етiлген уақыттардан аспауы керек:



  • 1 сынып (6 жас) оқушылары үшiн – 10 минут;

  • I-V сынып оқушылары үшiн – 15 минут;

  • VI-VII сынып оқушылары үшiн – 20 минут;

  • VIII-IХ сынып оқушылары үшiн – 25 минут;

  • Х-ХI сынып оқушылары үшiн сабақтың бiрiншi бөлiгiнде – 30 минут, екiншiсiнде – 20 минут.

БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасағанда жоғарыда белгiленген жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар кешенін, ал әрбiр сабақтан кейiн үзiлiсте – жалпы шаршаудан сақтану үшiн физикалық жаттығулар жасау керек. Х-ХI сынып оқушылары үшiн БДТ және ДЭЕМ қолдану сабақтарының саны аптасына 2-ден, ал басқа сыныптар үшiн 1 сабақтан аспауы керек. БДТ және ДЭЕМ-қолданып үйiрме сабақтарын өткiзу аптасына екi реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:

- II-V сынып (7-10 жас) оқушылары үшiн 60 минуттан аспауы керек;

- VI және жоғары сынып оқушылары үшiн 90 минуттан аспауы керек; болуы керек.

Санитарлық-гигиеналық талаптар факторы ЕТК-да оқу үдерісін ұйымдастыруға, информатикадан әрбiр сабақ құрылымына қатаң шектеулер қояды, ол жоспарлауда ескерiлуi керек. Жекеше жағдайда, бұл программалық құралдарды пайдалану уақытының ұзақтығын есепке алуға тiкелей қатысты, оның қолданылуы сабақта қарастырылады.

БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасаудың қауіптік мәселесі өзекті, себебі ол балалардың денсаулығына әсер етеді. Санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес, жалпы бiлiм беретiн мектептерде мұғалiмдер үшiн дисплей сыныптарында және информатика кабинеттерiнде жұмыс iстеу ұзақтығы күнiне 4 сағаттан аспауы керек, ал кабинеттерде БДТ және ДЭЕМ-мен оқу үдерісіне қызмет көрсететiн инженерлер үшiн жұмыс ұзақтығы күнiне 6 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күнiндегi жүктеменi азайту үшiн жұмыста қосымша үзiлiстер берiледi.

Информатика кабинетiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн мектеп директорының бұйрығымен информатика мұғалiмдерiнің iшiнен ЕТК-нiң меңгерушiсi тағайындалады. Кабинет меңгерушiсi кабинеттi жабдықтау, мұғалiмдер мен оқушылардың есептеуiш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, ақпараттық технологияны қолданып информатиканы және басқа оқу пәндерiн оқытуды ұйымдастырушы болып табылады. ЕТК меңгерушiсi кабинеттi мектептiң оқу жоспарына сәйкес пайдалануын қамтамасыз етедi, кабинеттi жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасайды. «Тiзiмге» сәйкес оны жабдықтауды, оқу-әдiстемелiк көрнекi құралдармен және оқыту техникалық құралдарымен толықтыру шараларын жасайды, сонымен қатар кабинеттегi бар жабдықтар мен есептеуiш техника құралдарының сақталуын жауапкершiлiкпен қарайды [3]. Кабинет меңгерушiсi инвентеризациялық жазу журналын жүргiзуге, жабдықтардың қолдануға әрқашан даяр тұруын, ЕТ профилактикалық техникалық қызмет көрсетуiнiң өз уақытында және ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның iстен шығу жағдайында оларды тiркеу және жөндеуiн ұйымдастыру, ЕТК-да санитарлық-гигиеналық талаптар және қауiпсiздiк техникасына қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершiлiгiне алады.

Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де оқушылармен өткiзiлетiн оқу, үйiрме, қосымша сабақ және басқа сабақтарды жоспарлауға қатысады; сабақтың барлық түрлерi мұғалiмнiң қатысуымен өтуi мiндеттi. Кабинет меңгерушiсi ЕТК-де сабақ өткiзетiн мұғалiмдердiң алғашқы және мерзiмдi қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқауын өз уақытында жүргiзуiн қадағалауды жауапкершiлiгiне алады. Алғашқы нұсқауда мұғалiм оқушыларды кабинеттегi тәртiп ережелерiмен, қауiпсiздiк техника ережелерiмен және еңбек гигиенасымен, жұмыс кезiнде кездесiп қалатын қауiптi кезеңдер және оған сәйкес сақтану шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау дәріс, әңгiмелесу түрiнде өткiзiледi. ЭЕМ-де жұмыс iстеу алдындағы нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады, оның мақсаты - оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап және ұйымдастыру талаптарымен, қауiпсiз жұмыс әдiстерiмен және қорғаныс құралдарын қолдану ережелерiмен, нақты жұмыс кезiнде мүмкiн болатын қауiптi кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс орнындағы мiндеттерiмен, сонымен қатар қауiптi жағдайлар туғанда өзiн-өзi ұстау ережесiмен таныстыру болып табылады. Жұмыс орнындағы мерзiмдi нұсқау қысқаша болуы керек, нақты нұсқау және керектi жағдайда жұмысты дұрыс және қауiпсiз орындау тәсiлдерi қоса көрсетiлуi керек. Оқушылармен өткiзiлген нұсқау мәлiметтерi арнайы журналға жазылады (1-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет