Бидайбеков Е


-кесте. Техникалық қауiпсiздiк бойынша нұсқау өткiзудi тiркеу журналы



бет80/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108
Байланысты:
treatise13514

1-кесте. Техникалық қауiпсiздiк бойынша нұсқау өткiзудi тiркеу журналы



Нұсқау алушының фамилиясы

Күні,

мер-зімі


Нұсқау аттарының көрсетумен нұсқау өткiзудiң мазмұны

Нұсқау өткiзушiнiң Ф.А.Ә., қызметi

Нұсқау өткiзушiнiң қолы, қызметi

Нұсқау алушы-ның қолы





















Тәжiрибе көрсеткендей, мектептегi информатика кабинетi қызметiн ұйымдастырудың маңызды түрi оқу-әдiстемелiк семинар болуы мүмкiн, оның жұмысына информатика мұғалiмдерi ғана емес басқа пән мұғалiмдерi де тартылады. Семинар оқытуда АКТ-ны қолдану тәжiрибесiн таратуды, жаңа программалық құралдармен таныстыруды, мұғалiмдерге ЭЕМ-де жұмыс iстеу негiздерiн оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi бағыттарын талдауды және т.б. тарату үшiн ұтымды қолданылуы мүмкiн. Семинар жұмысының бағыты әр түрлi, мұғалiмдердiң ақпараттық мәдениетiн жетiлдiру шарасы бойынша өзгеруi мүмкiн. Мектепте басқа пән мұғалiмдерi АКТ құралдарын толық меңгермеген жағдайда, сыныптағы оқу пәнi бойынша ақпараттық технология құралдарын қолданып сабақ өткiзуде екi мұғалiмнiң (информатика және пән мұғалiмдерi) бiрлескен жұмысын қаржыландыру ұсынылады.

ЕТК меңгерушiсi жұмысына зертханашы (немесе техник) көмек көрсетедi. Зертханашы (техник) кабинет меңгерушiсiнiң тiкелей қол астында болады және оның алдында оқу жабдықтарын пайдалану және олардың дұрыс, бұзылмай сақталуы жайлы есеп бередi. Зертханашы ЕТОК-ның барлық жүйесiн, оларды күту тәртiбiн, көрнекi құралдар мен техниканы сақтау шартын бiлуi мiндеттi. ЕТК-нiң болашақтағы даму жоспарына сәйкес зертханашы кабинет меңгерушiсiнiң жетекшiлiгiмен қажеттi оқу жабдықтарын алуға қатысады, есеп, инвентризациялық жазу жүргiзедi.

Зертханашы мұғалiм жоспары бойынша және оның жетекшiлiгiмен сабаққа жабдықтар даярлайды. Зертханашы оқушылардың қауiпсiздiк техника ережелерiн сақтауын, өртке қарсы және алғашқы көмек құралдарының үнемi дайындығын қамтамасыз етедi, сабақ кезiнде бұзылып қалған техниканы тiзiмдейдi, сонымен қатар iстен шықққан құралдарға кiшiгiрiм жөндеу жасайды.

Санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес информатика кабинетiнде 18 кв. м-ден кем емес, екi есiгi бар, бiрi - оқу ғимаратына, екiншiсi - басқыш алаңына шығатын лаборанттық алаң болуы керек.

Программалық жабдық информатика оқыту құралдар жүйесінің ажырамас компоненті болып табылады, ал қамтыманың ең аз дегендегі жиынтығы информатика кабинетінің құралдар жиынтығының құрама бөлігі болып табылады.

Нормативті құжаттар [37, 92] және т.б. информатика кабинетін информатика курсын және басқа да оқу пәндерін оқытуға қажетті оқыту бағдарламаларымен қамтуды ұсынады.

«Ортақ орта білім саласында ақпараттандыру және коммуникация, есептеуіш техника құралдарын тиімді және қауіпсіз қолданудың педагогика-эргономикалық шарттары» [92] құжатында көрсетілгендей, білім саласында есептеуіш техника және программалық жабдықтар құралдарының функционалдық міндеттері кең қолдану диапазонында қарап келе жатыр:

• кәсіптік даярлау, арнайы және орта білім пәндерін оқу кезінде оқыту құралы ретінде;

• ақпараттық желілердің функционалдығын қамту (жергілікті және арнайы) және телекоммуникация;

• оқушыларда ақпараттық мәдениетті, ЭЕМ және заманауи қолданбалы программалармен тәжірибелік жұмыстарын жасау біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;

• оқыту үдерісін басқару жүйесінде және оқыту орындарының ішіндегі құжаттар мен құжатты рәсімдеуді автоматтандыру;

• мультимедиалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқытушы-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастырып жүзеге асыру;

• бақылау үдерісін, оқыту іс-әрекетінің қорытындылаурын реттеуге, тестілеуді және психикодиагностиканы автоматтандыруды қамтамасыз ету;

• оқытушы, демонстрациялаушы құрылғыларды басқару, оқытушы эксперименттердің қорытындыларын өңдеу үдерісін автоматтандыру;

• педагогикалық программалық жабдығын және онымен байланысты ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың қамтамасын жасау.

Информатика курсының толық бағытталуы мынадай мәселелерді шешуі тиіс:

- курсты оқыту қолдауышы (теориялық сұрақтарды оқу, ЭЕМ-мен жұмыс жасау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру);

- оқыту үдерісін басқаруды, оқыту іс-әрекетін автоматтандыру үдерісін қамтамасыз ету;

- оқушылардың ортақ дамуына және оқыту іс-әрекетінің мәдениетін көтеретін мамандандырылған білік пен дағдыны қалыптастыру (мәтіндік редактормен, оқытушы электрондық құралдармен, ақпаратты-іздеу құралдарымен, әртүрлі графикалық және музыкалық редакторлармен жұмыс жасау дағдылары).

Информатиканы оқыту үдерісінде негізгі мәселелердің бірі программалық жабдықтаудың әр түрлі түрлерін оқыту және оларды пайдалану екенін ескеру қажет. Соның нәтижесінде информатика кабинетінде пайдаланылатын программалық, біріншіден, жоғарыда айтылған мәселелерде шешуге; екіншіден, барлық кәсіби программалық жабдықпен таныстыруға (информатика курсы бойынша мемлекеттік білім стандартына сәйкес) мүмкіндік беруі тиіс.

Программалық жабдықты ішінде ерекше орын алатын педагогикалық программалық құралдар (ППҚ). Олар қазіргі таңда оқыту үдерісінде кеңінен қолданылады және төмендегідей мүмкіндік береді:

• оқыту үдерісіне қатынасты жекешелендіру және саралауға;

• оқушылардың қателерін диагностикалай отырып интерактивті бақылауға;

• оқыту үдерісін өзі тексеруі мен түзетуін қамтамасыз ету;

• компьютерде оқыту уақыт қысқарту;

• визуалды оқыту ақпаратын демонстрациялау;

• үдерістерді мен құбылыстарды модельдеу және қолдан жасау;

• виртуалды өмір шарттарында эксперименттерді, тәжірибелерді және зертханалық жұмыстарды жүргізу;

• оңтайлы шешім қабылдау біліктіліктерін құру;

• ойын ситуацияларды қолдана отырып оқу үдерісіне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру;

• тану мәдениеті мен ақпараттық мәдениет дағдыларын құру.

Кейінгі кезде лазерлі, әр түрлі оқу курстарының материалдарын қамтыған, оқыту үдерісінде сабақ үстінде оқушылардың жеке және фронтальді жұмыстарын, сондай-ақ өзіндік үй жұмыстарын демонстрациялауға арналған компакт-дисклер жоғарғы таралымға ие болды.

Компакт-дискілер оқушының оқу материалымен интерактивті қарым-қатынасын орнатуға, оқу материалын меңгерудің жеке траекториясын құруға, кері байланысты «мұғалім-оқушы» орнатуға көмектеседі.

Әйтседе қазіргі таңда барлық шығарылған құралдар дидактикалық, эргономикалық және тағы басқа оқу үдерісінің талаптарын қанағаттандырмайды

Информатика кабинетінің программалық жабдықтарына қойылатын талаптар жүйесін жасауға болады:

1. Дидактикалық (әдістемелік) талаптар:

1.1. Программалық құралдардың ақпараттық технологияларға сәйкес оқыту саласының тұжырымдамасын демонстрациялау керек.

1.2. Программалық жабдықтың оқыту үдерісінің қолжетімді мәліметтердің өңдеу амалдарын және басқа да программаның мүмкіншіліктері кіру керек. Ол оқушыларға әр сабақта сол сабаққа сәйкес, оқытылып жатқан тақырыпқа байланысты және оқушылардың біліміне программаның тиімді «нұсқасын» қолдануға мүмкіндік береді.

1.3. Программалық жабдық оқушының өзіндік жұмыстарын жасау іс-әрекетінің негізгі жұмыс құралы болып табылады.

1.4. Қолданушы интерфейс заманауи кәсіби қолданбалы құралдардың стандартты мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Бұл талаптың мақсаты – кәсіби программалық жабдықтау құралдарын пайдалану кезінде қажетті болатын дағдыларды қалыптастыру. Негізінде әмбебап программалық жабдықтау интерфейсі:

• «құлайтын» (pulldown) мәзірі бар интерактивті ұйым;

• көпконды ұйым (қажеттілігі бойынша);

• пернетақта және тышқан арқылы баскару;

• орыстілді интерфейс.

1.5. Орыс тілінде құрылымы жоғары дәрежеде жасалған жүйенің орнатылған көмекші құралының болуы (негізгі тұжырымдамалардың, ережелердің және қолдану әдісінің, ұсыныстардың бөлімдерімен бірге, механизмнің қосымша көмегімен жүзеге асырылатын).

1.6. Пернетақтаның және тышқанның кодталған батырмаларынан тұратын арнайы дайындалған файлдардан құралған программалар жұмысты басқару мүмкіндігі, оқушымен сұхбат жасау және т.б. (tutorial-файлдар деп аталатын).

1.7. Программалық құралды оқыту үшін оқытушы және әдістемелік әдебиеттердің, сонымен қатар гипермәтіндік немесе мультимедиялық құралдардың болуы.

1.8. Компьютерлік сыныптың мұғалім шарттарын пайдаланудың қауіпсіздігі және тиімділігі, программалық жабдықтаудың рекетін бірізді етпейтін іс-әрекеттерден сақтау.

1.9. Педагогикалық программалық құралдарға қойылатын талаптар:

• ғылыми дәлелденген және педагогикалық ұсынылған ақпарат (заңды, теорияны және оқытылып жатқан курс бойынша басқа да білім элементтерін түсіну жүйелері);

• білім аумағына сәйкес стандарттарға материалдардың сәйкес болуы, «қағаз» кітаптармен қоса басқа да оқыту құралдарын пайдалану мүмкіндігі;

• оқыту материалының жеке және интерактивті бағыттары; оқудың жеке траекториясының болу мүмкіндігі; оқыту материалдарының қиындық деңгейлеріне және оны қабылдау мүмкіндіктеріне қарай бөлінуі;

• өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты ақпаратты берудің тірі-эмоционалдық формасы; көру мүкіндіктерін тыңдау және музыкалық мүмкіндіктерінен жоғары қою; іс-әрекеттің ритмі мен темпін, оқу материалының көлемін оқушының өзінің таңдауына мүмкіндік беру;

• сыни ойлау, қарастырылып отырған нысандарға және мәселелерге аналитикалық қатынасты, оқытылып отырған материалға байланысты оқытушы-танымдық және шығармашылық тапсырмалардың болуы; оқушылардың материалдармен жұмыс жасау кезінде компьютердің қатқыл дискісінде сақталған мұғалімнің құралды жасау мүмкіндігі;

• достықты және интуитивті интерфейс; стандартты мәзірлер мен құралдар панеліндегі батырмаларды пайдалану; жаңаланып тұратын Интернет-ресурстарымен қатынаста болу және Интернет арқылы жаңалықтар алу;

• іздеудің жетілген жүйесі;

• оқыту іс-әрекетін бағалау, бақылау қызметтерін және рефлексияның болуы.

2. Эргономиялық және санитарлық-гигиеналық талаптар:

2.1. программалық жабдықтың интерфейсі кәсіби жұмыс кезінде қажетті, бірақ оқыту үдерісінде қажетті емес көптеген қосымша мүмкіндіктермен толтырылмауы керек.

2.2. Оқушылардың көздерінің көру қабілеттіліктерін сақтау, асыра шаршаудың алдын алудың гигиеналық талаптарын орындау. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, интеллектуалдық дайындықтарын тіркеу.

3. Экономикалық және әділеттілік талаптары:

Қолданылып жатқан программалық жабдықтау лицензиялық немесе шартты тегін таратылған программалық құрал болуы тиіс.

4. Дербес компьютердің (ДК) ресурстарының талаптары:

4.1. Программалық жабдықтау графикалық амалдар жүйесіне бағытталған болуы тиіс (мысалы, Windows).

4.2. «Тышқан» атты манипуляторды пайдалану міндетті, әйтседе программа пернетақта арқылы да басқару толық мүмкін болуы тиіс.

5.3.3. Информатиканы оқытудың ақпараттық құралдары

Нормативті құжаттарды көрсетілгендей компьютер құралдары мен программалық жабдықтаудан басқа информатика кабинетінде мынадай құралдар болуы тиіс [51]:

• оқыту кезінде жеке қатынасты қамтамасыз ететін тапсырмалар, ПЭЕМ де өзіндік жұмыстар мен жаттығуларды ұйымдастыру;

• оқытушы-әдістемелік, ғылыми-танымал, анықтамалық әдебиеттер кешендері.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты информатика кабинетінің ақпараттық құралдары басылым және электрондық түрінде мынадай құралдардан тұруы тиіс:

- оқытушы қосымшалар;

- жұмыс дәптерлері;

- көрнекілік құралдар;

- есептер, практикумдар және т.б.;

- пән бойынша қосымша әдебиет (соның ішінде газет-журналдар);

- оқытушы-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер.

Әр түрлі типті кітаптар мен оқытушы құралдарды (хрестоматия, есеп кітаптары, сөздіктер, дидактикалық қосымшалар, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптар, оқытушы бейнефильмдер жіне т.б.) оқытушы программалармазмұнының нақты көшірмесі болып табылады.

Информатиканы оқыту үдерісінің негізгі компоненттерінің бірі мектеп оқулығы болып табылады.

Оқулық – нақты оқыту курсы бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыруға қажетті, жүйелі оқыту матреиалдарынан тұратын кітап немесе басқа да ақпарат тасымалдау құралы.

Оқулықтың екі негізгі қызметі бар: 1) білім стандарттарына сай оқушыларға ақпаратты түсінікті түрде беретін оқыту ақпаратының құралы болып табылады; 2) оқыту үдерісін ұйымдастыратын, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі оқыту үдерісі, оқыту құрылғысының қызметін атқарады.

Оқулық өз кезегінде оқыту үдерісінің кешенді ақпараттық моделі болып табылады. Ол оқытудың мақсатын және мазмұнын, дидактикалық принциптерін, оқытудың технологиясын көрсетеді. Оқулықта оқытудың мәселені қою, ақпаратты беру, мәселену шешу жолдарын ашу, жүйелеу және толықтыру, бекіту және бақылау, өзіндік зерттеу, үй жұмысы секілді кезеңдері көрсетіледі.

Дидактикалық жүйенің кез келген элементі оқулықта өзіндік мәнін табады. Егер оқулықты оқыту іс-әрекетін ұйымдастырушы ретінде қарастырсақ, онда бөлімдердің бір тақырып бойынша құрылымы мен мазмұны оқыту үдерісінің элементтері мен кезеңдеріне сәйкес болуы тиіс.

Әйтседе оқулық оқыту үдерісінің барлық жағын қамтамасыз ете алмайды. 1970 жылдардан бастап оқытушы-әдістемелік кешендер қолданыла бастады. Олар оқыту үдерісінің қосымшалары ретінде оқушылардың жеке бағытталған оқу дәрежесін жалпы мектеп бойынша өзіндік ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушы-әдістемелік кешендер кейбір оқу курстары бойынша бірнеше ондаған элементтерден тұрады: оқулық, есеп кітабы, оқу кітабы, хрестоматия, жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, бейнетаспа, CD-Rom және т.б.

Электрондық оқулық – ол электрондық құжат түріндегі оқулық, яғни ЭЕМ жадысында сақталған құжат. Ол арнайы экран (монитор) бетінде ғана көрінеді және оған тек ЭЕМ арқылы ғана өзгеріс енгізуге болады [19]. Дәл осы анықтаманы электрондық оқыту қосымшаларына да беруге болады. Олар өз кезегінде тапсырмалар мен есептер жинағынан, карталар мен сұлбалар альбомдарынан, атлас, хрестоматия, практикум, анықтамалықтар, тренажерлардан және т.б. электрондық қосымша құралдардан тұрады.

Мұндай оқулық гиперсілтемелерді жүзеге асыратын, графиканы анимацияны, диктордың сөзін, интерактивті тапсырмаларды, мультимедиялық эффекттерді, тіркеу формаларын орындау мүмкіндігі бар форматта орындалады, компьютерлік желілерде сонымен қатар оптикалық (CD, DVD және т.б.) құрылғыларда жарияланады.

Қарапайым оқулықтың электрондық көшірмесі болса болғаны оңай-ақ электрондық түрге ауыса алады.

Оқытудың электрондық басылымдардың қағаздағы басылымдардан он ерекшеліктері мен артықшылықтары бар:

- сақтаудың оңтайлығы (бір CD дискінде бірнеше мыңдаған кітаптардың мәтіні сақталуы мүмкін);

- электрондық оқулықтар мәңгі деседе де бола, оларда физикалық көнеру және тасымалдау барысында жыртылып қалу қаупі болмайды;

- мобильдігі, материалды өзгертудің және орын ауыстырудың оңайлығы, мұғалім өзінің оқыту үлгісіне сай өзгертулер енгізіп, жаңа тапсырмалар, жаңа материалдар және Интернет мәліметтерін қосу мүмкіндігі және ол өзгерту нәтижесінде қайта басып шығаруды талап етпейді;

- іздеу шаблоны бойынша мәтінді іздеудің, өзгертудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану мүмкіндігі;

- іздеу жүйелері арқылы мектептің электрондық кітапханасында керекті кітапты жылдам тауып алу мүмкіндігі (медиатека), сонымен қатар оның ішінде керекті ақпаратты (заң, ғалымдардың аты, параграф, ілім) тез тауып алу мүмкіндігі;

- таралымы: қажеттілігі бойынша оқулықтың керекті жерлерін басып шығаруға немесе оқулықты толық басып шығару мүмкіндігі;

- мәтінді статикалық және семантикалық өңдеу мүмкіндігі;

- оқытушылық ақпаратты веб-сайтта жариялау немесе мектеп серверінде жариялау, сонымен қатар электрондық пошта арқылы жіберу мүмкіндігі. Соның нәтижесінде оқулық көптеген оқушылардың оқу үдерісіне өз көмегін көрсетеді;

- нақты кейбір оқушылардың оқулықтың кейбір беттеріне, кейбір бөлімдеріне рұқсатты шектеу;

- электрондық оқулықтардың түрлерінің көптігі (мұғалімге арналған, оқушыға аналған), оқушыға арналған түрі өзінің жеке жұмыстарымен, сыныптастарының жұмыстарымен, сонымен қатар сілтемелермен, басқа да мәліметтермен толықтырылуы мүмкін. Ол оқушыларға өзінің компьютерінде немесе CD дискіде өзіндік жеке кітапханасын құрастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтағы басылым немесе олардан жинақталып алынып, басқа сайт ресурстарында жарияланған мәліметтерді басқа да адамдардың көруі жұмыс жасау кезінде өзінің жариялап жатқан ақпаратының нақты әрі дұрыс екендігіне жауапкершілікті арттырады;

- оқулықтың гиперсілтемелік құрылымы оқушының жеке оқу траекториясын шығаруға көмектеседі, бірақ оқулықтың навигация жүйесі ақпараттың логикасын және жүйелі берілуінің мазмұнына сәйкес жасалуы қажет;

- өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау режимінде жұмыс жасау мүмкіндігі;

- анимация, компютерлік ойындар және т.б. мультимедиа элементтерін қоса отырып оқулықтың интерактивті және әдемі болуы.

Негізінде электрондық оқулық пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпаратты-анықтамалық материалдардан, сонымен қатар білімді өз бетінше меңгеру және бақылау кезінде жүйелі қолданылатын, автоматтандырылған оқытушы жүйесі болып табылуы қажет.

Электрондық оқулықтардың кейбір кемшіліктерін атап кеткен жөн:

- басылған құрал электрондық көшірмеге қарағанда оқуға ыңғайлы;

- мақсатқа жетудегі гиперсілтемелердің нагивациясының қиындығы;

- электрондық оқулықты пайдаланғанда санитарлық-гигиеналық нормалары мен талаптарын сақтау керектігі [63].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет