Бидайдыњ біртектілігін аныќтау


Тамақ өнімдерінің электрөткізгіштігін анықтау



бет2/25
Дата21.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#85365
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Тамақ өнімдерінің электрөткізгіштігін анықтау.


Жұмыстың мақсаты - арнаулы приборда сұйық тамақ өнімдерінің электр өткізгіштігін анықтау.
Құрал- жабдықтар: электр өткізгіштігін анықтайтың прибор, химиялық стакандар, микроамперметр.
Зерттелетін сұйықтар: ет сорпасы; тамақ эмульсиялары- судағы май тәріздес; ас тұзының әр-түрлі концентрациядағы 1,2,3,4,5,6 %-тік ерітінділері.
Электромагниттік өрістегі жағдайы тұрғысынан алып қарағанда, ет және ет өнімдері құрамында су бар, гетерогендік қоспаларға жатады. Белоктар, майлар, көмірсулар, су т.б. компоненттер класификация бойынша өткізгіштер болып табылады.
Жеке электр өткізгіштік /&/- маңызды электро-физикалық көрсеткіштердің бірі. Ол температураға, ортаның рН-көрсеткішіне, ұсақтау дәрежесіне және тұтқырлыққа тәуелді.
Электр өткзгіштігінің өлшем бірлігі ом -1хсм-1. Тұздардың ертінділерінің электр өткізгіштігі еріген заттардың концентрациясына байланысты.
Мысалы, CuSO4 10 %- тік ерітіндісінің жеке электр өткізгіштігі - 3,10·10-2ом-1 см-1, ал NaCl 10 %-тік ерітіндісінікі - 0,12.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Электр өткізгіштігін анықтау диэлектрлік қақпақтарына графит электродтар орнатылған 6 стаканы баар арнаулы приборда орындалады.
1. Стакандарға зерттелетін сұйықтарды құяды.
" Гальванометр" деген клеммаларға микроамперметрді қосады.
Тумблер арқылы приборды тоққа қосады.
"Ерітінділер" деп жазылған қосқыш арқылы кезек-кезек зертелетін сұйықтардағы электродтарды іске қосады.
" Өлшеу" кнопкасын басу арқылы ертіндіден өткен ток күшін I анықтайды. Ары қарай U=I·R және &=1/R қатынастарынан электр өткізгіштігін әрбір ерітінді үшін анықтайды.
Өлшеулердің қорытындысы бойынша электр өткізгіштігінің ертінділердің концентрациясына тәуелділігінің графигін салады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке электр өткізгіштігі деген не?

  2. Тамақ өнімдерінің электр өткізгіштігі қандай себептерге байланысты?

  3. Ертінділердің концентрациясы мен электр өткізгіштігінің арасында қандай байланыс бар?

  4. Сұйық өнімдердің электр өткізгіштігін анықтау үшін қандай тәсілдер қолданылады?

2 Лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет