Биыл еңселі еліміз үшін ерекше жыл



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.03.2017
өлшемі1 Mb.
#10174
1   2   3

Айдана СЕЙІЛ.

ЖАН АЗЫҒЫНЫҢ 

ЖАНАШЫРЛАРЫ

Астана 

қаласынан 

кел-

ген 

«Фолиант» 

баспасының 

ұйымдастыруымен  Еуразия  ха-

лықаралық  кітап  көрме-жəр-

меңкесі өтті.  

Көрмеге мемлекет жəне қоғам 

қайраткерлері,  белгілі  ғалымдар, 

оқытушылар мен студенттер, мек-

теп  оқушылары  жəне  қала  тұр-

ғындары келді.

Жақын  жəне  алыс  шетел-

дерден  келген  баспагерлер,  ре-

дакторлар,  жетекші  ғалымдар, 

мəдениеттанушылар  Қорқыт  ата 

кешенінің фотоальбомына, Қорқыт 

ата  энциклопедиясына,  Байқоңыр 

ғарыш  айлағы  туралы  жəне  т.б. 

кітаптарға қызығушылық танытты. 

Шара  аясында  «Кітап  мəдениеті 

мен 


гуманитарлық 

ынтымақ 


контексіндегі 

еуразияшылдық» 

атты 

халықаралық 



ғылыми-

практикалық  конференция  өт-

кізілді.

ОЙЫ ҰШҚЫРЛАР 

ОЗДЫ

Облыстық 

ішкі 

саясат 

басқармасы  мен  «Сана»  зият-

кер  жастар  мектебі»  қоғамдық 

қорының 

ұйымдастыруымен 

қала  жастары  арасында «60 се-

кунд»  интеллектуалды  ойыны 

өткізілді. 

Жарысқа қатысушылар сайыс-

тың 1-ші бөлімінде 30 интеллекту-

алды сұрақтарға жауап беріп, 2- ші 

бөлімінде  əлемдік  мəселелер  бой-

ынша мақала жазудан бақ сынасты. 

Нəтижесінде 20 топтан үздіктердің 

үздігі  «Чарли  Чап лин»  командасы 

болды.  ІІ  орынды  «Кибей  спэйс» 

тобы,  ал  «Эврикум»  командасы 

жүлделі ІІІ орынды иеленді.   

ҚАРЖЫЛАЙ 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«Нұр  Отан»  партиясы  «Те-

мір жол» филиалының ұйым дас-

тыруымен ашық есік  күні өтті. 

Шараға  көп  балалы  жəне 

аз  қамтылған  жəне  мүмкіндігі 

шектеулі  балалар  жəне  олардың 

ата-аналары қатысты.  

Филиал  төрағасы  «Теміржол» 

партия  филиалының    төрағасы, 

облыстық 

мəслихат 

депутаты 

Аманкелді  Арысбаев  мүмкін дігі 

шектеулі  балалардың  ата-ана-

ларымен  сөйлесіп,  мəселелерінің 

оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.

7  бала  тəрбиелеп  отырған 

Үмбетовтер отбасына филиал аты-

нан қыстық киім-кешек алып бер-

се, 6 баланың  анасы  жолаушылар 

вагондарын  жөндеу  мекемесінің 

жұмысшысы  Ж.Бижановаға    қар-

жылай көмек көрсетті.

Мерейі тасыған 

мектеп

Мектеп – білімнің бұлағын ашып, өмірдің 



шырағын жағатын киелі орын. Ұстаздардың 

тəлімі мен тəрбиесі ұштасқан бұл жерден 

талай түлек түлеп ұшты. Тарыдай болған 

бүлдіршіннен таудай тұлға қалыптасты. 

Мектеп пен мұғалім егіз ұғым десек, 

оқушының зердесін білім нəрімен сусындатқан 

олардың қоғамдағы рөлі зор. Қызылорда 

қаласындағы білім саласында 78 жылдық 

тарихы бар №5 И.В.Панфилов атындағы 

мектеп-лицейі бүгінгі күнге дейін талай 

түлектің томағасын сыпырды, үлкен өмірге 

ақжол тіледі. Кеңес Одағы тұсында іргесі 

қаланған алтын ұя алғашқы шəкірттерін 

1938 жылы қабылдады. Содан бері білім 

көкжиегінде талмай қанат жайып келеді. 

ТӨЛ ТЕҢГЕ

Шараға 

шеберліктің 



ортақ идеясын біріктіретін 

əртүрлі  бағыттағы  май-

талман  шеберлер  жина-

лып,  өзара  тəжірибе  ал-

масты.  Көрмеге  өзге  ұлт 

өкілдері 

мен 

əртүрлі 


жас тағы  ұлттық  мұраны 

ұлықтаушы өнерлі жандар  

қатысты.

Оған  қазақтың  ұлттың 

нақышта  жасалған  сөмке-

лер, əртүрлі асыл тас тармен 

көмкерілген 

əшекейлер, 

ұлттық 

ою-өрнектермен 



бейнеленген  кілемшелер, 

ыдыс-аяқтар  жəне  өзге  де 

тұрмысқа  керекті  қолөнер 

бұйымдары 

сатылымға 

қойылды.  Сондай-ақ,  жəр-

меңкеде  мүмкіндігі  шек-

теулі  жандар  да  шет  қал-

май,  өз  туындыларымен 

бөлісіп, қала тұрғындарын 

қуанышқа бөледі.

Сыр 


елі 

қашанда 


саф 

алтындай 

сараб-

дал  таланттарға  өте  бай. 



Осы  тектес  шаралардың 

өткізілуі – тума  талант-

тардың мəртебесін көтеріп, 

шабыттарын 

шыңдауға 

мүмкіндік  береді.  Бұл 

жоба  да  қатысушыларға 

ерекше серпіліс əкелді.

 

Қасен КАРАМАТОВ.

Облыс  орталығындағы  А.Тоқмағамбетов  атындағы 

мəдениет  үйінде  қалалық  əкімдік, «Социум  Қызылорда» 

қоғамдық  қоры, «Жомарт»  қайырымдылық  үйі  жəне 

аналар  алқасының  қолдауымен  қолөнер  шеберлерінің 

жəрмеңке өтті.

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ 

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ 

ҰЛЫҚТАҒАН ШЕБЕРЛЕР

ҰЛЫҚТАҒАН ШЕБЕРЛЕР

Жалағаш  аудандық  ауылшаруашы-

лығы бөлімі үстіміздегі жылдың 10 айын-

да 24588 қызмет  көрсеткен.  Оның  ішінде 

14  мың  тұтынушы  мемлекеттік  орган 

арқылы  болса,  халыққа  қызмет  көрсету 

орталықтарында 7125 жұмыс жүзеге асқан. 

Ал, 2466 шара  электронды  үкімет  порта-

лымен жасалған. Жалпы, аталмыш салада 

бекітілген ережеге сай барлығы 16 қызмет 

түрін көрсету қарастырылған. Осы кезеңге 

дейін  тұтынушылар  мемлекеттік  мекеме 

жəне  мемлекеттік  корпорация  негізінде 

мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 11 түрін 

пайдаланған.  Олардың  тарапынан  қызмет 

сапасы жөнінде арыз-шағымдар түспеген. 

Ал, Шиелі ауданы ауыл шаруашылығы 

бөлімі  мемлекеттік  қызметтің 15 түрін 

көрсеткен.  Тұтынушылардың  басым  бө-

лігі   асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын 

дамытуды,  мал  шаруашылығы  өнімінің 

өнімділігін  жəне  сапасын  арттыруды 

субсидиялау  шараларына  жүгінген.  Со-

нымен  бірге,  олар  ауылдық  елді  мекен-

дерге  жұмыс  істеуге  жəне  тұруға  келген 

əлеуметтік  сала  мамандарын  қолдау  ша-

раларын көрсету, өсімдік шаруашылығын 

субсидиялау  бағыты  бойынша  басымдық 

танытқан.  Осы  қызметтердің  ішінде 

«Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  да-

мытуды,  мал  шаруашылығы  өнімінің 

өнімділігін жəне сапасын арттыруды суб-

сидиялау бойынша «Азаматтарға арналған 

үкімет  «Мемлекеттік  корпорациясы»  ар-

қылы толықтай қызмет көрсетілген. 



А.САЙДУЛЛА.

Аталмыш  шараның  негізгі 

мақсаты – қанға  мұқтаж 

науқас  адамдарға  көмек  көр-

сету.  Осындай  ізгі  ниетпен 

орталықтың 40-тан 

астам 

қызметкері 



қайырымдылық 

ак циясына 

донор 

ретінде 


қатысты. Нəтижесінде екі нау-

қасқа  сирек  кездесетін  қан 

тобы табылды.  

«Дені саудың – жаны сау» 

демекші ауруына шипа іздеген 

жандардың  сауығып  кетуіне 

ұжым  болып  тілектестіктерін 

білдірді.  Осылайша  орталық-

тың көрсеткен көмегі жүректен 

жүрекке  жетті.  Мұндай  акция 

алдағы уақытта да  жалғасатын 

болады.


 

Əйгерім ƏБІЛЖАН.

Ел  Тəуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  халыққа 

қызмет 

көрсету 


орталығының 

қызметкерлері 

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясын-

да облыстық қан орталығында донор болды.

ЖҮРЕКТЕН 

ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН 

Облыстық коммуникациялар орталығында өткен бри-

фингте  Жалағаш  аудандық  ауылшаруашылығы  бөлімі 

басшысының орынбасары М.Қалниязов пен Шиелі ауданы 

ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Н.Əбдікəрімұлы 

аграрлық  сала  да  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтер 

барысы туралы мəлімдеді.

АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ 

АУҚЫМДЫ ІСТЕР



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹89      15 ҚÀÐÀØÀ, 2016 ÆÛË

ÍÀÇÀÐ

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

17 ҚАРАША – СТУДЕНТТЕР КҮНІ

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Кейіннен  қазақ  ұғымында 

бұл жəй сөз емес, үлкен мағынаға 

ие  екенін  біле  бастадым.  Ал, 

Сыр  өңірінің  тумасы  Набат 

Мақатова  апамыз  өкіл  аға  мен 

өкіл  қарындастың  арасындағы 

сыйластықты, бауырмалдылықты 

өте  жақсы  біледі.  Биыл  апа-

мыз 70 жасқа  толды.  Был-

тыр  ол  қасиетті  Меккеге  барып 

келіпті. Еліне, отбасына, ағайын-

туысқа  амандық  пен  береке-

бірлік  тілеген  кейіпкеріміз  өкіл 

ағасы  жайындағы  сыйластықты 

сағынышпен еске алды.

Набат  апаның  ата-анасы  екі 

перзент  сүйген.  Өзінен  кейін 

інісі  бар.  Екі  бауырдың  да 

ұрпақ  сабақтастығы  жалғасып 

келеді.  Ол  кісінің  анасының 

өкіл  ағасы  болыпты.  Сол  ана-

сымен  ағасының  арасындағы 

туысқандық  сыйластықты  кө-

ріп  қызығатын.  Өйткені,  ана-

сы  өз  бауырларынан  бұрын  сол 

ағасын  алдыңғы  орынға  қоятын 

болған.  Міне,  күндердің  күнінде 

қызы Набат та анасының жолын 

қайталағандай.  Себебі,  қазір  өзі 

де өкіл қарындас атанып отыр. 

–  Өкілдің  жолын  бұрыннан 

білемін.  Оның  жолы  өте  ауыр. 

Өз  бауырыңнан  да  артық 

көресің, – дейді  ақжаулықты 

Набат 


апа. 1993-95 жыл-

дар  аралығында  олар  Айдар-

лы  ауы лында  егін  еккен.  Сол 

кезде  Артықбай  деген  кісі  де 

жер  алып,  егін  егіп,  көрші 

тұрыпты. «Біздегі  сыйластық 

сол  кезден  басталды»  дейді 

кейіпкеріміз  күлімдеп.  Таныса 

келе екеуі де бір ауданнан екен. 

Яғни,  жерлестік  одан  сайын  

сыйластықты  арттыра  түсті. 

Аңқылдаған,  ақкөңіл  Артықбай 

аға  көп  ағайынды  болса  да, 

«Сені 


өзімнің 

қарындасым 

еткім  келеді.  Бауырдай  көрсем 

деймін»  деп  ағалық  ықыласын 

білдіріпті. 

–  Сол  сəтте  аға  тапқаныма 

қуанғанымды  көрсең  ғой.  Мұн-

дай  ұсынысқа  кім  қарсы  бол-

сын? Бірден ағалап келісе кеттім. 

Туысқан  ағайындар  бар  ғой, 

шүкір.  Бірақ,  бұл  ағамның  орны 

бір төбе тұрады, – деді Набат апа. 

Содан  соң,  ағасы  қазақтың 

салты бойынша өкіл қарындасын 

үйіне  шақырып,  дастарқаннан 

дəм  татқызып  күтеді.  Міне,  со-

дан бері осы бір əдемі сыйластық 

үзілмей келеді. 

–  Қазір  ағамның  көзі  кетсе 

де  орнында  балалары  бар.  Өзім 

Алматыға  көшіп  кеттім.  Сон-

да  да  болса,  балаларымызбен 

қатынасып тұрамыз. Шақырудан 

қалмаймыз.  Уақыт  өтсе  де,  ара-

дағы 

қарым-қатынас 



нығая 

түссе  деймін.  Туыстықтың,  сый-

ластықтың  артығы  жоқ, – дейді 

ақжаулықты ана.         

Қазақта 

жақсы 


сыйласа-

тын,  жасы  шамалас  туыс,  дос-

тар  бірінің  баласын  бірі  өзінің 

ұл-қызындай  көріп,  олар  да 

бұл  кісілерді  өздерінің  əке-ше-

шесіндей  құрметтейді.  Жаңадан 

үйленген  жас  жұбайлар  сол 

шаңыраққа  жақын  туған-туыс-

тардың,  сыйлас  адамдардың 

ішінен  өздері  қалаған  қадірлі 

кісіні  «өкіл  əке», «өкіл  ата»  деп 

атаған. Мысалы, 

«Айман қыз елден сөйтіп 

алды бата, 

Ісінде болмаған соң зəре қате. 

Өзіне Əлібекті күйеу қылып, 

Қылады  Көтібарды  өкіл 

ата»  деген  жыр  жолдарына  на-

зар  аударайық.  Бұл  «Айман-

Шол пан»  деген  жыр  жолда-

рынан  алынған.  Бұрындары 

жас тар 


қосылғанында 

өкіл 


ата 

туған 


əкенің 

орны-


на  оларға  ата,  əке  болып, 

қамқорлық  көрсеткен.  Ертерек-

те  жасөспірім  жетім  балаларды 

тəрбиелеуге,  құда  түсуге,  қыз 

айттыруға,  қалың  мал  туралы 

келіссөздерді  жүргізуге  де  өкіл 

ата  қатысатын.  Жас  жұбайлар 

өмір  бойы  өздері  қалап  атаған 

өкіл  əкелері  мен  өкіл  аталарын 

сыйлап,  құрметтеуге  міңдетті 

болған.  Набат  апамыз  да  сол 

кезде  ықыласы  ауып  тұрған 

кісінің 

көңілін 


қалдырмай 

сый ластықты  туыстыққа  жал-

ғастырды.  Қазір  бəріне  шү-

кіршілікпен 

қарайды. 

Екі 


жақтың  да  балаларымыз  аман 

болсын деп тілеп отырады. 

Бір  қызығы,  қазір  «кіндік 

əке»  деген  атау  біздің  тілімізге 

ене  бастады.  Бұл  жайында  да 

кейіпкеріміз өз ойын ортаға салды. 

–  Кіндік  əке-шеше  деген 

де  бар.  Олардың  да  заманы-

на  сай  қазіргі  міндеті – жаңа 

туған балаға азын-аулақ сый жа-

сау. Бірақ, кіндіктен гөрі өкілдің 

жолы  ауыр  болады.  Өйткені, 

бір  баланы  өзіне  өкіл  балам  деп 

қабылдаса,  оны  өз  баласын-

дай  көруі  қажет.  Тіпті,  одан  да 

артық көрсе қате емес. Оған қоса, 

баланың  да  өкіл  əкесіне  деген 

сондай қайтарымы болуы тиіс, – 

деп жауап берді. 

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Расында,  қазақ  салт-дəстүрге,  əдет-ғұрыпқа  өте  бай 

халық. Сондай-ақ, əрбір дəстүр өмірмен тығыз байланысты. 

Олардың астарында үлкен тəрбие мен мəн жатыр. Осындай 

асыл құндылықтардың бірі – кіндік шеше. 

Дүниеге  келген  сəбидің  кіндігін  кім  кессе,  бала  соған 

ұқсайды дегенді жиі естиміз. Əсіресе, үлкендер оның мінез-

құлқын,  жүрген  жүрісін,  барлық  жақсы  қасиеттерін  кін-

дік  шешемен  байланыстырып  жатады.  Бұрынғы  кезде 

қазіргідей  перзентхана  болмағанын  ел  біледі.  Аналарымыз 

үйде босанған. Келіннің бойына шарана бітіп, аяғы ауырласа 

енесі балаға кіндік шеше іздестірген. Сонымен қатар, əйелдің 

ай-күні жетіп, толғағы басталған уақытта ауыл əйелдері сол 

рəсімге қатысуға таласатын болса керек. Бірақ, кез келген адам 

оған  лайық  деп  танылмаған.  Қолынан  іс  келетін,  көпке  сый-

лы, ұл-қыз өсіріп отырған ұлағатты ақжаулықты ғана баланың 

екінші анасы атанған. Себебі, халқымыз кіндік кесуді – абы-

ройлы іс деп қараған. Ал, үй үлкендері оған ырым бойынша 

кəде-сый  жасап,  алғыс  білдірген.  Осыдан-ақ,  бала  өмірінде 

кіндік шешенің орны ерекше екенін аңғаруға болады. 

–  Алғаш рет жүкті абысынымызды босандыруға көмекші 

болдым.  Өзім  екі-үш  балаға  ана  болғаннан  кейін  ғана  сол 

топқа қосылдым. Ең бірінші қайнымның баласының кіндігін 

кестім.  Бұл  жұмысты  үлкендер  маған  сеніп  тапсырды. 

Өздері  басында  қасымда  айтып  отыратын.  Баста  қиындық 

тудырды.  Баланың  кіндігін  кесіп,  оны  жөргекке  орау  үлкен 

жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан бəріне жіті мəн беру 

керек. Арнайы оқымасам да уақыт өте бұл істің қыр-сырын 

меңгерген нағыз маман болдым. Бүгінде біраз баланың кіндік 

шешесімін.  Қай  жерге  барсам  да  олар  алдымнан  жүгіріп 

шығып, қолдарынан келгенше сый-құрмет көрсетіп, төрінен 

орын береді, – дейді Шолпан апа.

Десе  де,  соңғы  жылдары  менің  замандастарым  кіндік 

шешенің  кім  екенін  білгенімен  оны  танымайды.  Қандай 

адам болғанынан да бейхабармыз. Өйткені, біз перхентхана-

да  дүниеге  келген  ұрпақтармыз.  Онда  мұндайдың  барлығы 

дəрігердің  қолынан  өтеді.  Мəселен,  біздің  үйде  біріміздің 

кіндік шешеміз татар болса, енді бірінікі өзбек. Бала күнімізде 

үлкен əжем кіші сіңілімнің атын атамай «əй, өзбек қыз» деп 

айтып  отырушы  еді.  Себебі,  оның  кіндігін  кескен  өзбек 

дəрігер болатын.

Осыдан үш жыл бұрын сіңілім дүниеге қыз бала əкелді. 

Сонда  перзентханада  дəрігер  баланың  кіндігін  нағашы 

əжесіне  кестірді.  Немересінің  кіндік  шешесі  атанған  анам-

ның  қуанышында  шек  жоқ.  Қазіргі  кезде  сол  жиенімнің 

қылықтары,  жүрген  жүрісі,  сөйлеген  сөзіне  дейін  анама 

ұқсайды.  Осыдан  кейін  бұл  ырымды  жоққа  шығара  алмай-

мыз. Шын мəнінде, əр бала кіндігін, тұсауын кескен, аузына 

түкірген адамға міндетті түрде ұқсайды деген рас-ау... 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халық. Баланың 

кіндігі  түскеннен  кейін  жасалатын  ырымдар  да  жетерлік. 

Солардың  бірі  оның  кіндігін  адам  баспайтын  жерге  «жемістей 

көп  болсын»  деп  жеміс  ағашының  түбіне  көметін  болған.  Ал, 

қазіргі кезде «оқымысты болсын» деген мақсатпен кітаптың ара-

сына, «өнерлі болсын» деп  домбыраның ішіне сақтап қояды. 

Бір  өкініштісі,  қазіргі  кезде  осы  кіндік  шешенің  мəн-

мағынасына ешкім үңіліп жүрген жоқ сияқты. Өйткені, жас-

тар арасында мұндай ырым-тыйымдарға мəн берілмейтін бо-

лып  барады.  Дегенмен,  не  нəрсе  де  тектен  текке айтылмаса 

керек. Бала өміріне тікелей əсері болғандықтан бұл ырымға 

жіті мəн берілген. Сондықтан бүгінгі күні оны жойып алмай, 

ертеңге жеткізу біздің басты міндет.



Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

Сананы  тұрмыс  билеген  заман.  Адам-

дардың  көбісі  əл-ауқатын  арттыруды 

қалайды.  Тұрмысты  түзеген  соң  отбасын 

құрамын деген мақсатпен жүреді. Осылай-

ша, отыздан қалай асқанын білмей қалады. 

Иə, бүгінгідей аласапыран заманда тұрмыс 

жағдайды алдыңғы орынға қою заңдылық. 

Оған  қоса  бала-шағасымен  пəтер  жалдап 

тұратындар қаншама? Кейбір адамдарда ба-

сымда баспанам, астымда көлігім, тұрақты 

жұмысым  болса  отбасылық  қажеттілікті 

өтей аламын деген түсінік қалыптасқан. Де-

сек  те,  қазір  кеш  үйлену  қоғамдағы  үлкен 

мəселеге айналып отыр. 

Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  еліміз-

де 27 жастан  асқандар  жігіттер  сүрбойдақ 

деп танылады. Бұл азаматтардың қоғамдағы 

орны  мен  міндетіне  байланысты.  Кəрі 

қыздар  санаты 25-тен  басталады.  Өйткені, 

нəзік жандылардың əлеуметтік үлесі басым.

Облыстық  статистика  департа мен тінің 

мəліметіне  сүйенсек,  қала мызда 25-29 жас 

арасында  отбасын  құрмағандар 42,8 пай-

ыз, 30-34 жас – 22,9,  35-39 – 13,6,  40 пен 

44  жас  шамасындағылар – 7,9 пайызды 

құрайды.  Тіпті, 70 жасқа  дейін  шаңырақ 

көтермегендері бар.

Қоғамда 

сүрбойдақтардың 

көбеюі 

өзек ті  жайт.  Олай  дейтініміз,  олар  халық 



өсіміне кері əсерін тигізетіні рас. Яғни, кеш 

үйленгендерде бала сүю мүмкіндігі азаяды. 

Адам  денсаулығында  жас  ұлғайған  сайын  

айтарлықтай  өзгерістер  болады.  Дəл  осы 

мəселе  кəрі  қыздарға  да  қатысты.  Себебі, 

ерлерге  қарағанда  олардың  балалы  болуы 

жас  қосқан  сайын  шектеледі.  Əйелдерге 

отыз жасқа дейін ана болу керектігі айтыла-

ды. Одан кейінгі уақытта ана мен баланың 

өміріне қауіп төнуі мүмкін. Зерттеушілердің 

сөзіне  сенсек,  жасы  келген  жігіттер  мен 

қыздардан туылған сəбилер аурушаң, түрлі 

кемшіліктерге  бейім  келеді  екен.  Əрине, 

бұл  ғылыми  зерттеу  қорытындысы.  Бұл 

пікірді теріс дейтіндер бар. 

– Кеңес Одағы дəуірінде сүрбой дақтарға 

салынатын арнайы салық түрі болған. Кейін 

еліміз егемендік алған тұста бұл түбегейлі 

жойылды.  Ал,  осыдан  біраз  уақыт  бұрын 

біздің елде де аталмыш салық түрін енгізу 

ұсынылған  еді.  Бұған  бойдақтарымыз  да 

уəждерін  айтып,  қарсылық  та нытқан-ды. 

Көпшілік  талқысына  түс кен  тақырыптың 

соңғы  нүктесі  қойылмады.  Ақырында  бұл 

ұсыныс жабулы күйінде қалды, – дейді. 

Жоғарыда кеш шаңырақ көте ретіндер-

дің  негізгі  мəселесін  айтқан  едік.  Негізі, 

сүрленген  жігіттердің  одан  да  өзге 

себептері жетерлік. Олардың кейбірі өзіне 

лайық  жанның  кездеспей  жүргендігін 

көлденең  тартады. «Өмірде  жар  таңдауда 

қателеспеу 

керек» 

деген 


қағиданы 

ұстанғандар бұған аса мəн береді. Қазекең 

«Таңдаған  тазға  жолығады»  дейді.  Ра-

сында,  жігітке  тəуекел  еткеннен  артық 

шешім  жоқ.  Өмірдің  мəні – атақ,  мансап-

пен  өлшенбейді  десек,  отбасылық  өмірде 

тек сыйластық қажет. 

Қалай  десек  те,  бəрі  бір  Алланың 

қалауымен  болатын  дүние.  Осы  рет-

те  «Бұйырған  кетпейді,  қуған  жетпейді» 

дейтін  сүрбойдақтардың  өз  пікірін  біл-

геніміз жөн шығар.

БҰҰ азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы 

ұйымының  осыдан  үш  жыл  бұрынғы  статис-

тикасы бойынша Орта Азия елдерінің ішінде ең 

семіз адамдар біздің елімізде тұратын көрінеді. 

Дерекке сүйенсек, еліміздегі ересек адамдардың 

24 пайызы артық салмақпен өмір сүріп жүр. Ал 

бұл  көрсеткіш  Өзбекстан  мен  Қырғызстанда 

17  пайызға  жуық  болса,  Түркіменстанда – 14, 

Тəжікстанда 10 пайыз  шамасында.  Əлемдік 

дұрыс тамақтануды бақылайтын ұйымдар əрбір 

төртінші  қазақстандық  шектен  тыс  толық  деп 

есептейді.  Семіздіктің  түрлі  дерттің  себепкері 

екенін ескерсек, жоғарыдағы дəйектерді халық 

денсаулығына  төнген  қауіп  деп  есептеуге 

болады. 

Қазақтың «ауру – астан» дейтін сөз түйіні 

бар. Бұл жай айтыла салған пайым емес. Ақ 

халаттылар  мұның  дұрыстығын  дəлелдеп, 

семіздіктің  көп  кеселге  ұрындыратынын 

көрсетіп  отыр.  Мысалы,  жүрек-қантамыр 

аурулары  – инфаркт  пен  инсульт  артық 

майдың жиналуынан пайда болады. Сонымен 

бірге, дем алудың нашарлауы өкпе жұмысын 

əлсіретеді. Диабет пен өт-тас ауруына да əсері 

бар.  Қатерлі  ісік  пен  сүйектің  сырқырауы 

да  көп  салмақтың  кесірінен  болады  екен. 

Қысқасы, медицина мамандарын сөйлетсеңіз, 

душар  ететін  аурудың  саны  бұдан  да  көп 

болатыны   даусыз.  Біз  тек  көпшілікке  таныс 

түрлерін ғана тізіп шықтық.

Жалпы,  қалыпты  жағдайда  адамның  бойы 

мен салмағы үйлесімді болуы қажет. Адамның 

дене  ұзындығы 1,60 см  болса,  сəйкесінше 

ауырлығы  да 60 келіден  аспағаны  дұрыс.  Ал 

одан  артып  кетсе,  ағза  тепе-теңдіктен  ажы-

райды.  Сондықтан  ішетін  асымыздың  сапа-

сы  мен  мөлшеріне  мəн  берген  абзал.  Əсіресе, 

құрамында тəтті мен майдың қоспасы жоғары 

тағамдарды  тұтыну  семіздікке  əкеледі, – 

дей ді  дəрігер,  Қазақ  тағамтану  академия-

сы,  ұлттық  дұрыс  тамақтану  орталығы  мен 

профилактикалық  медицина  академиясының 

президенті  Төрегелді  Шарманов.  Ол  жас тар-

дың денсаулыққа зиян тез дайындалатын тағам 

түрлеріне құмар екенін айтады. «Елімізде əрбір 

үшінші  оқушы  қалтасындағы  ақшасын  фаст-

фудқа,  аптасына  бір  рет  тəтті  сусын  ішуге 

жұмсайды екен. Ал студенттер қауымының 60 

пайызы фаст-фудпен ауқаттанып, оның ішінде 

əрбір  жетіншісі  күн  сайын  газдалған  неме-

се  энергетикалық  сусындарды  үзбей  іше ді» 

деген  мəліметтерді  келтіреді.  Бұларды  қол-

даныстан ығыстырсақ, семіздіктің алдын-алуға 

болатынын  айтады.   Тағамнан  бөлек  денеге 

артық  майдың  жиналуының  тағы  бір  себебі – 

қимылдың аздығы.

Бүгінде қолжетімділік артқан сайын дене 

қозғалысы да кеми бастады. Жұмыс үстеліне 

танылған  заманда  бой  ширатар  жұмыстар 

қажетсіз  болып  отыр.  Сондықтан  жаттығуға 

арнайы уақыт бөлгеннің артықтығы болмай-

ды.  Тіпті,  дайындық  залдарына  бармай-ақ, 

күніне жарты сағат жаяу жүру əдетке айнал-

са, біраз салмақтан арылуға болады.

Толықтықтан  тазарудың  тағы  бір  жолы 

–  ашығу.  Бұл  тек  семіздіктің  ғана  емес,  ден-

сау лықты  қалыпты  ұстаудың  да  кепілі  дейді 

мамандар.  Асқазанға  сырттан  ас  түспегесін 

ағза  өз-өзін  жей  бас

 

тайды.  Ол  ісік,  қартайған 



жасуша  немесе  істен  шығайын  деп  жатқан 

ұлпалардың  бөлігі  болуы  мүмкін.  Осы  кез-

де тазару процесі жүреді екен. Іштегі қажетсіз 

қалдықтар  сыртқа  шығады.  Қан  тазарады. 

Қысқасы,  ағза  өз-өзін  емдей  бастайды.  Мұны 

ғылымда  аутолиз  деп  атайды.  Дегенмен,  бұл 

əрекеттерді  дəрігердің  көмегімен  жасаған 

абзал.   Сонымен бірге, арнайы  массажға барып, 

белгіленген нүктелерді басу арқылы майды сы-

лып тастау əдістері де бар. Бұл шығыс медици-

насында  жақсы  дамыған.  Одан  бөлек,  арнайы 

шайлар мен дəрі-дəрмекке жүгінуге де болады.  

Дегенмен,  қарапайым  жұрт  үшін  шығын 

кетірмеу жолы тиімді. Егер ішер асымызға мəн 

беріп,  ара-тұра  тағамнан  бас  тартып  тұрсақ, 

олқалыпты өмірдің кепілі болмақ.

Əлем  бойынша  семіздік  өлім-жітімнің 

негізгі  себебі  ретінде  бесінші  орында  тұр. 

Дүниежүзінде  бұдан  кем  дегенде 2,8 мил-

лион  адам  көз  жұмады  екен.  Ал  аты  жаман 

аурулардың  пайда  болуы  тəбетке  шектен 

тыс  көңіл  бөлудің  салдарынан  болып  отыр. 

Сондықтан  тағамды  тұтынғанда  талғампаз 

болған лəзім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет