Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015


Кадрде  Мұқаметқали  Жантеміров



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата29.12.2016
өлшемі30,18 Mb.
#677
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

Кадрде  Мұқаметқали  Жантеміров. 

Ресей  Думасының

апған  Қаулысы  — заңсыз.  Өйткені,  ол  Заң  жүзеге  асса,  Қаулыға

байланысты  қазіргі  Дума  таратылуы  тиіс.  Ең  бастысы,  Ресей

Федерациясының  Беловежье  келісімін  бекіткен  1991  жылғы

Қаулысы  -   Заңдық  күші  бар  қүжат.  Ал  қазіргі  Ресей  Мемлекетік

Дума Қаулысының -  Заңцық күші жоқ. Екіншіден, Думаның шешімі

Ресей жерінде ғана  қолданылады,  басқа елдерге оның ешқандай

қатысы жоқ.

Кадрде модератор. 

Тәуелсіздіктуының үнемі желбіреп түруы

үшін не істеуіміз керек?

Кадрде Манат Қанапияұлы. 

Ол үшін алдымен, тәуелсіздіктің

кешегі  кезеңін  еске  алуды  ойлаған  жен.  Кешегі  ел  билеген  дана

хандарымыздың,  сез  бастаған  парасатты  кесемсез  шеберлері

-   билеріміздің,  қол  бастаған  қаҒіарман  батырларымыздың  елін

сүйген  сезімдерін,  олардың  жасампаз  істерін  халық  болып

түсінуіміз  керек.  Бүгінгі  үрпаққа  солар туралы тарихи  оқиғаларды

__________ Ой толқыны (I белім)__________


Бижан Ж. Қ.

щ

гта  «ч

айтудың  маңызы  зор.  Экономикамыз  дүрысталған  уақытта 

даналарымыздың  бейнесінен  ескерткіштер  түрғызылуы  жөн 

деп  санаймын.  Кейбіреулер  айтып  жүргендей  тәуелсіздік  өзінен- 

өзі  алдымызға  топ  етіп  оп-оңай  түсе  қоймағанын  осылайша 

түсіндірудің  мөні  ерекеше  болады.  Кеңес  Одағының  апғашқыда

ел болуымызға зор пайдасы тигенін айтуымыз керек.  Бірақ, кейінгі 

басшылардың  билікті  өз  қолдарына  алып,  енді  оларға  ешкім 

қарсы  келе  алмайтынын  сезген  тұста  халықтар  теңцігін  мүлде 

ойларына  алмағанын  да  тарихи  деректерге  сүйеніп  айтудың 

жөні  бар.  Соның  кесірінен  азапты  аштыққа  үшырап,  үлттық 

қүндылықты  айтқан  зиялылар  «хапық  жауы»  деп  қуғындалып, 

жер аударылып, атып өлтірілген жағдайды Одақтың қүрамындағы 

барлық  республиканың халықтары  басынан  кешті.  Осының бәрін 

ойлап отырсам, «Асқанға да бір тосқан бар» екен. Кеңес Одағының 

ыдырауы осындай зүлымдыққа ұшыраған халықтардың қаны  мен 

көз жасының зардабы деп түсіндіруміз қажет.

Сондықган,  өмірдің  өзі  үсынған  тәуелсіздіктің  туын  берік 

үстау үшін  патриотизмнің түп  тамырын  сезіну -  елім  деген  әрбір 

азаматтың парызы. Ол үшін қазақстандықтар саяси-экономикалық 

және  әлеуметтік  түрғыдан  сезіне  білуі  шарт.  Бүрынғы  Кеңес 

Одағына оралу мәсепесі ешуақытга апдымызға қойылмасын.

Кадрде  модератор.  Манат  Қанапияүлы,  қазақстандық 

патриотизм туралы өте жақсы айтып отыр. Ақылжан Тұрсынбекұлы, 

сіз осы ойды жалғастырсаңыз.

Кадрде 


Ақылжан  Түрсынбеков. 

Кеңес  Одағы  дәуіріндегі 

Қазақстанда  қалыптасқан  игі  дәстүр  бар.  Ол  еріксіз  өз  жерінен 

айырылып  келгендердің  біздің  епімізде  тұрақтанып,  үрпақ  өсіріп, 

ынытымаққа  кенепуі.  Олар  Қазақстанда  бауырмал,  ілтипатты, 

мейірімді  көрші-қолаң,  дос-жаран  тапты.  Әрине,  пайымдай  білу, 

сақгық  үнемі  керек.  «Адам  тілі  тас  жарады,  тас  жармаса  бас 

жарады»,  -  деп  халқымыздың  өмір  тәжірибесі  сақтық тіршіліктің 

нәтижесінде  айтылған  болар.  Әзәзіп  кім,  дос  кім  екендігін  айыра 

біпу  орынды.  Қазақстанда  тұратын  езге  үлттың  екілдері  ездерін 

Қазақстан  азаматымыз  деп  мойындаса  халықгар  арасындағы 

бірлік,  ынтымақ және келісім берік болатындығына күмәніміз жоқ.



Кадрде  Мүқаметқали  Жантеміров. 

Иә,  ішкі  де  сыртқы  да 

ынтымақ ел азаматтарының бірлік ниетімен нығаяды.

2 8 2


Я

Ой толқыны (1 бөлім)

Кадрде модератор. 

Мүқаметқали  Қинаятұлы,  осы оиды одан 

әрі ербітейік.

Кадрде  Мұқаметқали  Жантеміров. 

Ақылжан  дүрыс  айтып 

отыр.

Кадре  Ақылжан  Тұрсынбекүлы. 

Қолдауыңызға  рахмет. 

Біздің өмір осылай дамығанын қалаймын.

Кадрде  Мукаметқали  Жантеміров. 

Көп  жылдан  бері 

қонысымыз  ортақ  болғаннан  кейін,  психологиямыз  да  бірыңғай 

болып  қалыптасты.  Ол  психология  қазақтың  тұрмысы  нашар 

болса, орыс немесе осында түратын басқа үлт өкілдері біз қайтып 

күн  көреміз  деп  ойлайды.  Керісінше,  орыстың  немесе  басқа 

үлт  екілдерінің  тұрмьТсы  нашар  болып  еқі  көзі  Ресей,  Украина, 

Белоруссия,  Өзбекстан  және  т.б.  республикалар  жаққа  қарап

жүрсе

Қазақстанда  тұратын 



£ 

үшін адапдық, түсіністік

Сонда  Ресейдегілер  де  басқа  ТМД  елдері  де  сабасына  түседі. 

Қазақга:  «Өзіңді  езің  сыйласаң  жат  бойыңнан  түңілер»,  -   деген 

үлағатты сөз бар ғой. Жақын шетелдегілер Қазақстандағы бірлікті, 

ынтымақты  көріп, бойларынан түңілер.



Кадрде  модератор. 

Сыртқы  ынтымақтастық  та  осылай

қалыптасатын болар?!

Кадре  Манат  Қанапияұлы. 

Эрине,  елдер  арасындағы

экономикалық,  мәдени  байланыстарды  тереңдету  сол  сыртқы

қапыптастыруға

ТМД

Қытай


Қазақстанның байл ығы

Мәселен,  Тюменнің  мүнайын  жіберетін  қүбырдың  кранын  ашса 

мүнаймен  бірге  бізге  ақша  құйылады.  Ауылдағылар  алаңсыз 

егіс-дапа  жүмыстарын  жүргізіп,  ескен  өнімдерін  ысырапсыз 

жинап  алады.  Бүл  байлық емес пе?!  Қалтасында  қаржысы болса 

Қазақстандағы  орыс,  украин,  беларусь,  эстон,  түркімен  және 

тағы  басқалары  өздерінің  ТМД  елдеріндегі  туыстарына  барып, 

азаматтық, туыстық парыздарын етеуге мүмкіндік туады.  Ендеше,

интеграцияның пайдасы сол.

Келмеске  кеткен  Кеңес  Одағын  үмытып,  әр  ел  өзін-өзі

көркейтуге үмтылудан ешкім зиян шекпейді.


¥

Бижан Ж. К.

Кадрде  модератор.  Қадірлі  студия  меймандары  сіздердің 

бүгінгі  деңгелек  стел  теңірегіндегі  өңгімелеріңізде  ҚР  тұңғыш 

Президент) 

Нурсултан 

Әбішулы 


Назарбаевтың 

Қазақстан 

тәуелсіздігін  нығайту  барысындағы  устанған  ішкі  және  сыртқы 

саясатының  өзекті  тустарын  усындыңыздар  деп  ойлаймын. 

Сіздерге  мазмунды  пікірлеріңізді  ортаға  салғандарыңыз  үшін  көп 

рахмет айтамыз. 

’ 

^ *• . 


й?!-

Қурметті теледидар көрермендері,  келесі көріскенше, хош сау

болыңыздар.

Режиссері Райхан Жолдасова 

Опвраторлары: Солтан Жолдасов, 

Виталий Иклатый, Леонид Мартынов

45.04.1996 ж.

St

...................................................................А



284 

- S j

f

Ой толқыны (I бөлім)

БАБЫН ТАБУ 

(улттық жанр)

Кадрде  Ж.  Бижан. 

Сәлеметсіздер  ме,  қүрметті  теледидар 

керермендері!  Бүгін  студиямызға  белгілі  жазушы  Қалмүқан 

Исабаевпен  улттық  жанрда  әңгімелеспекшіміз.  Қ.  Исабаевтың 

әңгіме,  очерктері  баспасөзде  1954  жылдан  бастап  жарияланды. 

Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы  1959 жыпы жарық көрді.  Кейін 

«Ажал  қүрсауында»  (1961),  «Жумбақ  үй»  (1962),  «Бетпе-бет» 

(1963), «Соңғы тәулік» (1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтары 

баспадан жарияланды. «Сұңқар самғауы» (1966),  «Айқыз» (1967), 

«Жолдас  комендант»-(1975),  «Көгілдір  қазына»  (1978),  «Серт» 

(1982), «Арна» (1984) т.б.  романдары қалың оқырмандарға аян.

Кадрде Ж. Бижан және Қ. Исабаев:

-

 



Қалеке,  сіздің  өмір  тынысыңыз  жайында  павлодар- 

лықтардың  бәрі  білгісі  келеді. 

Жас  шағыңызда  түйген 

ойларыңызды ортаға салсаңыз,  әсіресе,  Баянауыл өңіріне келген

орыс қоныстанушылары жөнінде айтсаңыз.

  Баянауылға  келген  казактар  қонысы  сол  баяғы  Столыпин 

реформасы  тұсында  басталды.  Қазақ  елін  түтас  бодандықта 

ұстауды  Патша  үкіметінің  1822  жылғы  22  июльдегі  Сібір 

жарғысымен  бекітілді  ғой.  Баянауыл  поселкесін  салуға  Григорий 

Потаниннің  әкесі  Николай  Потанин  қатысты.  Ал  Григорий 

Николаевич  Потанин  — орыс  географы,  этнограф,  фольклорист, 

ботаникашы,  публицист  екендігі  көпішілікке  белгілі.  Николай 

Потанин Ямышев станицасындағы Сібір казак әскерінің хорунжийі

болған.  КІнәлі болды деп оны түрмеге қамапты.

Николай  Потанин  Павлодар  өңірінен  келген  қазақтар  мен 

казактарға  құрылыс  жұмысына  ерекше  еңбекақы  телеген  екен. 

Атап  айтқанда,  қүрылысқа  келген  адамдардың  барлық  отбасы 

мүшелеріне  еңбекақы  жазған.  Оны  әділдік деп  санаған.  Өйткені, 

таршылық  заманында  әрбір  отбасының  отағасына  және  әрбір 

отбасы  мүшесіне  мүмкіндігінше  тамақ  жеткізіп  түрған  немесе 

үйдегі  бар  тамақтың  мөлшеріне  қарай  жүмыс  басына  әкеліп 

берген.  Патша  шенеунііаері  мүны  біліп  қойып,  тексеру  жүргізіпті. 

Сейтіп, Николайды тағы да жазаға апармақшы болған. Шорманның 

Мүстафасы  аға  сұлтан  кезінде  Николай  Потанинді  патшаның  j 

жазапауынан  алып  қалған.  Ал  Н.  Потанин  жергілікті  қазақгарға 

материалдық жағынан үнемі көмек жасап отырыпты.



Бижан Ж. Қ.

Балалық  шағыңызда  көрген  қазақы  мінез  бен  өнегелі  *3

дәст үрлөрді умытқан жоқсыз ба ?

-  Менің балалық шағымдағы  көргендерім мен естігендерім әлі 

күнге дейін сақгалды. Баянауылда Мартынов дейтін отбасы болды. 

Оның кіші қызы,  менің кіші  қарындасыммен  қурдас еді.  Екеуі біздің 

шешеміздің емшегін таласып еметін. Екі отбасы туысқандар сияқгы 

бірі-біріне  көмектесетін.  Татулық,  сыйластық 

жарасымы  бар 

отбасылар болдық. Меніңбалалықкезімдемынадайбіроқиғаболды. 

Мартыновтар отбасы үйлерінің ауласында бау-бақшасы бар. Жеміс 

түқымдарын ауа райының қолайлы дер кезінде егіп,  қылтиып шыға 

бастағаннан әр өнімнің төңірегін су түратындай шұңқырлап баптап, 

арам  шөбтердің  қаулап  шыққанын,  тіпті,  қылтиып  келе  жатқанын 

жұлып,  әбігер  болып  жүретін.  Ал  біз  жемістің  қапай  өсетіндігіне 

назар аудармай, тек дайын өнімге қызығып жүреміз. Күздікүні жеміс 

піскен уақытта мен бақшаға түсіп, өскен қиярларды көйлегіме орап, 

үйге апып келдім. Ол уақытта шелек сияқты ыдыстар жоқ.

-  Әкем үйде отырған.  Мынаны қайдан әкелдің? -  деп сүрады.

-  Мен Мартыновтардың бақшасынан апдым, -  дедім.

-   Әкем  ойланбастан  мені  Мартыновтың  алдына  апып  келді 

де:  «Міне,  мынаның  істеп  жүргенін  көрдің бе,  кешір,  мені»,  -  деп 

Мартыновтан кешірім сүрады.

-   Мартынов  отырған  бойында  маған  қарады  да:  «Екінші 

мүндай үрлық жасама, ал мыналарды қайтып ап», — деді.

Бүл  мен  үшін  үлкен  жаза  болды.  Әкемнің  мен  үшін  кешірім 

сүрағанына бапалық әрекетім болса да, әлі де есіме түскенде іштей 

қысылып  қаламын.  Кейіннен  әскерге  бардым.  Баянауылға  келіп, 

елде кім бар екен? -  деген оймен ауыл-үйге кіріп, әңгімелестім.

Бір  де дем  алып  жүріп,  көл  жағасында  бапық аулап  отырған 

қаба сақал  адамға  кездестім.

-   Амандықтан  соң  ол:  «Сен  кімсің?»,  -   деп  сүрады.  Мен 

Исабай баласы  Қалмұқан екенімді айттым.

-  Ол орнынан атып түрып, мені қүшақтап, қолындағы қармағын 

жинап, үйіне мені алып келіп: «Марфа,  мен кімді апып келдім,  кел 

көрші!», -д е п  Марфаға айқай сапды.

-  Үйден  Марфа  шығып,  мені  шырамытгы  білем,  күліп  қасыма 

келді.  «Мен  ұмытып  қапыппын  ғой,  Исабайға  үқсайтын  сияқгы»,  -



деді-

-Мартынов: «Дәл соның бапасы!»,-деді. Үй-ішініңамандығын 

сүрады.  Мен бәрін айттым.


Бертінде  Баянауылдың  Сәтбаев  атындағы  совхозына  бар- 

дым.  Онда  менің  інім  түрады.  Одан  Мартыновтардан  кім  бар?  -  

деп сурадым.  Оның балалары әлі бар, сол совхозда түрады екен. 

Менің інім олардың отбасымен жақсы қарым-қатынаста көрінеді.



-  

Қалеке,  қазір  қазақ  пен  орыс  арасында  осындай  жүрекке 

жақын қарым-қатынастар бар ма ?

-  Эрине, бар. Алматыда жазушы Иван Шуховтың пейілі сондай 

жылы да әсерлі. «ҚР Тіл турапы» Заңы қабылданған уақытта оның 

дұрыс  шығуына  елеулі  үлес  қосты.  Ол:  «Мен  егер  қазақ  тілінің 

дамуына  өз  үлесімді  қоспасам,  кешегі  Ғабиттің,  Сәбиттің  аруағы 

атпай ма», -  деді. Сондай-ақ, «Қазақ КССР Мемлекеттік Егемендігі

туралы  декларацияны» 

талықылап,  қабылдауда  Семейдегі 

Княгининің пейілі де осындай қамқорлықтың үлгісі болып отыр.

Тіл туралы айтсақ,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту ісі, әлі 

де болса  көп  күіи-жігер жүмсауды  қажет етеді.  Бұл салада  көптеген 

қазақ мекгептері ашылса да іс ойдағыдай жүріп жатыр деп айту дүрыс 

емес.  Кеңес дәуірі  кезінде Алматыдағы  ақын-жазушылар бапапары 

мен  немерелерін  қазақша білім  беретін  мектептерге берді ғой.  Сон­

дай үдеріс деңгейіне әзірше жете қойған жоқпыз.  Оның үстіне қазақ 

тілінде білім  беретін  мұғапімдер  аз,  барының еңбекақылары төмен. 

Соның сапдарынан мұғалімдер басқа  қызметке ауысып  кетуде.  Ме- 

нің ойымша баланы  қазақ тілінде оідьггу -  дұрыстың дүрысы.  Кара­

ганды  қаласында  бір досым  бар.  Ол:  «Баянауыпда орысша  оқыған 

қазақ баласының ішіндегі ғылым докгоры мен ғана екенмін», -  дейді. 

Бүған қарағанда мен мынадай ой түйдім: Табиғатқа кереғар іс жаса- 

мау қажет. Әр ұлт өзінің ана сүтімен дарыған тілінде білім алса, оның 

талантын  одан әрі ұштауға  болады.  Сондықган,  қазақ мектептеріне 

бала оқытудан ешбір қорқуға болмайды».



-  

Қалмұқан  Исабайулы,  ұлттық  жанр  бойынша  айтқан 

әңгімеңізге  көп рахмет.  Жарқын болашаққа жету үшін жасалып 

жатқан жұмыстардың бәрі қазақтар мен Қазақстандағы барлық 

улт өкілдерінің ынтымақтасу жолындагы үміттерін ақтасын.

Қүрметті  теледидар  керермендері,  осымен  үлттық  жанр 

бойынша  жүргізген  әңгімеміз  аяқталды.  ¥лттардың  бір-бірінің 

бабын табу ниеттері баянды болсын деген тілегімізді білдіреміз.



Режиссері Зара Алшагырова 

Операторлары: Солтан Жолдасов, 

Сергей Симоненко,  Марат  Жұматов

22.02.1995 ж.

Ой толқыны (I бөлім) 

vSV*

Пайдаланылған әдебиеттер:

Бижан Ж. К.

Л

1.  А.  Байтұрсынов. Ақ жол -  А,  1991. Алматы «Жапын»  1991.

2.  Айнаш  Есали, 

Бақыт  Балғарина. 

«Алматы  адамзатқа 

алаңдайды» -  «Егемен  Қазақстан»  №119-120 (25092) 25 сәуір

3.  Есқали  Айнаш,  Балғарина  Бақыт.  «Мазасыз  әлем,  әрқилы 

мүдделер»  -   «Егемен  Қазақстан»  №120-121  (25094)  26  сәуір

4.  Автордың жеке мұрағатынан

5.  Сонда.

6.  Таранов Павел. «Звезды мировой философии» «Энциклопедия 

высокого ума» -  Москва Act издательство -1999. -  592 б.

7.  Таранов Павел. «Звезды мировой философии» «Энциклопедия 

высокого ума» -  Москва Act издательство -1999. -  592 б.

8.  «Қазақ әдебиеті»,  N35 (2987),  1-7 қыркүйек 2006.

9.  Жанрлар. Жеке мұрағаттан.

2008.

2008.


hi.

288 

Ж

II бөлім

w

АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА

Ой толқыны 

( Іі 

бөлім)

Публицистика -  латынша -  publich -  көпшілік,  элеумет деген 

сез.  Олай  болса,  публицистика  -   қоғамның  қалыптасуы  мен 

дамуындағы іскерлік пен нақгылықты еткір көркемсөзбен баяндау. 

Публицистика  оқиғаның  бүгінгісі  мен  өткенді  шебер  үйлестіріп, 

оқырманға, тыңдарманға және керерменге кешікгірмей дер кезінде 

жеткізетін әдеби-ғылыми жанр.

Ахмет  Байтұрсыновтың  пайымдауында  «Керкем  сез  сурет 

түрінде  өң,  ажар,  мінез,  қылық  беріліп,  түрпат,  түлға,  түс  бітіп, 

тірі  нәрсе болып  шығады.  Сондықтан да дарынды сөз керкем сез 

болып  аталады».  Сонымен  бірге,  «Ахмет  Байтұрсынов  керкем 

сөз -  жазумен  айтылады,  ал  шешен сез — ауызбен  айтылады», -  

деп екеуінің өзгешелікгерін түсіндіреді [1, 404,405, 406.].

Публицист -  публицистикапық шығарманы жасаушы жазушы. 

Публицистика -  ағымдағы  қоғамдық емірдің,  заманауи  қоғамдық- 

саяси езекті мәселелер бойынша әдебиет. [2, 629 стр.]

Публицистикапық  шығармада  мемлекет  пен  қоғамның 

қалыптасуы  мен  дамуы  дүниетанымдық  көзқарас  ауқымында 

жазылады. Публицистикада ішкі ізденіс пен дамудың нәтижесіндей 

байқапатын  өмір  проблемалары  жиі  жарияланады.  Мұндай 

үдерістің  қайнар  көзін  тікелей  керсету  тиімді  емес.  Сондыісган, 

анағүрлым  аралықга  түратын  «бастапқы»,  «тапсырыс»  деген 

терминдерді  қолдану  орынды  болады.  Бастапқы  эпизод,  бірінші 

хабарлама кадрлары -  жоғары деңгейде көрсету арқылы тақырып 

маңыздылығының, 

авторлық 

идеяның 

болуының 

(немесе 

болмауының) және шеберлікті қолдана білудің мәнін көрсетеді.

Публицистикалық  шығармаларға  сүйеніп  журналист  езі 

зерттеген  тақырыптар  ауқымында  жинаған,  іріктеген  деректерді 

жүйелеп  БАҚ-тарда,  теледидар  жэне  радио  хабарларын  тарату 

барысында  дәйекті  де  шынайы  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік 

ұстанымдағы ақпараттарын жариялайды.

Бүл  жанрмен  публицист  әлеуметтік-экономикапық,  саяси 

бағыттағы езгерістерді, ғылыми, мәдени жэне адам мен қоғамдық 

қатынастарды накгы, өрі еткір сипаттайды. Керкем-публицистика -  

суреттеме, эссе, очерк, фельетон, памфлет, тарих, эпитафия, шоу 

жанр,  анекдоттар,  пародиялар,  ойындар,  шоу-эксперименттер,



Бижан Ж. Қ.

шоу-зерттеу,  реалти-шоу,  интерактивті  материалдар  -   өмір

проз асы.

Қазақ  публицистикасының  дамуынан  қазақгың  сөз  өнерінің 

өркен  жаюы  айқын  көрінеді.  Жаппы  публицистика  турапы 

сөз  қозғалғанда  өткенді  еске  тусірмей  баяндаудан  толық 

түсінік  шықпайды.  Кезінде  публицистика  аса  көрнекті  жазушы 

М.  Горький  үшін  жалпы  әдебиеттік  қызметтің  аса  зор  маңызды 

түрі  болып  саналды.  Белинский,  М.  Қаратаев,  М.  Әуезов, 

Ғ.  Мүсірепов,  Ғ.  Мұстафин,  М.  Әлімбаев,  Ә.  Нұршайықов  және 

т.  б.  қазақ  публицистикасының  дамуына  мол  үлес  қосты.  Олар 

публицистиканың  тарих-  әлеуметтік  деректердің  ғылыми  талдау 

үлгісі және керкемдік публицистиканы дамытудың ерекше бағытын 

айқындап берді. Олардың үлігісіндегі публицистика -  жазушы мен 

журнапист-публицисттің  жүртшылықты  санапы  түрде  қоғамдық- 

саяси  өмірдің  шындығына  иландыру  жолындағы  шығармалары 

болып келеді.

Осы орайда, «Сөз затты білуден туындайды және дамиды. Егер 

шешен  оны  бойы  шымырланып  меңгермесе  және  зерделемесе, 

онда  әрбір  көсемсөз  мағынасыз  сез  болады»,  -   деген  Цицерон 

[3,  32  стр.].  Ал  неміс  философы  Фридрих  Ницше: 

«Шындықтың 

өкілдері.

  Шындық екілдерін  кем дегенде оны  айтуға  қауіпті жерде 

емес, баяу да зеріктіріп жасайтын жерден табады», -  деген [4, 259 

стр].  Публицистика  қызметі  арқылы  шығармашылық  қоғамдық- 

саяси тәжірибеден өтесің.  Бүл мәселеде де Фридрих Ницшенің ой 

түйініне зер салайық. Ол: 



«Мамандықтың құндылығы.

  Мамандық 

ойды  әртараптандырады,  оның  кереметтігі  осы.  Адам  күдікгің 

және жалпы сипатта алаңдаудың құрсауында қалғанда мамандық 

әрқашан  пана  болады. 

(Воплощение  духа)

  Адам  зерделеп, 

парасатты  ой  түйіндесе,  онда  оның  бет-жүзінен  ғана  емес,  оның 

тұла  бойынан  ақылды  бейне  байқалады»,  -   дейді.  Олай  десек, 

өнердің  көптеген  элементтерін  қолданбаса  публицистиканың 

шығармашылық  ықпалы  болмай,  әсерсіз,  мылжың  сез  болып 

қапар еді», -  деп жазған [5, 265].

Осындай 


шығармалардың 

туындауынан 

бүқаралық 

коммуникациялар 

каналдарын 

басқаруға 

қол 

жеткізіледі. 



Сейтіп,  бүған  журналистиканы  медиа  индустриясының  белігі 

ретінде  қарастыру  заңдылығы  иландырады.  Публицистикалық

шығармалдардың  материалдары  деректі  тірек  ететіндіктен


*   нақты  шындық  баяндалады.  Мұнда  деректен  ауытқу  болмайды.  ч  

Публицистикалықшығарманы іске асыру апғашқы кезеңінен бастап 

түпкі  ой,  ниет  негізінде болжанады.  Эрине,  ол  апдымен,  тақырып 

пен идея оралымында қолға түскен деректер іріктеліп, теориялық 

және  эмпирикалық  бағытта  зерделеніп,  жүйелеу  барысында  ой 

тереңделеді.  Соның нәтижесінде тақырып бойынша проблемалар 

жөнге  келтіріліп  қорытындыланып, 

мазмұны  нақтыланады. 

Бұлардың  бәрі 

саналы  шығармашылықтың  үдерістері  болып

саналады.

Әрине,  ол  автордың  біліктілігі  мен  тәжірибесіне  байланысты 

өрбиді. Әдеби де публ ицистикалық материалдарды өмірде ғыл ыми 

жүйелеу деген осы. Бүгінгі публицистикада өткеніміз бен бүгінімізге 

тәуелсіз  ел  бағытынан  зеределенеді.  ¥лттық  публицистикада 

анағүрлым өткір,  шынайы және еркін көсіле жазудың маңызы зор. 

Бүл  қажегтіліктер  қазаққа  елінің  болашағын  айқындатады.  Қазақ 

публицистикасындағы  образ  өзінен-өзі  туындамайды,  ол  ретті, 

орынды,  әрі үтымды жасалуы тиіс.  Әрбір шағын образ кездейсоқ, 

тұтқиылдан  туындамайды,  ол  өнеге  басымдығын  айқындайтын 

жинтық  образдармен  қабыса  өрнектеледі.  Публицистикалық 

образдың 

қайталанбайтын 

ерекшелігі, 

оның 

зерделеудің 



нәтижесінде  қорытынды  ойдан  сомдалуында.  Мүндай  ой 

жазылар  алдында  ең  бастысы,  сөз  мағынасының  реңкі,  пішіні, 

кейіпі  және  ерекшелігі  бір-бірімен  қабысатындай  пысықталады. 

Бүл  үшін  пубилицистикада  образ-дерегі  басымдықга  болады. 

Ал  образ-дерек  көркемдік  заңдылығына  сәйкес  туындайды 

және  танымдық,  ағартушылық  мағынада  танылады.  Осылай 

пысықталған  публицистикалық  шығармадан  деректердің  белгілі 

бір  қысқа  немесе  үзақ  уақыт  және  кеңістік  өлшемінде  жасалған 

образ  екендігі  айқын  байқалады.  Сонда  ғана  публицистикапық 

шығармада  жасалған  образ-дерек  автордың  айтқаны  ғана  емес, 

шындықтың бір бөлігі екендігі аңғарылады.

XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазақстанда  қоғамдық  ой 

мен жаңа жазба  әдебиетінің тарихы бастау алды.  Бүл кезең қазақ 

елінде ашық сөйлеу,  қазіргі  заман тілінде  айтсақ,  үлттық шындық 

ашық  айтылып,  демократиялық  публицистиканың  қоғамдық

қатынаста  қолданыла  бастау  кезеңі  еді.  Әрине,  оған  орыстың

төңкерістік-демократиялық қозғапысының да ықпапы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет