Екінші тәсілге сәйкес, басқарушылық құзыреттілік басқару қызметінде проблемаларды өнімді шешу үшін функционалды және жеке дайындықты көрсетеді (В.А.Сластёнин, Ю.В.Варданян, т.б.).
Бұл тәсіл біздің зерттеуімізге барынша сай келеді, сондықтан алдағы жұмыс барысында осы тәсілді ұстанамыз.Осылайша, осы көзқарас шеңберінде зерттеушілер кәсіби проблемаларды шешуге дайындықпен байланысты әлеуметтік-білім құзыреттілікті, коммуникативтік және кәсіби- коммуникативтік құзыреттілікті, жалпы педагогикалық кәсіби құзыреттілікті (психологиялық-педагогикалық және әдістемелік), кәсіби өзін- өзі жүзеге асыруды қамтитын жетекшінің кәсіби құзыреттілігі кәсіптік және педагогикалық құзыреттердің жиынтығы екенін атап көрсетеді. Д.И.Иванов өзінің зерттеуінде маманның және басқарушының құзыреттілігін құзыреті бар тұлғаның сипаттамасын қоса алғандағы адамның мінездемесі ретінде қарастырып, құзыреттілікті сипаттайтын құзыреттерді төмендегідей бөледі:
қоғамның әр мүшесі игеруге тиісті негізгі немесе кілттік, олар жағдайға қарай өз бетінше және топта әрекет етуге, ерекше жағдайларда нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
әртүрлі пәндер аумағында ортақ болып келетін арнайы немесе пәндік (зерттеу әдістерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелерін негізді және логикалық түрде ұсыну мүмкіндігі; өздерінің білім саласындағы теориялар мен ұғымдарды сыни талдауды жүзеге асыру қабілеті, басқа авторларды зерттеу бойынша сарапшылық ұстанымға ие болу мүмкіндігі және т.с.с.);
ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін адамдардың ұжымдық күш-жігерін ұйымдастыруға және үйлестіруге мүмкіндік беретін басқарушылық құзыреттілік;
қоғамда өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке құзыреттілік (өз бетінше үйренуге, өз әрекеттерін және мотивациясын бақылауға, олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауға және т.с.с., мүмкіндік береді) [84];
Бүгінгі күні білім беру жағдайын дамытудағы жетекші тенденциялардың бірі – білім берудің құндылық парадигмасына көшу.Қоғамдық қатынастарды жаһандық ізгілендіру жағдайында білім негізгі құндылықтардың бірі болып
табылады; ал білімнің негізгі құндылығы білім беру үдерісіне қатысушылардың құзыреттілігіне негізделеді.
Гуманистік сезім білім берудегі заманауи басқаруды талап етеді, бұл басқару қызметінің аксиологиялық сипаттамаларын көрсетеді, аксиологиялық көзқарасты (В.И.Гинецинский, И.Б.Котова, В.А.Сластёнин, Г.И.Чижакова, E.H.Шиянов) теоретиктер егжей-тегжейлі қарастырды.
Қоғамды гуманизациялау жағдайында басқару қызметі «адам – адам» үдерістеріне негізделген қызмет ретінде қарастырылады. Қазіргі заманғы басқару теориясында осындай іс-шара «паритеттік қарым-қатынастарды орнатуға негізделген қолдауды басқару, проблеманы табысты шешу, адамның резервтерін нығайту үшін гуманитарлық технологиялар мен әдістерді қолдану мүмкіндігі, мақсатқа тиімді қол жеткізу» атауын алды [85]. Осылайша, аксиологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, басқару іс-әрекеті негізінде субъектіге-субъектілік өзара әрекеті бар білім беру үдерісінің субъектілері арасындағы паритеттік өзара іс-қимыл ретінде түсінуге болады.Кез келген басқа бірлескен қызмет секілді, субъектіге-субъектілік өзара әрекеттесу қарым- қатынастан тыс жүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас – бұл диалог түрінде орын алатын рухани құндылықтармен алмасу ... «басқа Мен» сияқты айналадағы адамдармен өзара әрекеттесу» [86]. Бұл анықтамадан маңызды логикалық тізбекті байқауға болады: байланыс – диалог – құндылықтар [87].
Басқаруға қатысты диалог сұхбат шарты ретінде де, құрал ретінде де, басқарушылық үдеріске қатысушылар арасындағы субъектіге-субъектілік қатынастарды үйлестіру әдісі ретінде қарастырылады.Осыған байланысты басқару диалог аясында болашақ мұғалімнің басқару құзыреттілігін анықтайтын басқарушылық қызметтің мақсаттарына қол жеткізуді түсінуге және қабылдауға бағытталған білім беру үдерісінің субъектілерін үйлестіру ретінде анықталады.
Осылайша, аксиологиялық көзқарас шеңберінде басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруды педагогтың басқарушылық ұстанымын қалыптастыру ретінде қарастыруға да болады.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетте «ұстаным» ұғымы ерекше орын алады. Қазіргі уақытта авторлар «ұстаным» түсінігін әртүрлі мәнде пайдаланады. Педагогикалық зерттеулерде «ұстаным» ұғымын қарастырудың үш жолы бар:
-қоғамдағы, топтағы немесе әлеуметтік жағдайдағы ұстаным (Г.М.Андреева, А.Г.Асмолов, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, Т.В.Сенько, т.б.);
-адамның жалпы шындыққа, оның әртүрлі бағыттарына немесе жеке адамның позициясына қатынасы ретіндегі ұстаным (Л.И.Божович, Т.А.Загрузина, С.А.Капустин, Б.Д.Парыгин, В.А.Ядов, т.б.);
- адамның тікелей қарым-қатынастағы, нақты жағдайдағы немесе рөлдік орнындағы ұстанымы (А.Л.Венгер, Н.Е.Веракса, Е.В.Кондратьев, А.И.Красило, т.б.);
Кәсіби ұстанымдардың қолданыстағы сипаттамалары аталған үш жоспардың барлығында көрініс табады (А.Ф.Копьёв, А.К.Маркова, В.А.Ташлыков және т.б.).
Н.Леонтьев ұстанымды адамның дербес іс-әрекеті ретінде қарастырады, оның мәні адамгершілік қасиеттерді таңдауда көрінеді. Сондықтан көшбасшы ұстанымы, бір жағынан, қоғамды, оның мәртебесін көрсететін талаптар, үміттер мен мүмкіндіктер арқылы анықталады, екінші жағынан, жетекшінің жеке, дара ішкі белсенділік-бейімділігі, тәжірибесі, мотиві мен мақсаттары, құндылық бағдарлары, дүниетанымы, идеалдарына әсер етеді [88].
А.Сластенин басқарушының жеке бас ұстанымын «қатынас» категориясымен анықтайды және адамның мотивациялық-құндылық қарым- қатынастарының тұрақты жүйесі ретінде айналадағы шындықтың түрлі көріністеріне, қызметке, адамдарға, өзіне-өзінің қатынасы түрінде қарастырады [89]. Біздің зерттеуіміздің аясында осы көзқараспен бөлісе отырып, басқарушылық қызметтегі субъектілер ұстанымын мотивациялық-құндылық қарым-қатынастарының тұрақты жүйесі ретінде білім беру қызметінің әртүрлі көріністеріне жеке қатынастар, ал басқару түсінуге және қабылдауға бағытталған диалог шеңберіндегі басқалардың ұстанымдарын үйлестіретін өзара іс-қимыл ретінде айқындалады. Осылайша, біздің ойымызша, педагогтың басқарушылық құзыреттілігін білім беру үдерісі субъектілерінің ұстанымдары бойынша диалогке дайындық ретінде анықтауға болады.
Сонымен әртүрлі ғылыми көзқарастарды талдау жүйелік тәсілдің ұстанымы тұрғысынан басқарушылық құзыреттілікті кәсіби құзыреттілік компоненті ретінде қарастыруға; қызметтік тәсіл тұрғысынан теориялық (білімді қолдану деңгейіне қарай) және практикалық (қызметті орындау мүмкіндігі, міндеті) басқарушылық қызметке даярлығы; тұлғалық-бағдарлық тәсіл тұрғысынан басқарушылық құзыреттілік әдетте, жетекшінің жеке сипаттамаларының үлгісі түрінде пайда болады, алайда ұстанымдарда және басқа тәсілдерде анықталған басқарушылық құзыреттілік түсінігінің құрылымына да енгізілуі мүмкін; құзыреттілік тәсілдің аясында – жеке тұлғаның ажырамас сипаты ретінде педагогтың кәсіби басқару практикасында білімді пайдалана отырып міндеттер мен басқару мәселелерін шешуге; кәсіби және жеке қасиеттерді ескере отырып, дағдыға, тәжірибеге дайын екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Құзыреттілік тәсіл білім беру мен оқытудағы декларацияланған іс-әрекеттік қағиданы іске асырудың неғұрлым барабар, практикаға бағдарланған тәсілі болып саналады [90].
Біз зерттеуімізде аксиологиялық тәсілді қолдана отырып, болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін білім беру үдерісі субъектілерінің ұстанымдары бойынша диалогке дайындығы ретінде анықтаймыз.
Біздің зерттеуіміз үшін болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымын айқындаудың, мазмұнын жасаудың мәнділігі зор. Өйткені ол педагог-менеджер тұлғасының сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді. Ол туралы келесі 1.2 параграфында жан-жақты баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |