Бижанова Нұржанар Кәкенқызы


тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық



бет22/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Байланысты:
111Sa

тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұрғыда пікір білдірген әртүрлі көзқарастарды қарастырамыз.

Жүйелік көзқарас көптеген теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғылымда кеңінен қолданылады. Жүйелік көзқарастың философиялық негіздері Б.Г.Ананьев, В.П.Кузьмин, Б.Ф.Ломов В.Д.Шадриков, Г.В.Суходольский, Г.С.Никифоров және т.б. жұмыстарында ұсынылған. Жүйелік зерттеулердің жалпы міндеттері – жүйелерді талдау және синтездеу. Талдау үдерісінде жүйе қоршаған ортадан бөлінеді: оның құрамы, құрылымы, функциялары, қасиеттері, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасаудың жүйелік факторлары айқындалады. Синтездеу үдерісінде оның абстрактілі сипаттамасының негізінде құрылымы мен құрылымының толықтығы, сипаттаманың негіздері, динамика мен мінез-құлық заңдарының анықталған нақты жүйелі моделі құрылады. Жүйелік тәсілді қолдану нәтижесінде объективті шындықтың күрделі құбылыстарының жүйелік сипаттамаларын алуға болады. Жүйелік тәсілдің мәні, салыстырмалы түрде дербес компоненттер оқшау қарастырылмайды, олардың өзара қарым-қатынасында, басқа жүйемен бірлікте қарастырылады;ал кез келген объект жүйе ретінде де, үлкенірек қамтылатын жүйенің элементі ретінде де қарастырылады. Біздің ойымызша, жүйелік тәсілдің ұстанымдары «басқару құзыреттілігі» ұғымының анықтамасында байқалады.Бұл кәсіби құзыреттілік компонентін құрайды. Осылайша, В.И.Бондарь және И.Ильина «басқарушының – мектеп директорының басқару құзыреті – оның кәсіби құзыреттілігінің кешенді жүйесінің ажырамас бөлігі», – деп санайды [60; 61]. Е.П.Тонконогая оқу мекемесінің басшысының қызметін басқарушылық мамандық ретінде қарастырады, ол кәсіби және басқарушылық құзыреттілік ұғымдарын бір-бірінен бөліп қарастырмауға тырысады [62]. М.Кяэрст басқару құзыреті түсінігі бойынша менеджердің кәсіби құзыреті мен басқару құзыретін теңестіре қарайды. Біздің зерттеуімізде жүйелі тәсіл негізінде, мұғалімнің басқару құзыреттілігінің элементі, оның кәсіби құзыреттілігі жүйесінің компоненті ретінде қарастырамыз [63].

Осы аспектілерге сәйкес басқарушылық құзыреттілік іс-әрекетке бағытталған және тұлғалық бағыттағы тәсілдер шеңберінде қарастырылады.

Әртүрлі қызмет түрлеріндегі құзыреттілікті анықтау негізі ретінде көптеген ғалымдар іс-әрекет тәсілдерін пайдаланады, өйткені құзыреттілік ақпарат түрінде ешкімге берілмеуі, ол тек өз іс-әрекеттерін өзгерту үдерісінде ғана қалыптасуы мүмкін (В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Г.П.Щедровицкий). Мұндай көзқараста оқиғалар немесе құбылыстар әлеуметтік қатынастар жүйесіне кіретін субъектілердің (басқарушы және басқарылушы) іс-әрекеті (басқару) негізінде қарастырылады. Педагогтың басқару құзыреттілігін іс-әрекеттік көзқарас тұрғысынан анықтау, зерттеу И.Ф.Исаев, В.Г.Онушкин, Ю.В.Варданян, Л.Н.Берестова, В.А.Сластёнин және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде педагогтың басқарушылық құзыреттілігі басқарушылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін теориялық және практикалық дайындықтың бірлігі ретінде қаралады, онда мұғалімнің басқару құзыретінің құрылымы осы дайындықты сипаттайтын басқару функцияларымен байланысты

дағдылардан тұрады. Сол ұстанымнан бастап осы тәсілдің шеңберінде Л.Н.Берестова [64] «басқарушылық құзыреттілікке» білім мен басқарушылық дағдыны қосады. Осы тәсілдің аясында Л.И.Панарин сондай-ақ басқару құзыреттілігін кәсіптік білімді іс жүзінде қолдануға дайындық және өз жұмысында коммуникативтік, құрылымдық және ұйымдастырушылық дағдыларды қолдану екенін анықтайды [65]. В.Г.Онушкин, А.К.Маркова, П.В.Симонов, В.А.Сластёнин, Т.И.Шамова, және т.б. басқару құзыреттілігі түсінігіне басқару дағдыларын; ресми өкілеттіктерді кәсіби түрде орындау үшін қажетті білімдердің болуын (қолдану деңгейінде) қосады [66-70]. В.И.Бондарь



  1. іс-әрекеттік көзқарас шеңберінде басқарушылық құзыреттілікті білімнің, дағдылардың және басқарушылық функцияларды орындауға дайындықтың жиынтығы ретінде анықтайды. Осы тәсілге сәйкес В.Р.Веснин [72] басқарушы құзыреттілікке қызметкердің өз функцияларын қалыпты және төтенше жағдайларда сапалы және қатесіз орындау қабілеті деген анықтама береді. Басқару құзыретінің негізгі түрлерінде зерттеуші басқарушының кәсіби білімі мен оларды жүзеге асыру дағдыларымен сипатталатын функционалдық құзыреттілігін; интеллектуалдық-аналитикалық ойлау қабілетіне ие болу мен өз міндеттерін орындауға кешенді тәсілді енгізу және ахуалға сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беретін жағдайды анықтайды.

Осылайша, іс-әрекеттік көзқарас тұрғысынан басқару құзыреттілігі теориялық (қолданбалы деңгейде білім) және практикалық (функцияларды орындау деңгейінде дағды, міндет) басқарушылық іс-әрекетке дайындығы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Білім берудегі тұлғалық-бағдарлық көзқарас адамның жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік, іс-әрекеттік және шығармашылық мәні туралы ұғымды бекітеді (Б.С.Гершунский, Э.Ф.Зеер, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Л.М.Митина, В.В.Сериков, В.А.Сластёнин, И.С.Якиманская және т.б.).

Тұлғаға бағытталған бағдар педагогикалық үдерісті мақсатқа, пәнге, нәтижеге, оның тиімділігінің негізгі өлшеміне қарай жеке тұлғаның құрылуына және жүзеге асырылуына бағдарлауды білдіреді. Оқытушының «басқарушылық құзыреттілік» тұжырымдамасының ерекшеліктерін және жеке бағдарлы көзқарасты зерттеу кезінде Р.Бойацис, басқарушылық құзыреттілікті басқару сипаттамаларының сәйкестендірілген үлгісіне сәйкес басқару қабілетін қалыптастыру деген тұжырымға сүйенеді, ол «шекті» және «айрықша» топтардағы жетекшілер қабілетін – мақсаты мен әрекетін, көшбасшылығы мен адам ресурстарын басқаруды, қоластындағыларға жетекшілік, басқаларға назар аударуды қамтиды [73]. Р.Л.Крычевскийдің айтуынша, менеджердің басқару құзыретіне оның жеке жұмысының тиімділігіне ықпал ететін жеке сипаттамалардың жалпы тізімін қосуға болады [74]. Оларға мыналар жатады: үстемдік, өзін-өзі қамтамасыз ету, эмоционалды салмақтылық, шығармашылық, жауапкершілік, дербестік, көпшілдік – бұлар арқылы көшбасшы өзінің кәсіби қызметінде шығармашылық көзқарастарын жүзеге асыру қабілетін анықтайды. Осы тұрғыдан И.П.Семыкин ұстанымы адамның психикалық және психофизикалық сипаттамаларының жиынтығы ретінде басқарушының кәсіби

қызметін жүзеге асыру үшін қажет «басқарушылық құзыреттілік» терминіне қатысты болып келеді [75]. Жеке компонент және «басқару құзыреттілігі» түсінігіне И.В.Ильина берген: «... басқару тәжірибесі, кәсіби маңызды білім, менеджер ретінде табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдылар мен жеке қасиеттер, сондай-ақ осы білімді жаңартуға деген ұмтылыс», – деген анықтаманың маңызы өте жоғары [76, с.194]. Мұғалімнің басқару құзыреттілігін айқындаудың жеке құрамдас бөлігі туралы Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова көзқарастары да жетекші рөл атқарады [52, с.83;77]; олар басқарушылық құзыреттерді белгілі бір түрлерге бөледі – тұлғалық құзыреттілік (жеке өзін-өзі көрсету әдісі мен өзін- өзі дамыту, адамның кәсіби деформацияларына қарсы тұру құралдары) және жеке құзыреттілік (өзін-өзі реттеу және кәсібі шегінде даралықты дамыту, өзін- өзі қорғау қабілеті және т.б.). Жоғарыда келтірілген талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, осы тұрғыда басқарушылық құзыреттілік менеджердің жеке сипаттамаларының дара үлгісі ретінде ұсынылады,сонымен қатар, басқарушылық құзыреттілік тұжырымдамасының құрылымы басқа тәсілдермен анықталуы мүмкін.

Басқарушылық құзыреттілік ұғымын талдай келе, біз осы тәсілдерде басқару құзыреттілігінің мазмұнының ерекшелігі нашар байқалатындығы туралы тұжырымға келдік.

Сондықтан біз өззерттеуімізде «басқарушылық құзыреттілік» тұжырымдамасын құзыреттілік тәсілі аясында қарастыруға назар аударамыз. Өйткені құзыреттілік тәсіл – оқу-танымдық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әртүрлі салаларда әртүрлі жағдайларды модельдеу арқылы жүзеге асады [78].

Біз осы көзқарасты ұсынылып отырған диссертациялық зерттеудің іргелі әдістемелік тәсілдерінің бірі ретінде барынша нақтырақ қарастырамыз.

Бірқатар зерттеушілердің (Э.Ф.Зеер, Д.А.Иванов, Т.В.Иванова және т.б.) пікірінше, құзыреттілік негізін қалаушы, грекше «atere»деп аталатын адам күйінің мүмкіндігін зерттеген Аристотель – «ол дамыған және жетілдірілген күш, ол жеке тұлғаға тән ерекшелік болды» [79]. И.А.Зимняя, В.И.Байденко, А.В.Хуторской еңбектерінде білім беру саласындағы құзыреттілік тәсілінің дамуы үш кезеңге бөлінеді, оларды жалпы келесі түрде ұсынуға болады.Білім беру саласындағы құзыреттілік тәсілін дамытудың бірінші кезеңінде зерттеушілер нақты қызметте туындайтын жағдайларға назар аударды. Дегенмен қазіргі өмір жағдайлары күрделілігі мен динамикасының артуымен сипатталады. Бұл адамдар күрделі динамикалық ортада жұмыс істей алу керек дегенді білдіреді. Құзыретті білім адамға бейтаныс жағдайларда жаңа мәселелерді шешуге көмектесуі керек.

Сондықтан білім беруде әртүрлі дағдыларды үздіксіз дамытуға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктерге ерекше көңіл бөлінді.

Білім берудегі құзыреттілік тәсілін дамытудың екінші кезеңінде құзыреттілік синтетикалық түсінік болып табылатыны анықталды, ол нақты өмір жағдайына сәйкес келетін міндеттерді шеше алады. Осы кезеңде зерттеушілер

«әлеуметтік құзыреттілік / құзыреттілік» тұжырымдамасының мазмұнына

жүгінеді. Сонымен бірге осы кезеңде қызметтің түріне қарай құзыреттілік те сан алуан түрге бөлінеді, ал құзыреттілік дәлелді қабілеттермен анықталады және құндылықтармен байланысты болады.

Құзыреттілік мәні бойынша талқылаудың үшінші кезеңі халықаралық білім беру зерттеулерімен байланысты, олар әртүрлі елдердегі білім берудің дамуына әсер ететін, құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл DeSeCo, PISA, ALL және т.б. бағдарламалар. Үшінші кезеңде ЮНЕСКО-ның материалдарында құзыреттілік аясында білім берудің нәтижесі қазірдің өзінде қарастырылуы қажет. Жак Делор ХХІ ғасырдағы білім беру жөніндегі халықаралық комиссияның «Білім: жасырын қазына» атты баяндамасында білім беруге негізделетін «төрт бағананы» қалыптастырды: білуді үйрену, жасауды үйрену, бірге өмір сүруге үйрену, өмір сүруді үйрену» және мәні жағынан негізгі жаһандық құзыреттілікті анықтады [80].

Құзыреттілік тәсілінің идеялары қазіргі педагогикалық теорияларда көрініс ала бастады. Біз ол туралы жарық көрген еңбегімізде жан-жақты айтқан болатынбыз [81]. Мысалы, педагогикалық білім беру тұжырымдамасында (В.А.Болотов, В.В.Краевский, В.В.Сериков, А.В.Хуторской, т.б.), онда құзыреттілік көзқарас білім берудің нәтижесіне назар аударатын тәсіл болып табылатындығына ерекше көңіл бөлінеді, нәтижесінде алынған ақпараттардың мөлшері қарастырылмайды, адамның әртүрлі проблемалық жағдайларда әрекет ету қабілеті қарастырылады. Білім берудің басым мақсатты-векторлары:өзін-өзі анықтау, өзін-өзі белсендіру, әлеуметтену және өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамыту [82].

Біріншісі – мінез-құлық тәсілі (американдық дәстүр), онда құзыреттілік (competency) «адамның негізгі сипаттамалары» терминінде анықталады, олар

«жұмыстың тиімді немесе жақсы орындалуымен байланысты» болып келеді және Boyatzis көрсеткендей, «ұзақ уақыт бойы әртүрлі жағдайларда көрінеді; [73, с.145].

Екіншісі – функционалдық тәсіл (британдық дәстүр), құзыреттілікке негізделген тәсіл бола отырып, жұмыс орнында көрсетілетін «анық» құзыреттерге баса назар аударады, яғни, функционалдық құзыреттіктерді пайдалана отырып, қызметтің сипаттамаларын анықтайды.

Үшінші – көпөлшемді және тұтас тәсіл (Франция, Германия және Австрия) алғашқы екі тәсілдерді біріктіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет