Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


МЕТАЛЛ КЕСКІШ БІЛТЕКТЕ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІ



бет4/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

2. МЕТАЛЛ КЕСКІШ БІЛТЕКТЕ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІ

2.1. Білдек кинематикасы

Білдек кинематикасының теориясының негізін қалаған орыс ғалымы Г.М.Головин (1889—1949) болып табылады, ол анализдің теориялық негізін жасаған.

Бөлшек жасау үшін білдектің жұмысшы мәрімі қажетті келісілген қозғалысты жасау керек, қозғалыс барысында дайындамадан артық материал -әдіп алынады.

Білдектің барлық қозғалысы орындаушы деп аталады. Қолдану мақсатына қарай келесі түрлерге бөлінеді: пішін құраушы, орнатушы, бөлгіш, басқару және қосалқы.

Дайындаманың және кесу құралының келісілген салыстырмалы қозғалысы, үздіксіз бет пішінін жасайды, осы қозғалысты пішін құраушы немесе жұмысшы қозғалыс деп атайды. Ол жай немесе күрделі болып екіге бөлінеді. Жай қозғалысқа айналу және түзу сызықты қозғалысы жатады. Жону, жоңғылау, бұрғылау және ажарлау білдектерінің кесу қозғалысы – айналу қозғалысы болып табылады. Айналу және түзу сызықты қозғалыстары қосылып күрделі қозғалысты тудырады. Күрделі пішін құраушы қозғалыс кезінде, қай қозғалыста үлкен жылдамдық болса сол басты қозғалыс немесе кесу қозғалысы болады, ал оның жылдамдығы – кесу жылдамдығы болып табылады. Аз жылдамдықпен жүретін қалған қозғалыстар, беріліс қозғалысы деп аталады.

Кесумен өңдейтін білдектердің (жону, жоңғыш, бұрғылау) кесу жылдамдығы, м/мин, келесі формуламен анықталады

υ = πdn/1000,

мұндағы d— өңделетін дайындаманың диаметрі (құралдың), мм;



n — дайындаманың айналу жиілігі (құралдың), мин-1 (айн/мин).

Ажарлау білдектерінде жүргізілетін қажақты өңдеу кезінде кесу жылдамдығы, м/с, келесі формуламен анықталады

υшлdкрnкр/(1000·60),

мұндағы dкpи nкр — ажарлағыш шарықтастың диаметрі және айналу жиілігі.

Жону, жоңғыш және бұрғылау білдектерінде беріліс қозғалысы —үздіксіз, жазық ажарлайтын және дөңгелете ажарлайтын білдектерде — үздікті.

Кезкелген машинаның, оның ішінде білдектіңде негізін механизмдер құрайды. Механизм – салынған күштің әсерінен мақсатқа сай қозғалыс жасайтын, қатты денелердің жанасу жолымен өзара байланысқан жүйені айтады.

Өзара қозғалмайтындай қосылған, бір немесе бірнеше қатты денелерден тұратын, дене жүйесін механизм буыны деп аталады. Қозғалатын екі жанасқан буындарының қосылысы, кинематикалық жұп деп аталады. Бір буынның басқа буынмен түйісетін беті, сызығы немесе нүктесі буын элементі деп аталады.

Өзара белгілі бір жүйелікпен қосылған буындар жүйесі, кинематикалық тізбек құрайды. Кинематикалық тізбекке, кіретін кинематикалық жұптар және олардың элементтерімен байланыстары, шартты графикалық белгілер көмегімен, сызбаларда кинематикалық сұлба түрінде көрсетіледі (кесте 2.1). Кинематикалық сұлбаларды орындау ережелері және олардың элементтерінің белгіленуі МСТ 2.770—68* бекітілген. Механикалық беріліспен қатар гидравликалық, электрлік және пневматикалық құрылғылары бар білдектер үшін, сәйкес сұлбалар құрастырылады.

Кесте 2.1

Кинематикалық сұлба элементтерінің шарты белгіленуі



Атауы

Шарты белгіленуі

Білік, ось, өзек




Білікте орнатылған домалау және сырғанау мойынтіректері (түрі көрсетілмеген):

радиалды


тіреуішті





Сырғанау мойынтірегі:

радиалді


радиаль-тіреуішті

бір жақты

екі жақты

тіреуішті

бір жақты

екі жақты







2.1 кестесінің жалғасы

Атауы

Шарты белгіленуі

Домалау мойынтірегі

радиалді


радиаль-тіреуішті

бір жақты

екі жақты

тіреуішті

бір жақты

екі жақты







Жалғастырғыш (жалпы белгіленуі)




Ілініспейтін жалғастырғыш (басқарылмайтын):

бітеу





серпімді

компенсаторлы







Ілінісетін жалғастырғыш (басқарылатын):

жалпы белгіленуі






бір жақты

екі жақты







Ілінісетін механикалық жалғастырғыш

үлестіруші (мысалы, тісті)

асинхронды(мысалы, үйкелісті)





Ілінісетін электрлі жалғастырғыш




2.1 кестесінің жалғасы

Атауы

Шарты белгіленуі

Ілінісетін пневматикалық немесе гидравликалық жалғастырғыш




Автоматты жалғастырғыш:

жалпы белгілеуі

озба (еркін жүрісті)

центрден тепкіш үйкелісті

қирауыш элементі бар сақтандырғышты

қирауыш элементі жоқ сақтандырғышты







Тежеуіш (жалпы белгіленуі)




Cыртқы іліністі қырылдақты тісті механизм (бір жақты)




Бөлшектің білікпен қосылуы:

еркін айналу

айналмайтын жылжымалы





кермеулі кілтек көмегімен

бітеу





2.1 кестесінің жалғасы

Атауы

Шарты белгіленуі

Белдікті беріліс, жалпы белгіленуі (белдік түрі көрсетілмеген)




Шынжырлы беріліс, жалпы белгіленуі (шынжыр түрі көрсетілмеген)




Тісті цилиндрлі беріліс:

сыртқы іліністі (тіс түрі көрсетілмеген)



ішкі ілінісетін (тіс түрі көрсетілмеген)





Біліктері қиылысатын конустық тісті беріліс (тіс түрі көрсетілмеген)




Біліктері айқасатын цилиндрлі бұрамдықты тісті беріліс




2.1 кестесінің соңы

Атауы

Шарты белгіленуі

Төрткілдешті тісті беріліс (тіс түрі көрсетілмеген)




Қозғалысты беретін, бұрама

Домалау бұрама-сомыны

Сырғанау бұрама-сомыны:

ажырамайтын сомын



ажыралатын сомын





Жетектен білдектің жұмыс мәріміне қозғалысты жеткізу арасында механикалық беріліс кең тараған (1-сурет).

Жетекші элементтен жетектегі элементке қозғалысты беру әдісіне қарай механикалық берілістер келесі түрлерге бөлінеді: тікелей түйісетін ілінісетін берілістер (тісті —1 сурет, а; бұрамдықты — 1 сурет, б; қырылдақты; жұдырықшалы) немесе иілгішті байланыспен (шынжырлы); тікелей жанасатын үйкелісетін байланыстар (фрикциондық) немесе иілгішті байланыспен (белдікті — 1 сурет, в).

Барлық механикалық айналмалы қозғалыстарының беріліс түрлерін сипаттайтын, негізгі кинематикалық параметр – беріліс саны болып табылады. Беріліс саны – тісті беріліс үшін, үлкен доңғалақтың тістер санының кіші доңғалақтың тістер санына қатынасы, бұрамдықты беріліс үшін доңғалақтың тістер санының бұрамдықтың кірмесі санының қатынасы, шынжырлы беріліс үшін үлкен жұлдызшаның тістер санының кіші жұлдызшаның тістер санына қатынасы, белдікті немесе фрикциондық беріліс үшін үлкен диаметрлі шкифтің немесе аунақтың кіші диаметрге қатынасы. Беріліс саны айналу жиілігінің өзгеруімен сипатталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет