2.3 Басты қозғалыстың және беріліс қозғалысының берілісі
Жетекдеп – білдектердің атқарушы мүшелерін белгіленген дәлдікпен және жылдамдықпен қозғалысқа келтіретін қозғалыс көзі бар механизмдер кешенін айтамыз.
Метал кескіш білдектер жеке жетекпен қамтамасыз етіледі, көптеген білдектерде басты қозғалыс беріліс қозғалысы, қосалқы қозғалыстар бөлек қозғалыс көзін – электр қозғалыстар мен гидравликалық құрылғы қолданылады. Жылдамдықтың өзгеруі сатылы және сатысыз болуы мүмкін.
Метал кескіш білдектердің жетегі негізінде тұрақты және айнымалы тоқта жұмыс істейтін электр қозғалтқыштар пневмо және гидро қозғалтқыштарда қолданылады.
Электр қозғалтқыштар – білдектердің жетегі ретінде ең кең тараған түрі. Біліктің айналу жиілігінің сатысыз реттеуін қажет етпейтін кезде, айнымалы тоқты асинхронды қозғалтқышы пайдаланылады. Айналу жиілігінің сатысыз реттеуі үшін әсіресе беріліс механизмдерінде тиристірлі реттегіші бар тұрақты тоқта жұмыс істейтін электро қозғалтқышы қолданылады.
Электро қозғалтқышты жетек ретінде қолдануы кезіндегі ерекшеліктер: жоғары айналу жылдамдығы, автоматты және қашықтан басқару мүмкіндігі, сонымен қатар оның жұмысы қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес.
Қозғалтқыштан білдектің жұмыс мүшелеріне қозғалысты беру үшін механикалық берілістер кеңінен қолданылады. Қозғалысты жетекші элементтен, жетектегі элементке дейін қозғалысты беру тәсіліне қарай механикалық берілістер келесідей бөлінеді:
тікелей жанасатын үйкелісті беріліс (фрикциондық) немесе иілгішті байланыс (белдікті беріліс)
іліністі тікелей түйісетін (тісті, бұрамдық, шаппа, жұдырықшалы) немесе иілгіштік байланыс (шынжырлы)
иілгіштік байланысы бар үйкелісті белдікті қозғалысқа беріліс жатады.( сурет 2.14- сурет). Бұл берілісте А жетекші тегершік және жетектегі Б білігі белгілі Т тарту күшпен белдік қамтиды. Берілісті күшейту үшін, белдік пен тегершіктің арасында үйкеліс күшінің пайда болуын тартылыс күші қамтамасыз етеді. Тартылысты біліктерінің арасын жылжытып реттейді немесе арнайы тарту құрылғысы қолданылады.Белдіктерді былғарыдан резеңкеленген маталардан, пластмассалардан дайындайды. Олар әр түрлі қима пішінді болады. Жазық қималы белдіктер жоғары жылдамдықты берілістерде қолданылады. (50 м/с жоғары).Үлкен қуаттар бірнеше саналы белдіктермен ( сурет 2.14,в) немесе көпсыналы белдікпен( сурет 2.14, г) беріледі.Дөңгелек қималы белдікті үлкен емес күштерді беру үшін қолданылады.
Көпсыналы белдіктер үйкеліс күшін жоғарылату үшін кеңінен қолданылады.( сурет 2.14, г)
Фрикционды және белдікті берілістерде әрқашан үйкелісетін беттер арасында сырғанау болып тұрады. Сондықтан олар үшін нақты беріліс қатынасы:
ip = i/(1-λ),
мұнда, і – теориялық беріліс қатынасы; λ=0,01...0,02 – сырғанау коэфициенті;Сырғанауды болдырмау үшін тісті белдіктер қолданылады (сурет 2.14, е)
2.14 – сурет. Белдікті беріліс сұлбасы (а) және жазық белдікті беріліс (б), сыналы белдікті (в), көпсыналы белдікті (г), дөңгелек белдікті (д), тісті белдікті (е).
1 – тісті белдікті тартатын металды арқан; 2 –пластмассадан немесе резеңкеден жасалған тісті белдіктің негізі; 3 – тегершік; А – жетекші шығыршық; Ох және d1–айналу ортасы және жетекші шығыршықтың диаметрі; Б – жетектегі шығыршық;
О2 және d1 – айналу ортасы және жетектегі шығыршық диаметрі; Т – белдіктің тарту күші; L –жетекші және жетектегі шығыршықтардың айналу орталарының арасындағы арақашықтық.
Шынжырлы берілістер ( 2.15-сурет ) (майлау және салқындату жүйесі үшін), тісті белдікті беріліс сияқты, жетектегі білікке айналу жылдамдығын тұрақты беріледі және үлкен қуатты бере алады.
Тісті берілістер (3.16 – сурет) – ең кең таралған беріліс түрі. Тісті берілістер жоғары тұрақты айналу жылдамдығын қамтамасыз етеді. Ол салыстырмалы шағын габаритті өлшеміне ие бола отырып үлкен қуатты бере алады.
Тісті берілістер – біліктердің арасындағы айналу берілісін ( парллельдік, қиылысатын ) және үдемелі айналу қозғалысын түрлендіре қолданады (немесе керісінше). Кинематикалық жұп жасайтын тісті дөңгелектердің өзара ілінісі нәтижесінде бір біліктен келесі білікке қозғалыс береді. Метал кескіш білдекте шеңбердің тісті қорабы кең таралған жетектің басты қозғалатын берілісі – жылдамдық қорабымен беріліс қорабы деп аталады.
2.16 – сурет. Айналмалы қозғалыстағы білдектердің түрлері:
а және б – түзутісті цилиндрлі сыртқы беріліс пен ішкі ілінісі; в – сыртқы іліністегі қисық тістің цилиндрлі берілісі; г – түзутісті конусты беріліс; д – шевронды дөңгелек; е – бұрамалы беріліс.
Берілген сипаттамаларға сәйкес келетін беріс қораптарын алу үшін оларды бір уақытта бірнеше жоғарыда айтылған механизмдерді қолдана отырып жобалайды.
Нортоновтық қораптарын бұрамакескіш білдектердің беріс жетегінде қолданады. Ол берілген беріліс қатынасын дәл алуға мүкіндік береді i`.
2.18 – сурет. Кинематикалық сұлба (а) және ауыспалы тісті дөңгелекті гитара құрылымы (б және в):1 – кулиса; 3 – бұрама; K>L,M,N – тістегершіктер
Осы типті қораптардың артықшылықтары – тісті дөңгелектер саны аз (дөңгелек саны – беріліс саны екіге артық), кемшіліктері – қатаңдығы мен қосылған дөңгелектердің жанасу дәлдігі төмен.
Ауызтопты ауыспалы дөңгелекті беріс қораптары (2.18 – сурет). Олар берісті кез келген дәлдік дәрежесінде реттеуге мүмкіндік береді. Ауыспалы дөңгелекті гитаралардың ерекшеліктері олардың әр түрлі типті білдектерде қолдануын қолайлы етеді. Әсіресе сериялы және жаппай өндіріс білдектерінде. Мұндай білдектер ауыспалы дөңгелектер жиынтығымен жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |