i=n1/n2,
мұндағы n1және n2 — I жетекші және II жетектегі біліктердің айналу жиілігі, мин-1 немесе с-1 (1-сурет, а, б және в).
Тісті және шынжырлы берілістер үшін
i = z2/z1,
мұндағы z2 — үлкен тісті доңғалақтың немесе жұлдызшаның тістер саны; z1— кіші тісті доңғалақтың немесе жұлдызшаның тістер саны. Бұрамдықты беріліс үшін
i = z/K,
мұндағы z — бұрамдықты доңғалақтың тістер саны; К — бұрамдықтың кірмесі саны.
Белдікті беріліс үшін
i=d2/d1,
мұндағы d2 — берілістегі жетектегі (үлкен) шкифтің диаметрі, мм; d1 — берілістегі жетекші (кіші) шкифтің диаметрі, мм.
Айналмалы қозғалысты ілгермелі қозғалысқа түрлендіру үшін төрткілдешті (1сурет, г) немесе бұрамалық (1сурет, д) берілісті қолданады. Бірінші жағдайда айналмалы қозғалыстың осі және ілгермелі қозғалыстың бағыты бір-біріне перпендикуляр, ал екінші жағдайда — бір-біріне параллель.
Айналмалы қозғалысты ілгермелі қозғалысқа түрлендіретін берілістер, бір айналым кезінде қозғалатын элемент қаншалықты ілгермелі орын ауыстыру арақашықтығымен сипатталады.
1-Сурет. Білдектегі берілістер:
а — тісті: I — жетекші білік; z1 — тістегеріштің тістер саны; n1— жетекші біліктің айналу жиілігі; II — жетектегі білік; z2— доңғалақтың тістер саны; n2— жетектегі біліктің айналу жиілігі; б — бұрамдықты: n1және к — айналу жиілігі және бұрамдықтың кірмесі саны; n 2және z — доңғалақтың айналу жиілігі және тістер саны; в — белдікті: n1және d1 — жетекші аунақшаның айналу жиілігі және оның диаметрі; n2и d2— жетектегі аунақшаның айналу жиілігі және оның диаметрі; г — бұрандалы: р — бұрама қадмаы; l — сомынның қозғалу бағыты; д — төрткілдешті: l— төрткілдештің қозғалу бағыты; t— төрткілдеш тісінің қадамы; z — доңғалақтың тістер саны; n — доңғалақтың айналу бағыты
Төрткілдешті берілісте тісті доңғалақтың бір айналысы кезенінде төрткілдештің жылжуы
l= πmz,
мұндағы z — доңғалақтың тістер саны; m — ілінісу модулі.
Бұрама-сомын жұбы барлық білдектердің механикалық берілістерінде қолданылады. Бұраманы бір айналымға бұрған кезде сомын (бұранда бағытына қарай) бір қадам оңға немесе солға жылжыйды. Кей жағдайда сомын қозғалмай, бұрама айналып қозғалатын құрылымдарда қолданады. Бұрама-сомын берілісі үшін ілгермелі қозғалатын элементінің жылжуы
l = рк,
мұндағы р — бұрама қадамы, мм;к — бұрама кірмесі саны.
Айналу қозғалысы басты болатын білдектер үшін, айналдырықтың айналу жиілігінің шекті мәні nminжәне nmax , dmax -нен dmin –ге дейінгі диаметр ауқымында болатын дайындаманы өңдеуге мүмкіндік береді.
Айналдырықтың айналу жиілігін реттеу ауқымы білдектің пайдалану мүмкіндігімен сипатталады және айналдырықтың үлкен айналу жиілігінің кіші айналу жиілігінің қатынасымен анықталады:
D = nmax/nmin.
Айналу жиілігінің nmin -нен nmax –ге дейін мәні қатар құрады.Білдектер
жасауда геометриялық қатар қолданылады,оның ішінде аралас n мәніφ рет қатардан ажыратылады (φ — бөлгіш қатары: n1/n2 = n2/n3= n3/n4 =...= nφ-i/nj =φ).Бөлгіштің келесі мәні қалыпты түрге келтіріліп қабылданған φ: 1,06; 1,12; 1,26; 1,41; 1,58; 1,78; 2,00. Бұл φ мәні айналдырықтың айналу жиілігінің кестелік қатар негізіне салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |