1.3. Білдек өнімділігі және сенімділігі
Білдек өнімділігі бірлік уақытында жасалатын бөлшек санымен сипатталады. Қолмен басқарылатын әмбебап жабдық үшін өнімділік Q, дана/сағ, келесі формуламен анықталады
Q = 3600/tк,
мұндағы tK— өңдеудің калькуляциялық уақыты, с; tK = tшт+ tп.з/n;
tшт — даналық уақыт, с; tшт= tQ+ tB + tT.0+ t0.0+tотд;
t0— негізгіт технологиялықуақыт, с;
tB— қосалқы уақыт, с;
tT.0және tQ.0 — бір бөлшек жасау үшін кететін, техникалық қызмет көрсету және ұйымдастырушылық қызмет көрсету уақыты, с;
tотд — жұмысшының демалу уақыты( бір бөлшек жасау үшін), с;
tп.з — дайындау-қортындылау уақыты, с;
n— партиядағы дайындама саны, дана.
Білдек сенімділігі — белгілі бір мерзім аралығында берілген өнімділікпен жарамды өнімді шығару қабілеттілігі. Білдек сенімділігі тоқыраусыздығымен, жөндеу жарамдылығымен және ұзақ тұрақтылығымен сипатталады.
Білдек тоқыраусыздығы — белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз жұмыс қабілеттілігін сақтау қасиеті. Білдек тоқыраусыздығының бұзулуы өнім шығаруының тоқтатуына әкеліп соғады, егер білдек жұмыс істеуін тоқтатпаса, онда жасалған өнім ақаулы болып табылады.
Білдектің тоқыраусыздығын қалпына келтіру узақтығына, оның бос тұру уақыты кіреді. Білдекті қалпына келтірудің орташа ұзақтығы неғұрлым аз болса, соғұрлым оның жөндеу жарамдылығы жоғары болады.
Білдекұзақ тұрақтылығы— жұмыс қабілеттілігін сақтау қасиеті. Білдекұзақ тұрақтылығы негізінен қозғалмалы қосылыстардың тозуынан, білдек элементтерінің материалдарының қажу және ескіруіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |