Біле берген — білімді



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі30,34 Kb.
#133306
1   2   3   4
Тапсырма:
1. Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы айнадай жалтыраған кең жайқын. Синтаксистік талдау жаса.
2. Етістіктерді теріп жазып, шақ,рай түрлеріне талда.

Көктем
Көктем… Көз жетер жер тұп-тұтас көкшіл тартқан, бусанған, торғын түсті жұқа шымылдық ішінен көлеңдеп көрінгендей, рең тапқан. Аспан айрықша биіктеп, алып шатырдай күмбездене керіліп тұр. Үлбіреген көк жібек шатыр секілді, әдеттен тыс таза, мөлдір. Ақ қайыңдар іргесін қуалап бұраң қаққан бұлақтар да таза. Тастан- тасқа секіріп, әлдебір шыны сауыттан басқа бір шыны сауытқа құйылғандай шылдырай төгіліп, сыңғырлап әдемі ағады.
Тау жақ тіпті сұлу. Қолмен шанышқандай түп-түзу, тіп-тік көк бұйра шынарлар қар жамылған шыңдарға қарай, ентелеп, өрмелеп барады.
Көшедегі ағаштар тегіс жапырақ жамыла қоймағанымен, қою ағаш арасы алуан үнге толы. Жер бетінде әр түрлі дауысты әнші құстар көп-ақ екен. Оны да Жанар жаңа білді, бүгін, дәл қазір сезді. (120 сөз.)
Тапсырма:
1. Етістіктің рай түрлеріне қарай талда.
2. Қос сөздерді түрлеріне қарай ажырат.
3. «Көз жетер жер» тіркесіне лексикалық талдау.

Дала
Дала шіркін, кеңпейіл, аңқылдаған мырза жігіттей бүкпесі жоқ, ашық-жарқын –ау ! Айнала тып – тыныш,тосын дыбыс құлаққа шалынбайды. Далада не шу болсын. Ұшқан құстың шырылы, жазық төсін еркін аралаған ерке желдің сусылы, ақ селеу, көде, ақ шидің әлсіз сыбдыры шу болып па!
Ақ дала сұлық түсіп, монтиып, бұйығып жатыр. Бірақ осының бәрі бір қарауға ғана. Шырқау биікте шаншылып қыран жүр. Оның кең дүниені шолуы тегін емес. Даланың иесіз, тыныш жатуы алдамшы нәрсе. Тып – тыныш мүлгіп жатқан алуан өмірде, алып дүниеде қаптаған тіршілік бар. Қыранның қалықтауы тегін болмағаны ғой.
Дала сыртынан тыныш көрінгенімен, жайбарақат жатқан дүние жоқ. Қыран көзінен дала төсінде қыбырлаған қалт кетпейді. Әне, биіктен төмен қарай тастай құлдырап, шүйіле жөнеледі. Ендеше даланың тыныш жатқаны бекер болды ғой.
(121 сөз.)


Тапсырма:
1.Қыран көзінен дала төсінде қыбырлаған қалт кетпейді. – сөйлеміне синтаксистік талдау жаса.
2. Мәтіннен қатынас түрлеріне мысалдар келтір.


Аққу
Аққу — өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген.
Аққу әнші құстардың қатарына жатпайды.
Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы — естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді.Реклама
Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі — бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар — табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (120 сөз)


Тапсырма:
1.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлеріне мәтіннен мысал келтір.талдау жасаңдар.
2.Неліктен аққуды аулауға тыйым салынған? Өз ойыңды білдір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет