Күз Күзгі салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай ауылы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді. Өзеннің жағалары қавлың биік тал, кей жерлерінде биік ұшқат, қараған, тобылғы. Өзеннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктің сары ала алтынданып әбден піскен кезі. Талдардың жапырақтары сап-сары ала алтын түстеніп ақырын сыбдырлап желбірейді.
Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршектері қызарып, құндақтары тұқым шашқан . Тікендердің жазғы ақ гүлдерінің орындарына қып-қызыл моншақтай, сабақтаған қызыл моншақ түймелердей болып итмұрындар самсаған. Қызыл тобылғылардың жасыл жапырақтары алтындай сарыланып құйылған. Өзеннің және қара сулардың жағаларындағы селдіреген қамыстардың шашақтары үлбіреп, жел соқса, ақырын ырғала желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған. (114 сөз)
Тапсырма: 1. Салыстырмалы, күшейтпелі шырайды сызыңыздар.
2. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
3. «Табиғатты аялайық» тақырыбына ойтолғау.
Теңіз үстінде Тымырсық ауа мен ауыр ескек Андрейканы әбден қалжыратты. Енді ол мүлде тынышсыздана бастады . Жаңа ғана мөлдіреп жатқан аспан әлемінде енді ағыл-тегіл бұлттар көше бастады .Олар бір жағынын жарқырай көрінеді, екінші жағынан қараңғылық жайып, түнеріп көрінеді. Андрейканы асықтырып отырған қартенді ескекті өз қолына алды, ауыр жүк тиелген үлкен қайық жақын жағаға қарай жөнелді. Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының астынан шекпенін алып киді. Белін мықтап буып алды, сонан соң қайықтың арт жағына отырды. Ескекті қайықтың қасына салбыратып жіберді де, рульді ұстады. Теңіз бетін судың мөп-мөлдір түсімен араласқан майлы толқын қаптады, оларды үстінен жөңкіле көшкен бұлттардың көлеңкесі сипай өтіп жатыр. Кенет сол көлеңке қап-қара болды да, көз жеткісіз кеңістікті түгел басып кетті. (115 сөз.)
Тапсырма: 1. «Орындығының» сөзіне морфологиялық талдау.
2. Зат есім, сын есімдерді көрсетіңдер.
3. Теңіз туралы не білесіңдер?