Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі «Өнер алды — қызыл тіл»



бет3/5
Дата30.04.2022
өлшемі44,71 Kb.
#32961
1   2   3   4   5
Байланысты:
билер шешендиги

Шешендік өнер — өзінің нақты зерттеу нысанасы, белгіленген теориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пəндердің бірі. Қолданбалы пəндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру, тілді əлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жеткізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тəрбиелеу мақсаттарын қояды.

Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес, оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы, дұрыс ойын жеткізе алу десек, айтылған шарттар практиканы қажет етеді.

Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, мəмлегерлері, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. Əр қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасатыны сияқты ойлау, сөйлеу мəдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болғаны даусыз [2].

Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика дейді. Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген, олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айырықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы көне Грекиядан басталады. Шешендер тек шешендік өнерлермен ғана танылып қоймай, əрі би, əрі қолбасшы, əрі батыр, əрі жырау, əрі философ бола білген.

Қазақ би-шешендері сөз өнерін барлық өнерден жоғары қойып, «Өнер алды — қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, хас шешендер сөз табар», «Тілі мірдің оғындай» сияқты көптеген қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді, сөз оралымдарымен тұрақты теңеулерді тілдік қолданысқа кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа шешендік өнердің мол асыл мұрасын қалдырды [3; 25].

Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, «би шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мəні, атқаратын қызметі ерекше болған.

«Би» атанған адам қандай болуы шарт? Би сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам болған; би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет.

Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны əр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің құнды ойлары тегіннен тегін айтыла салмаған, орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-топтарды, тіпті отбасы, ошақ қасын да қамтыған. Онда тез арада шешімін табуы тиіс мəселелер дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.

Қазақтың би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу мəдениетін игеруге қалыптастырды [3; 26]. Шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарды бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған.

Би — дау-жанжалға билік айтушы білікті адам. Би халықтың əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін жақсы білумен бірге сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланып, ел ішінде белгілі жан болған.

Билер билік шығару, ол биліктердің орындалу əдістерін белгілеуде тең құқықтарын пайдаланған. Олар кіші, орта жəне ішкі орда хандарының кеңес құрамына кіріп, хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Ел ішінде «Билер соты» деген Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін болды.

Қазақтың тұңғыш биі атанған Майқы би — ұлттық, шешендік өнеріміздің атасы. Халқымыздың аңыз-əңгімелері бойынша, Майқы əділ бітім айтып, шешім шығарған парасатты, ақылды би болған. Майқы халқына адал болып, оның бейбіт өмірін жақтаған адам. «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы Майқы би» деген халық даналығы осыдан шыққан. Семей жеріндегі Шыңғыстауда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда Майқы би батасын берген:

 Тұлпардан тұлпар туады,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет