Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі «Өнер алды — қызыл тіл»



бет5/5
Дата30.04.2022
өлшемі44,71 Kb.
#32961
1   2   3   4   5
Байланысты:
билер шешендиги

Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз,Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, — деп билік айтады. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

 — Үй баласы ма деп едім,



Ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол! —

 деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші, бүтінші болған батыл елші, парасатты мəмлегер ретінде мəлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (он төрт жасында делінеді) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтəжіге барып, батылдығымен əрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап əкеткен адамдарын, айдап əкеткен малдарын қайырып алып қайтады. Осы жолы Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген құрметті атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уəлиханов та естіген. Ол «ХVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» дейтін мақаласында былай дейді: «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз?» деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып алған Қаракесек Қазыбек жəне тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісəлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған».

Қазыбек биге бір адам: «Кім жақын, не қымбат?» деген сұраққа жауап беріңізші», — деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:

 Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты боса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын — қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың — шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бəрінен де əйелің жақын.

* * *


Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт берекең — атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың — əкең қымбат.

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

 Артына аталы сөзі қалаған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі — Əйтеке.

Шоқан Уəлиханов белгілі билердің бірі ретінде Əйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды.

Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған жəне туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тəуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Əйтеке болған. Сайып келгенде, Əйтеке шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

Əйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мəлім. Бір аңызда Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек ертеректе өлген бір кісінің құнын даулап Кіші жүзге келеді, дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған бір жігіт:

 Асқар тау, сенде бір мін бар — асу бермейсің,



Тасқын су, сенде бір мін бар — өткел бермейсің.

Билер, сендерде бір мін бар — басқаға сөз бермейсің! — деп тұрып кетеді.

  • Шақыршы анау қара жігітті, — дейді Қазыбек. Жігітті шақырып келген соң:

  • Шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім? — дейді билер:

 Əкемді сұрасаңыз — жетесіз, Шешемді сұрасаңыз — некесіз. Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап нетесіз? — дейді жігіт.

 Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып осы дауға өзің ие бола ғой! —дейді Төле би. Сонда қара жігіт түрегеп тұрып:



- Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сізден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар, ағалық назаларыңа қалармын. Ердің құны жүз қара қой. Кіші жүз санын жүзге толтырып тайынша-торпақ берсін, соған разы болыңдар! — дейді.

Екі жағы да осы төрелікке тоқтап, разыласып тарайды. Бұл — Əйтекенің жас жігіт шағында айтқан бір төрелігі екен.

Енді бір аңызда аулына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Əйтеке баладан: «Жігіттің жақсысы қандай болады?» — деп сұрапты. 

- Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, — дейді Əйтеке.

Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің бір жігітімен қашып кетеді. Соған байланысты Ұлы жүз жағының жігіттері Орта жүз ауылдарынан барымталап жылқы айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен Орта жүздің биі Қазыбек айтысады:

 Аға болып алдымен туасың,

Алдымнан жылқымды неге қуасың? — дейді Қаз дауысты Қазыбек би.

 Артымнан ерген еркемсің,



Ағаңның көзі тірісінде

Жеңгеңді неге ертесің? — дейді Төле би ашуланып. Сонда екі жағының да сөзін тыңдап отырған Əйтеке би былай депті:

Сабыр етіңдер, билер!

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

 Ашу деген ағын су,



Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пəлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле, сен жылқыны қайыр,

Қазыбек, сен жесірін қайыр!

 Əйтекенің төрелігін екі жағы да қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын біріне-бірі қайтарып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.

Жер дауына байланысты Орта жүзде Орманбет биге айтқан бір сөзінде Əйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін», — деген.

 Суалмайтын суат жоқ,



Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фəни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бəрінен қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ... — деп, Əйтеке атынан айтылатын нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген-түйгені мол өз заманының ақылгөйі екенін аңғартады. Қазақ би-шешендерінің елді басқарушылығы, қазылық-төрешілік, батагөйлігі, халықтарды біріктіруші-бітімгершілігі, тағы басқа сан салалы əлеуметтік қызметі арқылы сөз өнерінің мемлекеттік қолданысы қалыптасқан. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеде қолданылуының Қазақ хандығы дəуіріндегі нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-құқықтық мəртебеде қолданылуымен, əсіресе Əз-Тəуке ханның тұсындағы би- шешендерге мемлекеттік билік берген тұста айрықша нығайды.

Би-шешендердің сөздері — халықтық тəлім-тəрбие құралы. Қазақ халқының отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-туыстармен, көпшілікпен қарым- қатынас жасау мəдениетінің адамгершілік асыл қасиеттер аясында қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі қыздарды, жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас ағайынды, қандас халықтарды, бүкіл адамзатты — бəрін де құрметтеу мəселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған.

 

Əдебиеттер тізімі



  1. Балақаев М.Б. Қазақ əдеби тілі. — Алматы: ДАЙК ПРЕСС, 2007. — 289-б.

  2. Адамбаев Б. Қазақ шешендері. — Алматы: Білім, 2008. — 7-б.

  3. Смағұлова Г., Күркебаев К., Жұмағұлова Ə. Шешендік сөздердің дискурсы. — Алматы: Арыс,

  4. Кəкішев Т. Билер сөзі. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 11-б.

  5. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. — Алматы: Білім, 2003. — 55-б.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет