Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қаз



бет44/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми-техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қорыштап дамыды. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отырып отыруды қажет етеді.Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, Жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі. Осылардың әрқайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа иедялармен толысуы керек.Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда таңдаған жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ешінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.Демек теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау - аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі.Деректер теориялық көзқарарсты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтиже береді.
Мұғалім және оның қоғамдағы мақсаты. Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар.
Ұстаз – ұлағатты есім. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген өнегелі сөз бар. Ұстаз — әр адамның бойына ерекше жылулық беретін аяулы тұлға. Ұстаздық ету — тағылымы терең өнер, қажырлы еңбек. Нағыз ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек қажет. Осы қасиеттерді бойына сіңірген адам ғана шынайы ұстаз бола алады. «Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да — ұстаз. Себебі, саналы шәкірт өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазын ардақтап өтеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл мамандық иелерінің адал еңбегі өлшеусіз.
«Ұстаз болу — өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеп, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Бүгінгі таңда ұстаз беделі асқақатап тұр десек, артық айтқандық емес. Жаңа бағдарлама енгізіліп, ұстаздар өз білім-білік деңгейлерін арнайы тестілеу арқылы дамытып, жетілдіріп келеді. Өйткені, ұстаз — болашақты тәрбиелеп отырған жауапты тұлға.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Бүгінгі күннің ұстазы жан-жақты, креативті, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, ізденімпаз болуы тиіс. Мұғалім ҚР Заңдарын ұстаз мәртебесі туралы, бала құқықтары заңдарын біліп қана қоймай өз пәнінің жетік маманы болу керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет