Билет №1 (Қазақстан тарихы)


Билет №1 (Ежелгі дүние тарихы)



бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі27,94 Kb.
#69620
1   2
Байланысты:
все билеты

Билет №1 (Ежелгі дүние тарихы)
1) Антикалық Грецияның полистік кезеңінің тарихы, дорий жаулап алушылығының нәтижесінде б.з.д 12-11 ғғ микен мемлекеттілігінің жойылуынан кейін пайда болып, б.з.д 4 ғ. соңғы ширегіне дейін өмір сүрді. Ежелгі грек қоғамының дамуындағы бұл кезеңнің маңызына- әлем тарихындағы ерекше әлеуметтік-экономикалық, саяси және мемлекеттік құрылым - ежелгі грек полисінің қалыптасуы жатады.
2) Тибр өзенінің солтүстік-батысын мекендеген этрускілер
италий тайпаларының арасында маңызды рөл атқарды.
Құлиеленушілік қатынастар б.д.д. VІ ғасырдың өзінде жоғарғы
деңгейге жетті. Лаций, Рим қаласын, Италияның орталық аудандарын өзіне бағындырып, этрускілер оңтүстікке қарай жылжыды. Оңтүстік Италияның гректері олардың кері шегіндірді.
Б.д.д. ІІІ ғасырдың бірінші жартысында этрускілер римдіктерді
бағындырып, романданды. Римдіктер этрускілердің қолөнер,
құрылыс техникасы, қала салу, көркемөнер мәдениеті, идеология
саласындағы жетістіктерін қабылдады.
Сервий Тулий реформалары Рим қоғамының дамуына кедергі
болып отырған рулық қатынастарға соққы берді. Мемлекеттік
құрылымның негізі территориялық және мүліктік жіктеліс
бойынша іске асты. Біртіндеп құлиеленуші Рим мемлекетінің
мемлекеттік құрылымы қалыптасты, кейін Рим Италияда ғана
емес, Жерорта теңізінде де үстемдікке ие болды.
3) Б.д.д. шамамен 1240-1230 жылдары
болған Троя соғысы Гомердің «Илиада» және «Одиссея» атты
эпикалық шығармаларында көрініс алған. Бұл оқиға Микендік
Греция тарихының кейінгі кезеңін сипаттайтын ахейліктердің
жаулап алушылық қозғалысының бір көрінісі ғана.
Билет №8 (Ежелгі дүние тарихы)
1) Тирания – саяси түсінік ретінде ежелгі гректерде пайда болды. Қоғам өзінің әлеуметтік, саяси, экономикалық тұрақтылығын
жоғалтқан кезде тираниялық тәртіптер пайда болды. Архаикалық дәуірдің тираниясы ерте тирания деп аталады. Осы кезеңде қолөнердің біртіндеп саудамен бірлесу үрдісі
басталды. Архаика дәуірінде сауда – ең құрметті кәсіп болды.
Бұрынғы қоғам қойнауында пайда болған ақсүйектер тобының ең
сүйікті ісі сауда операцияларымен байланысты болды. Қолөнер
саласындағы нақ осы ақсүйектер тобының өкілдері біртіндеп осы
саланы өз бақылауында ұстап, құл еңбегін пайдалануға көшті.
Құл еңбегі – байлықтың жаңа формасы бола отырып, уақыт өте
келе үлкен рөлге ие болды. Бірақ архаикалық дәуірдің алғашқы
кезеңінде сол кездегі үстем топтардың жері мен байлығынан айрылып, борышкерліктің шыңырауына түскен туыстары құлдарға
айналды. Бұның басты себебі, қолөнер өнеркәсібінің күн санап
құлдардың көп болуын қажетсінді. Сондықтан күшейе түскен
аграрлық дағдарыстың салдарынан шаруалардың айтарлықтай
бөлігі жерсізденіп, қайыршыланса, ақсүйектердің бір бөлігі
борышкерлік қанауға түсті. Осындай тұрақсыздық жағдайға жауап
ретінде тирандық тәртіп пайда болды.
2) Югурта соғысы- Ежелгі Рим мен Нумидия патшасы Югурта арасындағы қарулы қақтығыс б. з. д. 112-105 жылдар аралығында болды. Гай Марий Рим армиясын қайта құрды, Югурта соғысын жеңісті аяқтады (б.з. д. 105 ж.), екі шайқаста Италияға басып кіруге тырысқан герман тайпаларын талқандады. Нәтижесінде, біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдың соңғы жылдарында Марий Римдегі ең қуатты адам болды.
3) •Солон реформалары- Солон 400 адамнан тұратын даңа кеңесті құрды. Онда ел ішіндегі мәселе алдын ала қаралып, дайындалып, жиналыста талқыланды. Халыққа демос билігіне араласуға мүмкіндік берілді. Б.з.б 594 жылы Солон арғы ата-бабалары Аттикада тұрған ер адамдарды Афины азаматтары деп жариялады. Сырттан келгендерге азаматтық берілмеді, олар Афиныда тұрып жатқаны үшін салық төледі, қызметтер атқара алмады.
•Клисфен реформалары- Клисфен Аттиканы 10 облысқа бөлді, олардың ішіндегі 50 адам Кеңеске сайланды. 400-дер кеңесі енді 500-дер кеңесі болды. 500-дер кеңесі жұмыстарды басқарумен де айналысты. Жауапты адамдардан Халық соты құралды, ол ең жоғарғы сот саналып, жергілікті сот шешімдерін қайта қарастырып, әділ шешім қабылдаған.

2 билет (Қ.тарих)


1)Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын адамдар Қазақстан аумағын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары казіргіден күрт өзгеше еді. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т.б. болды. Бүкіл тас дәуірі бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Кейін келе мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бүл жерде адамдардың ісәрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады. Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді. Белгілі ғалым X. Алпысбаев біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп көрсетеді: Сарыарка мен Қаратау жотасы (Бөріказған, Тәңірқазған, Қазанғап және т.б.). Еуразиянын кенбайтак кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймак пен далаларда кейінгі 35 жыл iшінде тас ғасырынын көптеген тұрактары табылып зертелді. Еуразиянын куаншылык аймағы бетінің құрылысында асқар биік таулар мен кыраттардан бастап ойпат далага дейіп мейлінше алуан турлі жер бедері бар.Осы қолайлы жерінен ең алағаш адамдардың Қазақстан жеріне көшуде оның табиғаты мен жануар түрін өзгертті мысалы муссондар циклондардың қазақстан жерінде қалыптасуы оның кейбір ылғалды жерлерін шөлге айналдаруға себепші. Тұран мен Каспий маңы ойпаттардың және Үстірт қыратында палеолиттен неолитке дейінгі үздіксіз өзгеріуде қазақстандағы фауна мен флораны әр кезеңде ерекшеледі. Жалпы тас дәуіріндегі Қазақстан жануар дүниесі: бірнші палеолит кезендерінде үлкен аңдар болды(мамонт,жабайы бұқалар,мұйізтұмсық т.б) ал мұз дәуірінен кейін ұсақ аңдар басым болды (қасқыр,қоян,қой және т.б) . Ал табиғат дүниесі үздіксіз өзгерді сол үшін көбнесе кең байтақ далалар, таулы қыраттардан,шөлейттерден тұрды.
2) Уәлиханов атындағы тұрақ - палеолит тұрағының ескерткіші. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында Арыстанды өзенінiң оң жағалауында орналасқан. 1958 ж. Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1959–62 ж. қазба жұмыстарын жүргiзген. 1983–84 ж. археолог Ж.Таймағанбетов қазба жұмыстарын жалғастырған. 2001–02 ж. Қазақстан-Ресейлік бiрiккен археологиялық экспедиция (жетекшілері А.П.Деревянко, Таймағанбетов), 2003–05 ж. Қазақстанның тас ғасырын зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедиция (жетекшісі Таймағанбетов) кең көлемде қазба жұмыстарын жүргiзiп, тың мағлұматтар алған. Ескерткiштiң басқа археологиялық нысандардан ерекшелiгi – мұнда 6 мәдени қабат аршылған. Әрбiр мәдени қабат палеолит дәуiрiнде адамдар тұрақты бiрнеше рет мекендегенiн көрсетедi. Қабаттар сары топырақ арқылы бөлiнген. Мәдени қатпарлардың 10 метрге дейiнгi қалыңдығы он мыңдаған жылдар бойы бұл жер алғашқы адамдарының өмiр сүруiне өте қолайлы мекен болғандығын айғақтайды. Тас құралдары шақпақ және халцедоннан
дайындалған. Қазба барысында бiрнеше мың тас бұйымдары (дөңгелк
өзектас, тас жаңқа, үшкіртас, екi жағынан өңделген шапқы құрал, қырғыш,
кескіш, т.б.) аршып алынған. Тұрақты мекендеушiлердiң негiзгi кәсiбi
бизон бұғы жылқы киік аулау және өсімдіктерэ тамырын, жемiсжидектердi теру болған. Мұны тас құралдарымен қоса шыққан осы жабайы жануарлар сүйектерi көрсетiп бердi. Шақпақ тас пен халцедон қорының жақын маңда көп болуы тұрғындарды еңбек құралдарын жасауға қажеттi шикiзатпен қамтамасыз еткен. Тас бұйымдарды өңдеу үшiн сүйектен, мүйiзден жасалған құралдар да пайдаланылған. Қазба жұмыстары кезiнде ошақ орындары да аршылған. Стратиграфиясы сақталған Уәлиханов атындағы тұрақ материалдары тас дәуiрiндегi көптеген мәселелердi шешуде мол мүмкiндiк бердi. Қазақстандағы палеолиттiк ескерткiштердегi материалдардың басым бөлiгi жер бетiнде «ашық» жатады. Мұндай ескерткiштердегi тас бұйымдардың мерзiмiн Уәлиханов атындағы тұрақ материалдарына қарап анықтауға болады. Тұрақты адамдар мустье дәуiрiнен бастап, кейінгі палеолит ақырына дейiн мекен еткен. Уәлиханов атындағы тұрақ – отандық археологияда байырғы адамдардың өмiрiнен, шаруашылығы мен тұрмысынан мол мағлұмат беретiн бiрегей ескерткiш болып табылады.
3)Үсіндер мемлекеті Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу , Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» ыстықкөл мен іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Б.з.д. ІІ – б.з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер. Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды. Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін мемлекеті дегеніміз – үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында
б.з.д. ІІ – ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі.
Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша
аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті
жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық
мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес”.“Үйсін” деген этноним ең
алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама -
Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”, - деп көрсетеді. Ғұндардың
күшеюінен қорыққан қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне
елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде үйсіндер Қытаймен және
ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды.
Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай
деректеріндегі мәліметтерге қарағанда – үйсіндердің 120 мың түтіні, 630
мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы
билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның
бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Әлеуметтік қатынастар
заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан әскері болып, қытайлар үшін
«Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.
Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары – тайпа мен ру
дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара –
малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар да болған,
олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды және үй шаруашылығында
пайдаланылды.һҮйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік,
малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз
таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жазба
деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына
археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандарының
көлемі әртүрлі - үлкен, орташа және шағын болып келеді. Үйсіндердің
шаруашылығы мен мәдениеті жайындағы деректер археологиялық
қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында үйсіндерді
көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жылы үйсін күнбиіне
ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде
тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған.
Үйсіндердің негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы. Әсіресе, жылқы
мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4-5 мың жылқысы
болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір
қожалықтар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас
өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан
табылған мәдени мұралар қолөнер кәсібінің болғандығын да дәлелдейді.
Қарғалы үңгірінен табылған диадема (бас киім) б.з.д. 2 – 1 ғғ. өмір сүрген
үйсіндік зергер-ұстаның тамаша туындысы. Бұл ұзындығы 35 см., ені 5
см. диадемада аңдар, жануарлар, адамдар бейнеленген. Ол суреттер
үйсіндердің наным-сенімдерін білдіреді. Мысалы, ондағы пырақты аттар
күннің символы болып табылады. Үйсін шеберлері алтын әшекей
бұйымдарды зерлеу тәсілімен жасады. Археологиялық қазба жұмыстары
кезінде табылған осындай және басқа да қолөнер заттары мен
бұйымдары үйсін өнерінің жоғары даму деңгейін көрсетеді. Үйсін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет