4.1. Шетелдегі тестілеу жүйесінің дамуы. 4.2. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» – жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (бұданкейін АКТ) пайдалану.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
АКТ – ның негізгімақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан – жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылыққа білетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ – ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.