ДАРЫНДЫБАЛАЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
• Көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
• Өте басым болып келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
• Білімді терең игергеннен, ой еңгенінен қуаныш сезіледі;
• Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзыреттілікке
дайын болуын талап етеді
Билет 7 1.«Әдіс», «Әдіснама » ұғамдарына түсінік. 2. Бағалаудың шығу тарихы
7.1.«Әдіс», «Әдіснама » ұғамдарына түсінік. Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты –өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды. Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғанда әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы –әдіснама да, ал нақтылысы –әдіс термині.
Әдіснама (методология) –жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип –тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді.
Ал әдіс (метод) дегеніз –әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол –әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында –биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты.
Әдіс, белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.
Тәсіл (прием) –ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келеген іс жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалды қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралы қызетін атқарады.
7.2. Бағалаудың шығу тарихы Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі
Бағалау тарихына тоқталатын болсам, 1917 жылға дейін балдық жүйеде бағаланатын, 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылған. Қажет болған жағдайда ауызша, әңгімелесу, сұхбат түрінде жүргізілген. 1932 жылдан бастап жүйелі бағалар принципі іске асырылған, сонымен қатар 1944 жылы оқушы білімін бағалау сөздік бағадан сандық баға жүйесіне ауысқанын айтар едім.
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі