1.Меншік экономикалық, құқықтық және тарихи категория ретінде, оның мазмұны және түрлері. Қазақстанда меншік қатынастарын реттеу.Меншік - өндірістер, ресурстар, өндірілген материалдар және рухани игіліктердің жағдайларын меншіктеу қатынасын білдіреді.Меншік заңды және экономикалық категория болып табылады. «Меншік» термині екі мағынада қолданылады:а) құқық мағынасындағы меншік немесе заң жүзінде, құқық бойынша;ә) экономикалық мағынадағы меншік немесе іс жүзінде, нақты;Меншікті заңды тұрғыдан қарастырғанда ол формальды және нақты құқықпен байланысты. Формальды құқық немесе меншік титулы - ресми, заңды түрде рәсімдеу және меншікті мойындау. Нақты құқық- шаруашылықпен айналысатын субъектілердің өзара іс-әрекеттерімен, барлық шектеулерімен болатын шын мәнінде нақты өмірде бар қатынастарды білдіреді.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:Иемдену - заңға негізделіп, өз шаруашылығында нақты бір мүлікке ие болу мүмкіндігі;Пайдалану - берілген мүлікті заңға негізделіп тұтыну мүмкіндігі; Басқару - заңға негізделіп, мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі. Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншіксубъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Мемлекеттік меншікте меншік субъектісі мемлекет болып табылады. Басқару мен билеуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің ең басты ерекшелігі оның бөлінбестігі.
2.Пайданың экономикалық табиғаты. Пайданың көлемін анықтайтын, факторлары. Бухгалтерлік және экономикалық пайдалар. Пайда нормасы. Жалпы, орташа және шекті түсімдердің арақатынасы әртүрлі нарық модельдерінде әртүрлі болады. Жетілген бәсеке үшін: МR=АТR=Р. Нарықтың басқа модельдерінде бұндай тепе-теңдік орындалмайды, олар үшін МR<АR = Р. Егер жалпы түсімнен өндірістің жалпы шығындарын алып тастаса, онда фирманың меншігінде пайда қалады.Бухгалтерлік пайда - жалпы түсім мен бухгалтерлік шығын арасындағы айырма.Экономикалық пайда (economis profit) дегеніміз жалпы түсім мен экономикалық шығындар, яғни айқын және айқынсыз шығындардың жиынтығы арасындағы айырма:п= ТR-TCмұндағы - экономикалық пайда, TR - жалпы түсім, ТС - жалпы экономикалық шығындар.Пайда нормасы – пайданың авансыланатын капиталға қатынасы. Шаруашылықты жүргізу тиімділігінің‚ кәсіпкердің қолда бар өндіріс ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалана білуінің өлшемі ретінде қолданылады.
Шешуі: Номиналды пайыздық мөлшерлеме = 12%. Нақты % мөлшерлеме = инфляцияны ескере отырып түзетілген номиналды пайыздық мөлшерлеме = 12-14 = -2%. 2% – ға тең нақты пайыздық мөлшерлеме кезінде банкке ақша салу тиімді емес. Егер инфляция деңгейі 10% – ға дейін төмендесе, онда нақты пайыздық мөлшерлеме оң болады: 12-10 = 2 %. Бұл жағдайда ақшаны банкте сақтау тиімді.