Алдын алу шаралары (профилактикасы). Бірінші ретті пневмонияның алдын алу шаралары жалпы гигиеналық шаралардан (еңбек тəртібі, қоректену, шаңмен, газбен, ыстықпен жəне салқын тиюмен күрес, мекен орынды желдету, науқас адамдарды оқшаулау т.б) жəне жеке басының алдын алу шараларынан (еңбек тəртібі, шынығу, шылым шегуді шегеру, инфекция ошақтарын 53 жою) тұрады. Вирустық жəне бактериялы – вирустық пневмониялардың алдын алуда індетке қарсы шараларды (грипке қарсы вакцина егу т.б) мезгілінде орындаудың, респираторлық ауруларды, трахеиттерді, бронхиттерді тиімді емдеудің (науқастың толық жазылып кетуіне дейінгі емдеудің) маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |