Санаторийлық-курорттық ем. Пневмониядан жазылғандарды жылдың жылы кезінде Қырымның оңтүстік жағасының климаттық курорттарына, жылдың əр уақытында жергілікті санаторий-профилакторийларға жібереді.
Еңбекке уақытша қабілетсіздіктің сараптамасы: Аурудың жеңіл дамуында стационарлық ем 15 күнге созылады, жалпы еңбекке жарамсыздық мерзімі 21-22 күнді құрайды.
Аурудың орташа ауыртпалығында стационарлық емнің ұзақтығы 21-22 күнге созылады, жалпы еңбекке жарамсыздық мерзімі – 28 күн шамасында.
Ауру ауыр дамыған жағдайда стационарлық емнің орташа мерзімі 35-50 күн, жалпы еңбекке қабілетсіздік мерзімі 60-65 күн.
МƏСК-на жедел пневмонияның ауыр түрімен ауырған жəне өкпе деструкциясы, плеврит, плевра эмпиемасы, пневмоторакс, ауыр тыныс жəне өкпе-жүрек жетіспеушілігі болған науқастарға жолдама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |