Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер.
Лейкоцитоз > 10 х 109/л жəне/немесе тяқшатəрізді жылжу (> 10%).
Амбулаторлық жағдайдағы емі
Ауруханадан тыс пневмонияның амбулаториялық жағдайдағы антибактериялық емі. Барлық науқасты екі топқа бөледі:
а) жасы 60-қа дейінгі жəне қосымша аурулары жоқ науқастар;
б) жасы 60-тан жоғары жəне қосымша аурулары бар науқастар;
І топта қолданылатын таңдамалы дəрі болып табылады: пенициллиндер (амоксициллин) жəне макролидтер (азитромицин, кларитромицин, роксит-ромицин, спирамицин). Емнің ұзақтығы 7-10 күн.
Альтернативті дəрілерге тетрациклиндер (доксициклин) жəне фторхинолондар (левофлоксацин, моксифлоксацин) жатады. Емнің ұзақтығы 7-10 күн.
ІІ топта таңдамалы препарат болып табылады: пенициллин мен бета-лактамазалардың ингибиторларын қосып беру (амоксиклав) жəне цефолоспориндердің ІІ буыны (цефуроксим) 7- 10 күн беріледі.
Альтернативті препараттарға фторхинолондар (лево-флоксацин, мокси-флоксацин) немесе цефалоспориндердің ІІІ буыны (цефтриаксон) жатады. Емнің ұзақтығы 7-10 күн.
Диспансерлеу. Реконвелесценттер жедел пневмониядан кейін 6 ай бойы бақылауда болады, бұл кезде оларды 2 рет қарап, тексерулер (қанның жалпы клиникалық анализі, флюорография, спирография, қақырық анализі 1жəне 6 айдан кейін) жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |