Билет №1 Көз алмасының құрылысы, жасқа байланысты ерекшеліктері


Тонометрия (көзің ішкі қысымын өлшеу)



бет10/21
Дата08.06.2023
өлшемі484,04 Kb.
#99765
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
ОФТА сессия

Тонометрия (көзің ішкі қысымын өлшеу) – көздің ішкі қысымын өлшеудің диагностикалық әдісі. Бұл тест мүмкін глаукоманы (көру жүйкесін зақымдайтын және көрмеушілікке әкелетін көз ауруының түрі) анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Офтальмоскопия – офтальмоскоптың көмегімен ішкі жақтан көздің алмасын қарауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Офтальмоскопияның әдісінің көмегімен көз торын және оның құрылымын: сары дақ маңайы, көз торының орталық бөлігі, көру жүйкесінің дискісі, көз торының тамырлары, сондай-ақ, тамырлы қабықшасын мұқият қарауға болады.
2. Көздің қасаң қабығының өрлемелі жарасы. Этиологиясы, клиникасы, асқынулары, алдын алу.
3. Орбитаның флегмонасы. Этиологиясы, клиникасы, емі.


Билет №7


1. Бинокулярлық көрудің дамуы үшін қажетті жағдайлар. Көз торының сәйкес нүктелері.
Бинокулярлы көру — диплопияның туындауынсыз екі көзбен затты қарау қасиеті. Бинокулярлы көру 7—15 жаста қалыптасады. Бинокулярлы көру кезінде көру жітілігі монокулярлы көруге қарағанда 40% жоғарырақ. Адам басын қозғалтпай, бір көзбен шамамен 140°, ал екі көзбен шамамен 180° кеңістікті қамти алады. Ең негізгісі — бинокулярлы көру айналадағы заттардың алшақтығын шамалап анықтайды, яғни стереоскопиялық көруді қамтамасыз етеді.
Бинокулярлы көрудің даму шарттары келесідей:

  • екі көздегі көру жітілігі 0,3 төмен болмауы керек;

  • конвергенциямен аккомодацияның сәйкестігі;

  • екі көз алмасының үйлестірілген әрекеті;

  • изейкония — екі көздің тор қабатында қалыптасатын бірдей көлемді кескін (бұл үшін екі көздің рефракциясы 2 дптр артық болмауы керек);

  • фузияның болуы (фузионды рефлекс) — екі тор қабатының сәйкестендірілмелі аймағынан кескінді мидың біріктіру қабілеті.



2. Кератит, жіктелуі, жалпы белгілері, кератиттің нәтижесі.
Қасаң қабық — көз алманың сыртқы қабатының алдыңғы бөлімі болып табылады. Мөлдір, пішіні сфера тәрізді, жоғары сезімталдылық сияқты қасиеттері бар және жасына байланысты анық бір көлемінің болуымен сипатталады.
Қасаң қабықтың аурулары барлық көз патологиясының 25%-ын кұрайды. Аурудан кейін болатын көру жітілігінің тұрақты төмендеуі мен соқырлыққа әкелетін жағдайлар 50%-ын негіздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет