Билет №1 Қозғыш тіндер


Нерв-бұлшықет препаратын дайындау



бет15/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
2 Нерв-бұлшықет препаратын дайындау

Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады.


Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа
Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді. Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшымен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады. Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды. Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады. Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.
Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды. Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады. Ол үшін қайшымен кесіп өтеді. Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады. Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.
Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.
Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады. Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз. Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.
Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет