Билет №1 Қозғыш тіндер


)Көз қарашығының рефлекстері



бет49/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

2)Көз қарашығының рефлекстері.

Көздің қарашық рефлекстері жаңа туған нәрестеде болғанымен, қарашық қимылы өте баяу және екі көзінде бірдей емес, Бұл ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екеуінің толық жетілмеуінен болады. 1 айлық балада қарашықтың қозғалыс мөлшері 0,9 мм, 5 айлығында 1,1мм, 1 жасында 1,4 мм, 2,5 — 6 жасында 1,5 мм, 12 жасында 1,9 мм. Қарашық рефлексі кенеттен болған қатты дыбыстың немесе қорқыныштың әсерінен де байқалады.



Билет №38

1)Функционалды жүйенің жалпы теориясы.

Функционалды жүйе-бұл барлық компоненттері пайдалы бейімделу нәтижелеріне қол жеткізу үшін өзара әрекеттесетін динамикалық, өзін-өзі реттейтін ұйым.Функционалды жүйе мінез-құлықтың физиологиялық,материалдық негіщі ретінде әрекет етеді және жабық жүйе ретінде қызмет етеді.


Физиологиялық жұмыс
Динамикалық жұмыс-динамикалық жұмыс кезінде бұлшықеттің жиырылу процесі жүктің қозғалуына әкеледі.Энергия бұлшықеттердегі кернкуді ұстап тұруға және жұмыстың механикалық әсеріне жұмсалады.
Статикалық жұмыс-бұлшықет кернеуімен сипатталады,соңғысының ұзындығын өзгертпестен, белсенде қозғалыссыз.Статикалық жұмыс кезінде метобализм жоғарылайды,энергия шығыны динамикалық жұмысқа қарағанда аз дәрежеде артады.

2)Дене температурасын дененің түрлі аймақтарынан анықтау.

Дене температурасын өлшеу.


Жұмыс барысы: 
Медициналық термометрді сілкиді және 30 секундқа қолтықасты ойығына орналастырады. Көрсеткішін жазады және қайта сілкиді.
Дәл осы әдіспен көрсеткіші тұрақты болғанға дейін әр -1; -1,5; -2; -2,5 минут сайын тіркеуін жалғастырады.
Термометрді дезинфекциялайды және ауыз қуысының температурасын анықтайды. Термометрдің шетін тілдің астына қойып, ауызды жабады.

Билет №39

1)И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдық жүйесі туралы ілімі.

Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.


Бірінші сигналдық жүйе - жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шаррты тітіркендіргіш - сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді
Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін « сигналдың сигналы » деп атады.
Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінд адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. И.П. Павлов «сигналдың сигналын » қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды.
Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды, сондықтан оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет. Жаңа туған баланы емізгенде, киімін ауыстырғанда, қасына келгенде сүйіспеншілікті көрсетіп, алғашқы күндерінен бастап, сөйлесуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет