Билет №1 Қозғыш тіндер


Дәм талдағышының өткізгіш бөлімі



бет48/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

Дәм талдағышының өткізгіш бөлімі дәм баданасынан шығатын сезгіш жүйке талшықтарынан басталады, афференттік серпіністер тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкесінің құрамында cопақша мидың жалқы будасына келеді. ІІ нейронның аксоны медиалды ілмектің құрамында таламусқа жетеді, онда ІІІ нейрон орналасады, оның аксондары сепіністерді ми қыртысына жеткізеді .
Дәм талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының денесезу аймағында, артқы орталық қатпардың төменгі бөлігінде орналасады. Бұл аймақтың көптеген нейрондары көп сезімді,ияғни олар дәмді сезуден басқа механикалық, температуралық және ноцицептивтік әсерлерге де жауап қайтарады
Адамдарда 2000 дәмдік бүртіктер бар, олардың әрқайсысында 40-60 рецепторлық жасушалар болады.
2) Динамометрия.
Динамометрия - әр түрлі бұлшықет топтарының жиырылу күшін өлшеу әдісі. Динамометрия үшін стационарлық және портативті құрылғылар сондай-ақ диномометр қолданылады. Стационарлық құрылғылар - еденге салынған көтергіш платформалар. Портативті құрылғылар дегеніміз - серуендеу кезінде аяқ киімге бекітілген, кернеулері бар динамометриялық табандар.
Медициналық динамометрлер - күш пен төзімділікті анықтауға арналған мамандандырылған құрылғылар. Динамометрлерден алынған мәліметтерді талдау бұлшықеттердің жалпы жағдайын, өнімділік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.Оңалту кезінде динамометрлер пациенттің операциялардан, жарақаттардан және тірек-қимыл аппараты ауруларынан кейін қалпына келуін басқаруға көмектеседі.

Билет №37


1)Шартты рефлекстердің пайда болу және сипатталу заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы.

Шартты рефлекстер жеке өмір процесінде алынған реакция, іс-әрекеттер болып табылады. Шартты рефлекстерді басқаратын орталықтар мидың ең терең және көне бөліктерінде - жұлын, субкортикалық ядролар мен ми сабақтарында орналасқан. Шартты рефлекстерді реттеу ми қыртысының көмегімен жүзеге асырылады.Шартсыз рефлекстер адамда өмір бойы жүреді, ал шартты рефлекстер пайда болуы немесе жоғалып кетуі мүмкін


1.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке ағзаның тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.
2. Кез келген шартсыз рефлекс, егер орталық жүйке жүйесі тиісті даму дәрежесіне жетсе, белгілі тітіркендіргішті бірінші рет және бір-ақ рет қолданғанның өзінде-ақ пайда болады. Жаңа туған баланың аузына тамақ түссе, шартсыз рефлекторлық жолмен сілекей ағады. Ал шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты, біртіндеп жасалады.
3. Шартсыз рефлекстің дайын рефлекторлық доғасы бар, ал шартты рефлекстер болу үшін шартты байланыс деп аталатын, ми қыртысында жаңа байланыс орнауы қажет. Сөйтіп, бұрын болмаған жаңа рефлекторлық доға тұйықталуы қажет.
4. Шартсыз рефлекс доғасын рецептор, кондуктор (қозу өткізетін – сезгіш, қозғағыш, аралық нейрондар жүйесі) және эффектор құрайды. Ал шартты рефлекстердің доғасының 1-звеносы – анализатор; 2-сі – тұйықтағыш - өзгергіш келеді, анализатор клеткаларын эффекторды жабдықтайтын жүйке клеткаларымен байланыстыратын жүйке жолы; 3-сі – эффектор.
5. Шартты рефлекс - бұл организм өмір бойы үйренетін және рецепторды әсерінен пайда болатын жауап немесе реакция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет